Жаңа интернет-дүкен ұнады ма?

Пікір қалдыру Ескі нұсқа
Energy Slim

Energy Slim

Арықтауға арналған инновациялық бағдарлама

Energy Slim бағдарламасы табиғи салмақ тастау механизмдерін сатылай іске қосып, зат алмасу процестерін жеделдетіп, жиналып қалған май қорларын жағады. Сонымен қатар, бұл серияның өнімдері сізге тәбетіңізді қадағалап, дұрыс тамақтану әдеттерін қалыптастыруға көмектеседі. Energy Slim-мен арықтау – шынымен де оңай әрі тиімді.

DrainEffect құрғатқыш сусыны

Әрқайсысы 8,5 г-нан 20 стик

Тәбетті қадағалауға арналған FoodControl табиғи өнімі

Әрқайсысы 12,9 г-нан 20 стик

Зат алмасуды белсендіргіш Metabolic

Әрқайсысы 400 мг-нан 40 капсула

Дене мүсінін тартуға арналған BodyShape өнімі

Әрқайсысы 400 мг-нан 40 капсула

4390 ₽
2900 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

4 ҚАРАПАЙЫМ ҚАДАМ!

Тиімді әрі дұрыс арықтау үшін, кешенді тәсіл қолдану қажет. Energy Slim бағдарламасы салмақ тастаудың барлық негізгі механизмдерін іске қосып, ағзаның әртүрлі жүйелерін қажетті ретпен белсендіреді. 

1-ші қадам
Drain Effect құрғатқыш сусыны
  • артық сұйықтықты шығарады
  • ісінуді басады
  • көлемді кішірейтеді

Тиімді арықтау процесін іске қосады

2-ші қадам
Тәбетті қадағалауға арналған FoodControl табиғи өнімі
  • тәбетті оңай қадағалауға көмектеседі
  • дұрыс тамақтану әдеттерін қалыптастырады

Порция көлемін 30-50%-ға азайтуға мүмкіндік береді​

3-ші қадам
Зат алмасуды белсендіргіш Metabolic
  • зат алмасу және майды жағу процестерін жеделдетеді
  • артық килограмдарды кетіреді

Май қыртыстарын энергияға айналдырады 

4-ші қадам
Дене мүсінін тартуға арналған Body Shape өнімі
  • мүсініңізді тартуға септеседі: бұлшықеттер мен терінің созылғыштығын сақтайды. 
  • жаңа май қыртыстарының пайда болуына тосқауыл қояды. 

Қол жеткен нәтижелерді бекітуге көмектеседі

Кімдерге арналған?

  • Оңай арықтағысы келетіндерге. 
  • Тәбетін қадағалап жүргісі келетіндерге. 
  • Ісінулерден арылғысы келетіндерге. 
  • Зат алмасу процесін жеделдеткісі келетіндерге. 
  • Кепілді нәтижеге жеткісі келетіндерге. 
  1. Табиғи 
    Өнім табиғи өсімдік компоненттерінің негізінде әрекет етеді. Жасанды хош иістендіргіштер мен консерванттары жоқ. 
  2. Сарапшы мамандар әзірлеген 
    Energy Sli​m өнімдерін сіздің арықтауыңызға не кедергі болатынын жақсы білетін, тамақтану саласындағы сарапшы мамандар әзірлеген. 
  3. Кешенді шешім
    Energy Sli​m өнімдері табиғи салмақ тастау механизмдерін сатылай іске қосып отырады.
  4. Дәлелденген
    Өнімдердің тиімділігі расталған
    • DSM Nutritional Products компаниясы өткізген клиникалық зерттеу нәтижесінде:
      • Тұтынылатын астың 30%-ға кемитіні
      • Тоқтық сезімінің 5 сағатқа дейін жалғасатыны 
    • тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен өткен, бағдарламаны ерікті түрде тестілеу нәтижесінде
DrainEffect
  • Алоэ тіндердегі сұйықтықтардың тұрып қалуын болдырмайды. 
  • Опунция артық сұйықтықтарды шығарып, ісінуді басуға септеседі, несеп айдағыштық қасиеті бар әрі бүйректерді тазартуға көмектеседі.
  • Лемонграсс пен ақ шай ағзаның сұйық орталаларының қозғалысын жеделдетіп, микроциркуляция процесін іске қосады.
  • Алоэ мен рауғаш асқазан-ішек жолының жұмысын қалыптандырып, ішекті тазартуға көмектеседі.
  • Жалбыз өт айналымын жандандырып, бауырдың тазаруына ықпал етеді. 
  • Мальтодекстрин, фруктоза және палатиноза белсенді өмір ырғағын ұстап тұруға қажетті энергиямен тез (фруктоза) және ұзақ уақытқа (палатиноза мен мальтодекстрин) қамтамасыз етеді.​

 

Құрамы: фруктоза, палатиноза, мальтодекстрин, өсімдік сығындыларының қоспасы (ақ шай сығындысы, лимон құмайы (лемонграсс) сығындысы, ащы бұрыш сығындысы, табиғи хош иістендіргішке жақынхош иістендіргіш, алоэ вера концентраты, рауғаш сығындысы, опунция сығындысы, лимон қышқылы (қышқылдықты реттегіш).

FoodControl
  • Конжак талшықтарының көлемі едәуір артып, асқазанды толтырады да, тамақты көп жегізбей, тоқтық сезімін қалыптастырады. 
  • Fabulessтм қарын ашу сезіміне жауап беретін рецепторларға әсер етіп, тәбетті басады. 

 

Құрамы: Fabuless DE (құрғақ эмульсия), фруктоза, мальтодекстрин, палатиноза, конжак шайыры (Konjac gum), жеміс сығындыларының қоспасы (бөрітарақ, аюбадам жемістері, лимон қабығы, апельсин қабығы, итмұрын), Малина хош иістендіргіші (табиғи хош иістендіргішке жақын), Кілегейлі ваниль хош иістендіргіші (табиғи хош иістендіргішке жақын).

Metabolic
  • Ақ және көк шай, жасыл кофе және L-тирозин бір-бірінің әрекетін толықтырып, күшейту арқылы зат алмасуды іске қосады.
  • РР дәрумені, кайен бұрышы, зімбір, қара бұрыш пен хром пиколинаты май қыртыстарына шабуыл жасап, олардың жануын жеделдетеді.

 

Құрамы: жасыл кофе сығындысы, L-тирозин, зімбір сығындысы, ақ шай сығындысы, көк шай сығындысы, толтырғыш (микрокристалды целлюлоза, диоксид кремниі, кальций стеараты), кайен бұрышының сығындысы, қара бұрыш сығындысы, РР дәрумені, хром пиколинаты, желатиннен жасалған қатты капсула (желатин, бояғыштар: титан диоксиді, индиготин).

BodyShape
  • CLA (конъюгирленген линолий қышқылы) физикалық жаттығулармен қатар бұлшықеттер мен терінің созылғыштығын сақтап, жаңа май қыртыстарының пайда болуына тосқауыл болып, энергияның өндірілуін жеделдетеді.
  • Таңқурай кетондары CLA әрекетін күшейтеді, термогенезді жеделдетіп, майларды ыдыратады.
  • Хром пиколинаты тәбетті қадағалауға көмектесіп, артық тамақ жеп қоюды тоқтатады.

Құрамы: конъюгирлерген линолий қышқылы (CLA), қызыл таңқурай жемістерінің сығындысы, В10 дәрумені (парааминобензой қышқылы), мырыш цитраты, толтырғыш (микрокристалды целлюлоза, кремний диоксиді, кальций стеараты), РР дәрумені, В6 дәрумені, В2 дәрумені, хром пиколинаты, желатиннен жасалған қатты капсула (желатин, бояғыштар: титан диоксиді, қызыл темір оксиді).

Ұсынылатын өнімдер

Сусындар

Газдалмаған су, қара / көк / шөпті шай, сүтсіз және қантсыз кофе (күніне тек 1 кесе). Кофе мен шайға жатады.

Құрамында ақуыз бар тағамдар
Ақ құс еті, майсыз сиыр еті, майсыз балық, теңіз өнімдері, соя өнімдері, жұмыртқа.

1 порция = 150 г

Бұршақ тұқымдастар

1 порция = 250 г

Гарнирлер / буға піскен көкөністер

Қарақұмық / арпа / сұлы / жасымық жармалары, буға піскен көкөністер.

Баялды, кәді / асқабақ, қияр, қызанақ, жасыл балдыркөк, соя өскіндері, үрмебұршақ собықтары, болгар бұрышы, шалғам, ақбас / брокколи / гүлді / брюссель қырыққабаттары, көк шөптер (ақжелкен / аскөк / асжапырақ / жуа / салат жапырақтары).

1 порция = 200 г-ға дейін

Майлар (күніне 2 ас қасықтан асырмау керек)

Зәйтүн / өсімдік майлары.

DrainEffect, FoodControl, BodyShape-ке қатысты қарсы көрсетімдер: 18 жасқа толмаған балаларға, жүкті және бала емізетін әйелдерге ішпеген жөн. Өнім компоненттерін көтере алмаған жағдайда, ішпеген жөн. ​
Metabolic-ке қатысты қарсы көрсетімдер: 18 жасқа толмаған балаларға, жүкті және бала емізетін балаларға, сондай-ақ асқынған жүйке қозғыштығы, ұйқысыздық, артериялық гипертензияға шалдыққан адамдарға ішуге болмайды. Өнім компоненттерін көтере алмаған жағдайда, ішпеген жөн.

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз