Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Energy Pro

Мультипротеин

Кокос кремі

Берілген көпкомпонентті протеин — икемді аминқышқылды профилі бар мінсіз ақуыз матрицасы. Протеиннің бірегей формуласы әртүрлі кезеңдерде босатылған пайдалы заттар мен ақуыздарды біріктіреді, бұл қажетті амин қышқылдарының ұзақ уақыт бойы бұлшықеттерге үздіксіз түсіп отыруын қамтамасыз етеді. Осының арқасында сапалы бұлшықет массасының өсуі жеделдейтіндіктен, интенсивті жаттығулардан кейін және ұйқы кезінде бұлшықеттер тез қалпына келеді. Ал жаттығудан кейін нәзік кокос кремінің дәміне бөлейтін мультипротеинді ішу — жаттығуда төккен терің үшін берілетін тәтті сыяпат іспеттес.  

Әрқайсысы 32 г-нан 20 саше

Ресейде шығарылған

1790 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Бірегей жылдам және баяу протеиндер кешені — 5 Protein Matrix (сарысу ақуызының концентраты мен изоляты, сүт ақуызының концентраты, коллаген гидролизаты, казеин) ағзаға жеңіл сіңетін түрде беріліп, бұлшықет массасының қарқынды әрі сапалы өсуіне ықпал ете отырып, ұзақ уақыт бойы бұлшықет тіндерін толыққанды қоректендіреді. 

Кімдерге арналған?

  • Өз ас мәзіріне ақуыз қосқысы келетіндерге. 
  • Спортпен шұғылданатындарға. 
  • Әдемі мүсін қалыптастыруды армандап жүргендерге. 
  • Арықтағанда бұлшықеттерін сақтап қалғысы келетіндерге. 
  • Дұрыс тамақтануды ұстанатындарға.
  • Құрамында  5 Protein Matrix — бұлшықеттерді ұзақ уақыт бойы үздіксіз қоректендіруге арналған бірегей жылдам және баяу протеиндер кешені бар. 
  • Жаттығудан кейін және ұйықтап жатқанда бұлшықеттердің қарқынды түрде қалпына келуін қамтамасыз етеді. 
  • Бұлшықеттердің сапалы әрі белсенді өсуіне ықпал етеді. 
  • Катаболизмнен ұзақ мерзімді қорғауды қамтамасыз етеді.

Құрамы: «5 Protein Matrix» ақуыздар қоспасы (сүт ақуызының концентраты (85% мицеллалы казеин), сарысу ақуызының концентраты, сарысу ақуызының изоляты, коллаген гидролизаты, кальций казеинаты), полидекстроза, тағамдық цитрус талшықтары, хош иістендіргіштер (кокос, кокос кремі, кілегей), целлюлоза шайыры (тұрақтандырғыш), тәттілендіргіш (натрий цикламаты, натрий сахаринаты).

Құрғақ өнімнің бір порциясындағы тағамдық және энергетикалық құндылық (32 г)

Компонент Масса, г
Ақуыз, г 23
Көмірсулар, г 1,9
Май, г 0,26
Тағамдық талшықтар, г 3,5
Энергетикалық құндылығы, ккал/кДж 105/440

Өнімнің бір порциясындағы аминқышқылдық профиль* (32 г)

Амин қышқылы мг Амин қышқылы мг
Лейцин (ВСАА) 2464 Аспарагин қышқылы 2176
Изолейцин (ВСАА) 1248 Цистеин 480
Валин (ВСАА) 1344 Аланин 1152
Лизин 2048 Глютамин 4672
Треонин 1088 Глицин 1152
Метионин 608 Гистидин 608
Фенилаланин 1024 Пролин 2176
Триптофан 480 Серин 1152
Аргинин 928 Тирозин 1056

*Майсыз құрғақ қалдықты қайта есептегенде.

  • Шейкерге 200 мл су немесе бөлме температурасындағы майсыздандырылған сүт құйыңыз. 
  • Өнімнің бір порциясын (32 г) қосыңыз. 
  • Ішіндегіні араластыру үшін, шейкерді жақсылап шайқаңыз. 
  • Дайын болған бойда ішу керек, күніне бірнеше рет: таңертең, таңғы ас пен түскі ас арасында, жаттығудың алдында.

Қарсы көрсетімдер: ингредиенттерді көтере алмау. 18 жасқа толмаған балаларға, жүкті және бала емізетін әйелдерге, сондай-ақ созылмалы бүйрек ауруымен ауыратын адамдарға қолданбаған жөн. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз