Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Energy Diet Smart

ED Smart Mango

Теңгерімді тамақтану

ED Smart 3.0 — 30-дан аса табиғи компоненттер мен биологиялық белсенді тағамдық қоспалар саласындағы орасан зор ғылыми жетістіктерді бойына жиған, қолданылуы өте ыңғайлы бірегей өнім. Жаңа қайнатылған эспрессоның қанық хош иісі мен қайталанбас дәмі тамаша көңіл күй сыйлап, бойыңызға күні бойына жетер күш-қуат құяды. Коктейльдің шейкермен шайқағандай үлпілдеген консистенциясы — NL International компаниясының өз өндірісіндегі ноу-хау.

  • Өсімдік және жануар текті ақуыздар кешені — иммунитетті нығайтып, ағзаның жастығын сақтауға қажетті алмастырылатын және алмастырылмайтын амин қышқылдарының көзі.
  • Жылдам және баяу көмірсулар энергияны толықтырып, тоқтық сезімін ұзағырақ сақтайды.
  • Антиоксиданттар жасушаларды қорғап, қартаю процестерін бәсеңдетеді.
  • Ферменттер мен талшықтар ас қорытуды жақсартады.
  • Антистресс-компоненттер арықтау барысындағы стрестен қорғайды.
  • Күрделі майлар жүйке жүйесін қалпына келтіріп, жадты жақсартып, тері мен шаштың, тырнақтың сұлулығын арттырады.

Әрқайсысы 30 г-нан 7 саше

Ресейде өндірілген

Құрамында балдыркөк пен оның өңделген өнімдерінің іздері болуы мүмкін.

Жарамдылық мерзімі: 18 ай. 

990
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Біз ED Smart 3.0 өнімін дене массасын азайтып, оңтайлы салмақты сақтап тұрғысы келетін жандар үшін жасап шығардық. Егер ағзаңыздағы зат алмасу процесі бәсең жүретін болса және тонусыңыз төмен болса, бұл коктейльдің сізге тигізер пайдасы орасан зор. Себебі ED Smart 3.0 құрамында зат алмасуды жеделдетіп, майларды жағып, оларды энергияға айналдыратын компоненттер бар. Калория мөлшері аз, ал пайдасы көл-көсір!

ED Smart 3.0 толыққанды бір мезгілдік асты алмастыра алады, сонымен қатар пайдалы тіскебасар немесе десерт бола алады. Коктейльдің басты компоненті — майдың ыдырауына септесіп, салмақты азайтып, бірнеше сағатқа сақталатын тоқтық сезімін тудыратын ақуыз.

Кімдерге арналған?

  • Арықтағысы келетіндерге.
  • Таңғы ас, түскі ас немесе кешкі ас ішуге уақыты болмайтындарға.
  • Дәмді әрі пайдалы аспен жүрек жалғап алғысы келетіндерге.
  • Дұрыс тамақтануды ұстанатындарға.
  • Заманға сай белсенді адамдарға.

ED Smart 3.0 коктейльдері — теңгерімді әрі тиімді тамақтануға қажеттінің бәрін бойына жиған «ақылды» ас:

  • Protein Complex — ағзаның саулығы мен иммунитетті, жастықты сақтаудың кепілі болып табылатын толыққанды аминқышқылды профильді құруға қажетті өсімдік және жануар текті ақуыздар (50/50). Бұл — денеміздегі жасушалардың құрылыс материалы.
  • Антиоксидантты RMP-Complex™ (мангостин сығындысы, анар сығындысы, гүлшетен сығындысы) жасушалардың бұзылу процесін тоқтатып, қартаюын баяулатады.
  • Digestive Complex — ас қорытуды жақсартуға бағытталып, жалбыз және бөрікгүл сығындыларымен күшейтілген инулин мен ферменттер кешені (бромелайн мен папаин).
  • Antistress Complex құрамындағы гриффония сығындысы, В6 дәрумені мен магнийдің арқасында арықтау барысында ағзада болатын стреспен тиімді күресуге көмектеседі.
  • Жылдам және баяу көмірсулар (палатиноза, мальтодекстрин, крахмал, декстроза) — табиғи функционалдық көмірсулар, бас миы үшін отын қызметін атқарады, ағзаны энергияға толтырып, тоқтық сезімін барынша ұзақ сақтайды.
  • Фосфолипидтер мен кокос майы жүйке жүйесін тұрақтандырады, зақымданған жасушаларды қалпына келтіреді, қартаю процестерін баяулатады, жадты жақсартады, иммунитетті күшейтуге септеседі, жүрек-қантамыр жүйесіне жағымды әсер етеді.
  • VMP Complex — бірін-бірі толықтыратын дәрумендер мен минералдардың теңгерімді кешені, мұндай дәрумендер мен минералдар иммунитетті күшейтуге жауап береді әрі бас миының жасушаларын қоректендіреді, сондай-ақ күні бойы асқан ақыл-ой еңбегі мен физикалық белсенділікті қамтамасыз етеді.

Құрамы: Protein Complex (соя ақуызының изоляты, сарысу ақуызының концентраты, сүт ақуызының концентраты), Fat Complex (кешенді тағамдық қоспа (кокос майы, глюкоза шәрбаты, сүт ақуызы, глицерин және сүт пен май қышқылдарының эфирлері (эмульгатор), майсыздандырылған соя лецитині), Carbo Complex (декстроза, жүгері крахмалы, палатиноза), VMP Complex (калий цитраты, үшкальций фосфаты, кремний диоксиді, С дәрумені (аскорбин қышқылы), мырыш цитраты, темір фумараты, Е дәрумені (токоферол ацетаты), РР дәрумені (ниацинамид), калий йодиді, марганец аспарагинаты, В5 дәрумені (кальций D-пантотенаты), А дәрумені (ретинол ацетаты), мыс аспарагинаты, D3 дәрумені (холекальциферол), В1 дәрумені (тиамин гидрохлориді), В12 дәрумені (цианокобаламин), хром пиколинаты, В2 дәрумені (рибофлавин), В9 дәрумені (фолий қышқылы), биотин (D-биотин)), Digestive Complex (инулин, бромелайн (ананас сығындысы), папаин (папайя сығындысы), бөрікгүл сығындысы, жалбыз сығындысы), Antistress Complex (магний цитраты, гриффония сығындысы, В6 дәрумені (пиридоксин гидрохлориді)), RMP-Complex (мангостин сығындысы, анар сығындысы, гүлшетен сығындысы), целлюлоза шайыры (тұрақтандырғыш), тара ағашының шайыры (тұрақтандырғыш), тәттілендіргіш (натрий цикламаты, натрий сахаринаты).

Қарсы көрсетімдер: өнім құрамындағы компоненттерді көтере алмау. 

ҚҰРАМЫ

КЕШЕННІҢ АТАУЫ

ІШІНДЕ НЕ БАР?

ЕРЕКШЕЛІГІ НЕДЕ?

НӘТИЖЕСІ

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Protein Complex

Ақуыздар кешені (соя ақуызының изоляты, сүт ақуызының концентраты, сарысу ақуызының концентраты)

Толыққанды аминқышқылды профильді қалыптастыруға қажетті өсімдік және жануар текті ақуыздар

• Тоқтық сезімі сақталады
• Толыққанды амин қышқылдары профилі
• Ақуыздың сіңірілу жылдамдығы өзгеше
• Жасушаларға қажетті құрылыс материалы
• Кальцийдің көзі

Өсімдік және жануар текті 3 ақуыз түрінен құралған бірегей кешен — жасушалардың сау жұмыс істеуіне қажетті негізгі материал, ол жасушалардың қоректенуіне, бөлінуіне және регенерациясына жауап береді. Әртүрлі ақуыздарды тиімді үйлестірудің арқасында Energy Diet амин қышқылдарының тапшылығының орнын толтырады. Құрамында 18 стандартты амин қышқылдары бар, оның ішінде алмастырылмайтындары: триптофан, фенилаланин, лизин, треонин, валин, лейцин, изолейцин және метионин, бұларды ағза өздігінен өндіре алмайды

Көмірсулар

Палатиноза,
мальтодекстрин

Табиғи функционалдық көмірсулар

• Табиғи энергобустерлер
• Тез жиналатын және ұзақ сақталатын тоқтық сезімі
• Жақсы көңіл күйдің көзі
• Мидың отыны
• Жүйке жүйесін қоректендіреді

ГИ = 30-ға тең, яғни көрсеткіші төмен, сахарозадан алынатын табиғи "ұзын" көмірсу, ол май қыртыстарында сақталуға қабілетсіз

Крахмал

Табиғи күрделі көмірсу

Табиғи жылдам көмірсулардың ішіндегі ең пайдалысы, оған ыдыраудың қажеті жоқ, ол - шапшаң энергия тасымалдағыш әрі мидың отыны. Демек, сіз әрдайым өзіңізді сергек сезініп жүресіз әрі белсенді түрде шешім қабылдай аласыз

Декстроза

Табиғи жылдам көмірсулардың ішіндегі ең пайдалысы

Адам ағзасы көмірсуларды өздігінен синтездей алмайды, ол оны сырттан алуы керек. Біздің ағзамыз жылдам көмірсуларсыз өмір сүре алмайды, яғни әлсірей бастайды 

Майлар

Лецитин (фосфолипидтер)

Биобелсенділігі жоғары, қанықпаған күрделі майлы қышқылдар, - адам азғасына қажетті отын, сондай-ақ жасуша қабықтарына арналған құрылыс материалы

• Қартаюды шегереді
• Жадты жақсартады
• Адам ағзасының отыны іспеттес
• Май жинаудың алдын алады
• Шаш, тырнақ, тері әдемі бола түседі

Өсімдік текті күрделі майлар алмастырылмайтын майларға жатады, себебі ағза бұл затты өздігінен өндіре алмайды әрі онсыз жұмыс істей алмайды. Күрделі майлардың максималды концентрациясы (фосфолипидтер) жүректе, бас миында, бауырда, сондай-ақ жүйке жүйесінің жасушаларында жиналған

Кокос майы

Өсімдік текті қаныққан майлы қышқылдар  жүйке жүйесін қоректендіру көзі, тез энергия мен тамаша көңіл күй көзі

• Иммунитетті сақтауға септеседі
• Жүрек-қантамыр жүйесін қоректендіреді
• Пайдалы антиоксиданттық және антистресс-әсерімен танымал

Кокос майының құрамында функционалдық май қышқылдары бар (лаурин, пальмитин, каприн, каприл, стеарин, олеин қышқылдары). Оңай әрі тез сіңіріледі, май қыртыстарында жиналмайды. Спортшылардың тамақтануында кеңінен қолданылады, калориясы төмен диеталар үшін ең пайдалы май деп саналады

Digestive Complex

Инулин, тағамдық цитрус талшықтары, какао талшықтары, бромелайн (ананас сығындысы), папаин (папайя сығындысы), бөрікгүл сығындысы, жалбыз сығындысы

Еритін пребиотикалық талшықтар мен ерімейтін тағамдық талшықтар (жасунық). Ақуыздың тез ыдырауына қажетті өсімдік ферменттері. 
Бөрікгүл мен жалбыз сығындылары

• Ақуыздың сіңірілуіне септеседі
• Май қорларын ыдыратады
• Зиянды заттарды сыртқа шығарады
• Ішекті тазартады
• Қарын ашу сезімін басады
• АІЖ жұмысын тұрақтандырады

Кешен құрамындағы өсімдік ферменттері ақуыздардың ағзаға сіңіуіне септесе отырып, май жасушаларын жағуға ықпал етсе, талшықтар мен пребиотиктер ішекті тазартып, зиянды заттарды шығарып, ішек микрофлорасын жақсартады. Қарын ашу сезімін бәсеңдетеді. Жалбыз және бөрікгүл сығындылары ағзадан токсиндерді шығарып, антиоксиданттық және антисептикалық әсер беретін қасиеті бар

VMP Complex

12 дәрумен + 11 минерал: А, Е, D3, B1, B2, B5, B6, B12, PP (B3), H, калий, кальций, фосфор, магний, мырыш, темір, мыс, марганец, йод, хром, кремний

Өмірлік маңызды 23 элемент - 12 дәрумен мен 11 минерал, - ағзаның жұмысын тұрақтандырып, өзіңді жақсы сезінуге септеседі.

• Қартаюды шегереді
• Иммунитетті нығайтады
• Миды қоректендіреді
• Асқан белсенділікті сақтап тұрады
• Жадты жақсартады

Бірін-бірі толықтыратын дәрумендер мен минералдардың теңгерімді кешені, мұндай дәрумендер мен минералдар иммунитетті күшейтуге жауап береді әрі бас миының жасушаларын қоректендіреді, сондай-ақ күні бойы асқан ақыл-ой еңбегі мен физикалық белсенділікті қамтамасыз етеді. Ағзадағы пайдалы заттарға деген мұқтаждықтың орнын толтыруға септесіп, қорғаныш қызметтерін жандандырып, зат алмасу процестерін тұрақтандырады

Antistress Complex

Магний цитраты, гриффония сығындысы, В6 дәрумені (гидрохлорид пиридоксині)

Гриффония - ең маңызды табиғи амин қышқылының бірі, серотониннің (қуаныш гормоны) тікелей арғы атасы L-триптофанның көзі.

Магниймен күшейтілген В6 дәруменінің (инозитол) тыныштандырғыш қасиеті бар, ол жүйке жүйесінің балансын сақтап, оны стрестік қышқылдандырғыш процестердің бұзғыш әсерінен қорғайды.

• Стресс пен шаршаудан қорғайды
• Тәбетті басады
• Қажып-шаршағанды басады

Кешен құрамындағы компоненттер көңіл күйді көтеруге септесіп, шаршауды басу арқылы ағзаны стрес пен қажудан қорғайды. Бұл кешен жүйке жүйесін қалпына келтіріп және нығайтып қана қоймай, эмоционалдық балансты да тұрақтандыруға көмектеседі 

RMP-Complex™

Мангостин сығындысы, анар сығындысы, гүлшетен сығындысы.

Нағыз табиғи антиоксиданттар

• Антиоксиданттық қорғаныс
• Қартаюды шегереді
• Жасушаларды бұзылудан қорғайды

Табиғи компоненттерге негізделген, патенттелген, аса күшті антиоксиданттық RMP-Complex™ кешені жасушалардың бұзылу процесін тоқтатып, ағзадағы қартаю процестерін баяулатады

Хош иістендіргіштер

Дәл табиғи хош иістендіргіштер сияқты хош иістендіргіштер. Табиғи хош иістендіргіштердің молекулалық құрамын толық қайталайтын, зертханада көшіріліп жасалған қосылыстар

Тәттілендіргіштер (натрий сахаринаты мен натрий цикламаты)

Ең қауіпсіз қант алмастырғыштар болып саналады. Олар адам ағзасына сіңе алмайды және ағзадан өзгермеген күйінде шығарылады. Тісжегіні қоздырмайды. Құрамында артық салмақ пен қандағы глюкоза мөлшерінің өзгерісін тудыратын калориялар жоқ

 

Тағамдық және энергетикалық құндылығы

Құрғақ өнімнің бір порциясында (30 г)

Құрғақ өнім (30 г) порциясындағы ҰТТ %-ы *

Дайын өнімнің бір порциясында**

Дайын өнім порциясындағы ҰТТ %-ы*

Энергетикалық құндылығы, ккал / кДж

100 / 460

4,4

200 / 840

8

Ақуыздар, г

12

16

18,0

24

Майлар, г

4,0

4,8

7,0

8,4

Көмірсулар, г

4

1,1

14,0

3,8

Тағамдық талшықтар, г

1,7

5,7

1,7

5,7

         

Дәрумендер

А дәрумені, мг

0,2

25

E дәрумені, мг

2,5

25

D3 дәрумені, мкг

1,25

25

C дәрумені, мг

15,0

25

B1 дәрумені, мг

0,35

25

B2 дәрумені, мг

0,1

6,25

PP дәрумені, мг

4,5

25

B5 дәрумені, мг

1,5

25

B6 дәрумені, мг

0,5

25

B9 дәрумені, мг

0,05

25

B12 дәрумені, мкг

0,25

25

Биотин, мкг

12,5

25

Минералдар

Калий, мг

620

18

Кальций, мг

250

25

Фосфор, мг

280

35

Магний, мг

100

25

Мырыш, мг

3,75

25

Темір, мг

3,5

25

Йод, мкг

37,5

25

 

 

адекватты тұтыну деңгейінің %-ы ***

Марганец, мг

0,5

25

Мыс, мг

0,25

25

Хром, мкг

12,5

25

Кремний, мг

7,5

25

* 022/2011 «Тамақ өнімдері таңбалану бөлімінде» КО ТР-не сәйкес ҰТТ (ұсынылатын тәуліктік тұтыну мөлшері), 2 қосымша

** 30 г құрғақ өнім + 200 мл 1,5%-дық сүт

*** Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын тауарларға қойылатын Бірыңғай санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға сәйкес, II тарау, 1 бөлім, 5 қосымша 

Құрғақ өнімнің 1 порциясын (30 г) майлылығы 1,5%-дық бөлме температурасындағы 200 мл сүтке қосып, жабық ыдыста (шейкерде) жақсылап шайқаңыз. Дайын болған бойда ішіңіз.

Қарсы көрсетімдер: құрамындағы компоненттерді көтере алмау.

Коктейль сіздің жалғыз тамақтану көзіңіз болмауы тиіс. Күніне кем дегенде бір рет әдеттегі асыңызды ішіп, кем дегенде 2 литр су ішуіңіз керек. Жүкті әйелдер коктейльді ішпес бұрын дәрігермен кеңескені жөн. 

NL өнімдерінің сәйкестік кестесі

Өнім туралы пікірлер ED Smart Mango

Сіздің тұрғылықты жеріңіз