Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Fashion, Enerwood

Шырғанақ

Дәрумендендірілген құрғақ сусын

Шырғанақ немесе басқаша айтқанда «сібір ананасы» сусынына итмұрын қосылған, ол бұл морстың құрамында квадрокешеннің бір компоненті (кебек, рейши саңырауқұлағы мен шырғанақпен қоса алғанда) болып табылады. Дәрумендер мен минералдар коктейлі ағзаны күшейтіп, рейши саңырауқұлағы күйзеліс пен инфекцияларға төтеп беруге көмектессе, кебектер ас қорытудың қалыпты жұмыс істеуі үшін маңызды. Enerwood Vita топтамасының ішіндегі ең сібірлік сусын – күні бойы сергек жүруіңіздің кепілі.

Таза салмағы: 180 г

Әрқайсысы 6 г-нан 30 қалташа

Ресейде шығарылған

410 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Enerwood Vita композицияларының негізі – бірегей сығындылар квадрокешені:

  • Кебектер – асқазан-ішек жолдарының жұмысын тұрақтандырады. Құрамында А, Е, С топтарының дәрумендері В (В1, В2, В6, РР), амин қышқылдары мен микроэлементтер бар.
  • Шырғанақ – ағзаны әлдендіргіш, қабынуға төтеп бергіш және қалпына келтіргіш әсер етеді. Құрамында С, В1, В2, Е дәрумендері (токоферол), фолий қышқылы, рутин, сондай-ақ каротин мен каротиноидтер, қант, органикалық қышқылдар, макроэлементтер (калий, кальций, магний, темір) мен микроэлементтер бар.
  • Рейши саңырауқұлағы – табиғи адаптоген және иммунтүрлендіргіш. Интерферонның (ағзаны вирустық инфекциядан қорғайтын ақуыз) өндірілуіне септеседі, ағзаның күйзеліске қарсы тұруына көмектесіп, күйзелістің жағымсыз салдарын бәсеңдетеді.
  • Итмұрын сығындысы – құрамында С дәрумені, каратиноидтер, B2, К, E, P дәрумендері, флавоноидтер, илік заттектер, жеміс қышқылдары, пектин бар; тіндерді қалпына келтіреді, қанның ұйығыштығын, тамырлардың өткізгіштігін реттейді, коллаген, стероидты гормондардың синтезіне қатысады, ағзаның инфекцияларға қарсы тұру қабілетін арттырады, қоршаған ортаның өзге де жағымсыз факторлардың әсеріне бағытталған қорғану реакцияларын арттырады, ақыл-ой және дененің жұмысқа қабілеттігін арттырады, негізгі алмасуды жеделдетеді.

Кімдерге арналған?

  • Дәмді сусын ішкенді ұнататын жандарға.
  • Денсаулығын күтетін адамдарға.
  • Сусынның құрамына мән беретіндерге.
  • Кез келген жерде пайдалы сусын ішкісі келетіндерге.
  • Табиғи және пайдалы – сусын құрамындағы барлық дәрумендер мен минералдар, амин қышқылдары табиғи көздерден алынған. Заманауи өндіріс технологиялары мен шикізаттың дұрыс сақталуы өнім құрамындағы компоненттердің барлық пайдасын сақтауға мүмкіндік береді. Өнім құрамында пектинді заттар бар, олар токсиндерді сорып, шығарады, асқазан-ішек жолының жұмысын тұрақтандырады. 
  • Топтама құрамындағы барлық дәмдердің негізі – бірегей квадро-кешен (кебектер, шырғанақ, рейши саңырауқұлағы, жидек пен өсімдік сығындылары), оның құрамындағы төрт компоненттің әрқайсысының денсаулыққа пайдасы зор, ал барлығы біріккенде бірін-бірі толықтырып, бір-бірінің әсерін күшейтеді.
  • Ағзаға қажетті қышқылдар қамтылған – шарап, шайыртас және аскорбин қышқылдары күшті антиоксиданттар болып табылады, әрі олар ағзаға жағымды әсер етеді.
  • Қант пен жасанды бояғыштарсыз – сусынның түстерін табиғи ингредиенттер (қызылша сығындысы, бета-каротин, қызғылт жүзімнің қабығы және т.б.) береді. Тәттілікті фруктоза мен стевиозид секілді табиғи тәттілендіргіштер береді, олар қанттан 24 есе тәтті, құрамында бағалы дәрумендер мен микроэлементтер бар болғандықтан, қандағы қант деңгейін көтермей, ас қорыту мен зат алмасуды жақсартады.
  • Ыңғайлы әрі жеңіл – шағын қалташаларды сөмкеге салып алып жүріп, үйде, жұмыста, жолда ішуге ыңғайлы. Сусынның дайындалу тәсілінің қарапайымдылығы сондай, оны тіпті кішкентай бала да әзірлей алады – жай ғана су құйып, араластырса болғаны.
  • Тиімді – Enerwood Vita (30 қалташасы) орамасы – табиғи ингредиенттерге негізделген дәмді әрі пайдалы 6 литр сусын.

Құрамы: фруктоза, аскорбин қышқылы, шайыртас қышқылы, шарап қышқылы, пектин, суда еритін табиғи тағамдық талшықтар; сығындылар кешені: шырғанақ сығындысы, кебек сығындысы, итмұрын сығындысы, рейши саңырауқұлағының сығындысы; стевиозид (табиғи тәттілендіргіш), бета-каротин табиғи бояғышы,  табиғи хош иістендіргішке ұқсас «Шырғанақ» хош иістендіргіші. 

Дайын бір порцияның калориясы (6 г құрғақ өнімде) – 19 ккал

1 порция құрамындағы дәрумендер, микроэлементтер мен амин қышқылдарының мөлшері (6 г құрғақ өнімде):

Дәрумендер
B1 0,3 мг
B2 0,35 мг
B6 0,43 мг
PP 2,2 мг
A (оның ішінде каротиноидтер) 1,15 мг
C 18,8 мг
E 2,4 мг
Макроэлементы
Калий 524 мг
Фосфор 207 мг
Магний 37 мг
Амин қышқылдары
Лизин 124 мг
Метионин 34 мг
Триптофан 41 мг
Лейцин 192 мг
Изолейцин 68 мг
Аргинин 188,8 мг
Гистидин 70,2 мг
  • Қалташаның ішіндегі өнімді қалауыңыздағы температурадағы 200 мл (1 стақан) суға салып, әбден ерігенше жақсылап араластырыңыз.
  • 1–2 минут тұндырып қойыңыз.
  • Ыстық күйде де, салқын күйде де іше беруге болады.

Өнім құрамындағы кей компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз