Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Fashion, Enerwood

Vitaplus

Дәруменді шай сусыны

Vitaplus сусынының шоғын құрайтын емдік шөптер ағзаның өмірлік күш-қуатын қалпына келтіреді, ас қорыту мүшелеріне жағымды әсерін тигізіп, көңіл күйдің жақсаруына септеседі. Бұл сусын белсенді өмір салтын ұстанатындарға тамаша жарасады.

Таза салмағы: 90 г

Әрқайсысы 3 г-нан 30 қосарлы қалташа

Ресейде шығарылған

330 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Адам ағзасы дәрумендерді ұзақ уақытқа қор етіп жинап қоя алмайды, сондықтан дәрумендер адамның физиологиялық қажеттіліктеріне сәйкес сырттан жиі әрі толыққанды беріліп отыру қажет. Дәрумендердің көп мөлшері ағзаның жалпы хал-ахуалын анықтайды: олар зат алмасудың тұрақтылығы үшін, жұмысқа деген қабілеттілік пен қорғаныш күшін арттыру үшін, әртүрлі аурулардың туу қаупін төмендету үшін қажет. 80% дені сау адамдарда ерте көктемде ағзадағы жалпы дәрумен жетіспеушілігінің байқалатыны кездейсоқ жағдай емес. Ол тез шаршауға, өмірлік тонустың, тәбеттің, инфекцияларға қарсы тұру қабілетінің төмендеуіне, ұйқының бұзылуына әкеп соғады. 

Vitaplus иммунитетті күшейтіп, жалпы көңіл күй мен хал-жағдайдың жақсаруына жағдай жасайды. Бұл сусын белсенді өмір салтын ұстанатындарға таптырмас өнім, оны ересектер де, балалар да іше береді. Өсімдіктен алынған дәрумендер аллергиялық реакцияларды сирек туғызады әрі адамдар мұндай дәрумендерге төзімді келеді. Ағзаңыз денсаулыққа қажетті барлық заттарды алып жатса, сіз орман жидектерінің дәмінен рахат аласыз. 

Кімдерге арналған?

  • Дәмді шай ішкенді ұнататындарға. 
  • Денсаулығын күтетін жандарға. 
  • Шайдың құрамына мән беретіндерге. 
  • Кез келген жерде шай демдеп ішкісі келетіндер жандарға. 
  • Үйреншікті шай дәмі – Enerwood Tea пайдалы фитокомпоненттермен толықтырылған сапалы қара және көк шайлардың негізінде жасалған. Олар өте дәмді, сондықтан әдетте дәріханадан алатын емдік шайларға қарағанда мұндай шайларды рахаттанып, сүйсініп ішесіз.
  • Айрықша рецептуралар – Enerwood Tea шайлар коллекциясы фитотерапия саласында көпжылдық тәжірибесі бар, биология ғылымдарының кандидаты – Владимир Романюктің басшылығымен әзірленген.
  • Тиімділігі дәлелденген – Enerwood Tea фитошайларының сапасы мен құрамындағы компоненттердің биологиялық белсенділігі РҒАСБ тәуелсіз сараптамасымен расталған.
  • Алтай шөптерінен жасалған – Enerwood Tea фитошайларының ингредиенттері Алтайдың экологиялық таза аймақтарында өсірілген. Өсімдіктер дәл биологиялық белсенділік уақытында, яғни пайдалы заттардың концентрациясы максималды деңгейге жеткенде жиналады.
  • Жоғары сапа – өндіріс барысында 1 маусымнан артық сақталмайтын таза, таңдаулы шикізат қана қолданылады. Компоненттердің бойындағы пайдасы сақталып қалу үшін, оларды дәл купаждау алдында ерекше жұмсақ тәсілмен ұнтақтайды. 
  • Дұрыс оралған орама – ашық күйде өсімдіктер бойындағы пайдалы қасиеттер тез жоғалады, ал саңылау қалдырылмай бітелген фольга орамасы өнімді ылғалдан, жарықтан, бөгде иістерден қорғап, шайдың белсенді компоненттерін, дәмі мен жұпар иісін сақтайды.

Құрамы: қара цейлон шайы (жапырақ), күреңот (ферменттелген жапырақ), тікенді итмұрын (жемістері), қара жемісті шетен (жемістері), кәдімгі алма ағашы (жемістері), қан-қызыл долана (гүлдері мен жемістері), кәдімгі арша (жемістері), сібірлік шетен (жемістері).

  • Қара цейлон шайы – сергіткіш әсер береді, Р-дәруменінің белсенділігіне ие, тамыр қабырғаларын нығайтады.
  • Иван-шай/Күреңот – шаршап-шалдыққанда, әлсірегенде ішкенге пайдалы, ағзаны шлактардан тазартып, қантүзіліміне септеседі, ішектің қызметін тұрақтандырады, азғаның қорғаныш қызметін арттырады.
  • Итмұрын – қайта қалпына келтіру қасиетіне ие, ақыл-ой және физикалық жұмыс қабілетін арттырып, негізгі алмасуды жеделдетеді. Асқынған және созылмалы инфекцияға шалдыққанда, жарақаттар мен сынған жерлер жазылмай жатқанда, сондай-ақ әртүрлі сырқаттармен ауырғанда ағзаның жалпы төзгіштігін арттыру үшін қолдануға кеңес береміз. Адаптоген болып табылады, яғни ағзаны қоршаған ортаның жағымсыз жағдайларына бейімдейді.
  • Қара жемісті шетен – артериялық қысымның төмендеуіне, қантамырлардың қабырғаларын нығайтуға көмектеседі, атеросклероз, тиреотоксикоз, Р-дәрумен жетіспеушілігіне шалдыққанда жақсы профилактикалық құрал рөлін атқарады. Арония фитонцидтері алтын түсті стафилококк пен дизентериялық таяқшаларды жояды. 
  • Алма – жүрек пен тамырлардың қалыпты қызметін күшейтуге, тәбетті жақсартуға көмектеседі, қаназдық профилактикасында қолдануға тиімді, жарақат, күйік және инфекциялық аурулардан кейін ағзаны емдеп-жазуға септеседі. 
  • Долана – жүрек-қан тамырлары жүйесіне жағымды әсер етеді. Құрамындағы компоненттер жүректің қантамырларын кеңейтіп, жүректегі қан айналымын ұлғайтып, жиілікті азайтып, жүректің жиырылу күшін арттырады. Долана артериялық қысымды төмендетіп, холестеринді тұрақтандырады, антиоксиданттық қасиеті бар.
  • Арша – несеп айдағыш, қабынуға қарсы және дезинфекциялық құрал ретінде пайдаланылады. Сонымен қатар, қақырық түсіргіш және әлсіз өт айдағыш қасиеті бар, тәбетті ашып, ішектің толқымалы жиырылуын күшейтеді. 
  • Сібірлік шетен – құрамындағы каротиннің айтарлықтай мөлшерінің арқасында халық медицинасында полидәруменді құрал ретінде пайдаланылады, зат алмасуды тұрақтандырады. 
  • Қосарлы шай қалташасын стақанға салып, үстіне қайнаған су (температурасы 80—90°С) құйыңыз.
  • 5 минуттан аса тұндырыңыз.
  • Шай сусыны ретінде пайдаланыңыз.
  • Қалауыңызша қант, бал, лимон қосуға болады.

Өнім құрамындағы кей компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз