Старая версия сайта

Перейти
Energy Pro

Әйелдерге арналған сарысу протеині

Құлпынай

Құлпынай мен піскен жидек дәмі татитын тамаша «жылдам» протеин бірегей үш еселік сүзгі жүйесімен тазартылған аса сапалы ақуыздың қажетті мөлшерімен қамтамасыз етеді. Оның формуласы әйел ағзасының ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескеріп әзірленген, құрамында калориялар, көмірсулар мен майлар жоқ дерлік, сондықтан ол сымбатын аса күтетін қыздар үшін таптырмас өнім. Сонымен қатар, бұл протеин инновациялық BioSlim matrix кешенімен байытылған, ол ағзадағы майды белсенді түрді жағып, зат алмасу процестерін жеделдететіндіктен, жинақы сымбат пен әдемі мүсінге жетуге көмектеседі. 

Әрқайсысы 32 г-нан 20 саше

Ресейде шығарылған

1990 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Өнімнің негізі — Франциядан әкелінген өте таза сарысу ақуызының изоляты. Үш еселік сүзгі (микросүзу, ультрасүзу және кері осмос) жүйесінің арқасында гидролиздегідей протеиннің денатурациясы жүрмейді, демек мұндай протеин бағалы ақуыз фракцияларының табиғи құрылымын барынша сақтайды. Изолят ағзаға өте тез сіңеді, әрі оның құрамында бұлшықеттеріңізді қоректендіретін тармақталған амин қышқылдарының (BCAA) жоғары концентрациясы бар. Өнім құрамындағы табиғи пребиотиктер кешені ақуыздың барынша сіңірілуін қамтамасыз етеді. 

Өнімнің бірегей ерекшелігі — табиғи компоненттер негізінде әзірленген инновациялық BioSlim matrix кешені. Ол әдемі мүсін қалыптастыру үшін ағзадағы майда белсенді түрде жағуды жеделдетеді, сондай-ақ оның құрамында күшті антиоксиданттық компоненттер бар, олар жасуша жарғағының өткізгіштігін арттырып, зат алмасу процестерінің жеделдету арқылы жасуша жарғақтарының қоректік заттарды қабылдағыштық қасиетін күшейтетіндіктен, нәтижесі көп күттірмейді!

Кімдерге арналған?

  • Өз ас мәзіріне ақуыз қосқысы келетіндерге. 
  • Спортпен шұғылданатындарға. 
  • Әдемі мүсін қалыптастыруды армандап жүргендерге. 
  • Арықтағанда бұлшықеттерін сақтап қалғысы келетіндерге. 
  • Дұрыс тамақтануды ұстанатындарға.
  • Бірегей үш еселік сүзгі жүйесі бойынша тазартылған аса сапалы ақуыз. 
  • Әйел ағзасының ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескеріп әзірленген формула. 
  • Инновациялық BioSlim matrix кешенімен байытылған. 
  • Бұлшықеттерді қоректендіріп, ақуыз синтезін жандандырады. 
  • Тері астындағы майдың тез жануына ықпал етеді. 
  • Зат алмасу процестерін жеделдетеді. 
  • Коллаген және эластин талшықтарының бекуіне ықпал етеді. 

Құрамы: сарысу ақуызының изоляты, полидекстроза, тағамдық цитрус талшықтары, хош иістендіргіштер (бүлдірген, құлпынай-кілегей), сублимацияланған құлпынай, инулин, палатиноза, целлюлоза шайыры (тұрақтандырғыш), қызылша шырыны, құрғақ құлпынай шырыны, BioSlim Matrix кешені (L-тирозин, жасыл кофе сығындысы, ақ шай сығындысы, В10 дәрумені (парааминобензой қышқылы), РР дәрумені (ниацинамид), тәттілендіргіш (натрий цикламаты, натрий сахаринаты).

Құрғақ өнімнің бір порциясындағы тағамдық және энергетикалық құндылық (32 г)

Компонент Масса, г
Ақуыз, г 23
Көмірсулар, г 2,2
Май, г 0,1
Тағамдық талшықтар, г 3,5
РР дәрумені (ниацин), мг 4,5
В10 дәрумені (парааминобензой қышқылы), мг 25
Энергетикалық құндылығы, ккал/кДж 110 /440

Өнімнің бір порциясындағы аминқышқылдық профиль* (32 г)

Амин қышқылы мг Амин қышқылы мг
Лейцин (ВСАА) 3008 Аспарагин қышқылы 2848
Изолейцин (ВСАА) 1376 Цистеин 704
Валин (ВСАА) 1344 Аланин 1184
Лизин 2432 Глютамин 4416
Треонин 1280 Глицин 448
Метионин 576 Гистидин 512
Фенилаланин 928 Пролин 1184
Триптофан 576 Серин 1120
Аргинин 640 Тирозин 928

*Майсыз құрғақ қалдықты қайта есептегенде.

  • Шейкерге 200 мл су немесе бөлме температурасындағы майсыздандырылған сүт құйыңыз. 
  • Өнімнің бір порциясын (32 г) қосыңыз. 
  • Ішіндегіні араластыру үшін, шейкерді жақсылар шайқаңыз. 
  • Дайын болған бойда ішу керек, күніне бірнеше рет: таңертең, таңғы ас пен түскі ас арасында, жаттығудың алдында.

Қарсы көрсетімдер: ингредиенттерді көтере алмау. 18 жасқа толмаған балаларға, жүкті және бала емізетін әйелдерге, сондай-ақ созылмалы бүйрек ауруымен ауыратын адамдарға қолданбаған жөн. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз