Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Energy Diet Smart

60 Киви-балдыркөк смузиі

Детокс-смузи

Табиғи detox. Смузи – дәмді, пайдалы, және ең бастысы – салауатты өмір салтын ұстанатын адамдардың тамақтану рационына тамаша үйлесетін, калориясы төмен сусын. Өзіңізді жеңіл сезінгіңіз келе ме? Ендеше, сізге керегі – детокс-смузи! Оның құрамындағы нағыз көкөністер мен жемістер, суперфудтар ағзадағы қоқыстар мен токсиндерді шығарып, асқазан-ішек жолының жұмысын тұрақтандырып, иммунитетті күшейтеді, себебі барлық пайдалы заттар дәл осы ішекте сіңіріледі. Energy Diet Smoothie – саған арналған нағыз жарқын смузи!

Әрқайсысы 20 г-нан 10 порция

Таза салмағы 200 г

Ресейде шығарылған

1490 ₽

Бұл жай ғана дәмді де пайдалы сусын ғана емес, бұл нағыз детокс-смузи! Өзіңді жеңіл сезініп, жарқырап жүр! Құрамы осыншалық бай да құнарлы коктейльді өз қолыңмен әзірлеу оңайға соқпас!

Құрамында 5 нағыз табиғи көкөніс пен жеміс бар: дәруменге, минералдар мен амин қышқылдарына бай алма, киви, балдыркөк, саумалдық, рауғаш. Олар:

  • ағзаның барлық жүйелеріне қажетті құрылыс материалын жеткізеді; 
  • ағзаның қорғаныш функцияларын белсенді етеді; 
  • күш-қуат береді.

+суперфудтар

Псиллиум (жолжелкен дәндерінің қауызы) – тамаша ерігіш жасунық, ол:

  • ағзаны қоқыстар мен токсиндерден мұқият тазартады,
  • асқазан-ішек жолының жұмысына көмектеседі,
  • пайдалы заттардың сіңірілуін жақсартады

Витграсс (өнген бидай сабақтары) – өсімдік ақуызы, дәрумендер мен минералдар, антиоксиданттар мен хлорофилдер, олар:

  • жасуша жарғақшаларын күшейтеді;
  • зат алмасу процестерін жеделдетеді;
  • иммунитетті тұрақтандырады.

Кімдерге арналған?

  • Өзін пайдалы аспен жүрек жалғап еркелеткісі келетіндерге.
  • Өнім құрамының табиғи болғанын қалайтындарға. 
  • Денсаулығына көңіл бөлетіндерге.
  • Тамақтану салты мен салмағын қадағалап жүретіндерге.
  • Тамақтану рационын түрлендіргісі келетіндерге.
  • Қант қосылмаған.
  • Табиғи құрам және сапалы ингредиенттер.
  • Теңгерілген дәм әрі калория мөлшері барынша аз.
  • Табиғи дәрумендер мен антиоксиданттар көзі.
  • Вегетариандарға қолдануға жарайды.
  • Құрамында глютен жоқ.

Құрғақ алма концентраты, құрғақ балдыркөк шырыны, киви ұнтағы, құрғақ саумалдық сығындысы, құрғақ рауғаш шырыны, жолжелкен дәндерінің қауызы, гуава кранчтары, целлюлоза шайыры (тұрақтандырғыш), айлауық ағашы жемістерінің шайыры (тұрақтандырғыш), бидай сабағының ұнтағы (витграсс), палатиноза, эритритол және стевиозид (тәттілендіргіштер), хош иістендіргіштер.

Тағамдық және энергетикалық құндылығы

100 г өнімде

Құрғақ өнімнің бір порциясында (20 г)

Энергетикалық құндылығы, ккал/кДж

300 / 1250

60 / 250

Ақуыздар, г

5,0

1,0

Майлар, г

2,5

0,5

Көмірсулар, г

55

11

Тағамдық талшықтар, г

20,0

4,0

Құрғақ өнімнің 1 порциясын (20 г) бөлме температурасындағы 200 мл ас суына қосып, аузы жабылған ыдыста (шейкерде) жақсылап шайқау керек. Дайын болған бойда ішу керек. 

Құрамында тәттілендіргіштер бар. Шектен тыс қолданған жағдайда іш өткізуі мүмкін.

Сіздің тұрғылықты жеріңіз