Старая версия сайта

Перейти
Energy Diet HD

«Сұлы» ботқасы

Кілегейлі қою ботқа – тамаша таңғы ас

Артық калориясыз теңгерімді тамақтану. Ақуыздар, майлар, көмірсулар, дәрумендер мен микроэлементтердің балансы дәл сақталып, қамтылған. Дәмді тамақтана отырып, тез әрі оңай арықтағысы келетін, толыққанды әрі дұрыс тамақтанып немесе салмағы жетіспей, масса жинағысы келетін адамдарға таптырмас өнім.

  • Орамада 630 г, 14 порция
  • Францияда шығарылған
2100 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Ыстық сүтке салынған сұлы қауыздарының кілегейлі дәмі бала күніңізді есіңізге салып, күш-қуат сыйлайды. Energy Diet сұлы ботқасы – әдеттегі таңғы ас қана емес, сондай-ақ түскі және кешкі асқа ішуге болатын ыстық, тойымды тамақ. 

Energy Diet-тің күніне бір ғана порциясын, жүйелі түрде ішіп жүрсе, нәтижесі қандай болмақ?

  • Әр порцияда – ағзаның дұрыс жұмыс жасауына қажеттінің бәрі бар: ақуыздар, майлар мен көмірсулар, жасунықтар, 12 дәрумен мен 11 минералдың үйлесімді жинағы.
  • Ашықпайтын және пайдалы заттардың мөлшерін кемітпейтін диета.
  • Дұрыс тамақтану әдеттері қалыптасады – лық тойып тамақтанбайсыз, аз тамақтансаңыз да, тоясыз.
  • Зат алмасуы жақсарады.
  • Физикалық жаттығулардан кейін қалпыңызға тез келесіз.
  • Өзіңізді тамаша сезініп, қуатыңыз тасиды.

Ботқа сіздің жалғыз тамақтану көзіңіз болмауы тиіс. Күніне кем дегенде бір рет әдеттегі асыңызды ішіп, кем дегенде 2 литр су ішуіңіз керек. Жүкті әйелдер коктейльді ішпес бұрын дәрігермен кеңескені жөн.

Кімдерге арналған?

  • Арықтағысы келетіндерге.
  • Таңғы ас, түскі ас немесе кешкі ас ішуге уақыты болмайтындарға.
  • Дәмді әрі пайдалы аспен жүрек жалғап алғысы келетіндерге.
  • Дұрыс тамақтануды ұстанатындарға.
  • Заманға сай белсенді адамдарға. 
  • Артық килограмдардан арылып, арманыңыздағы сымбатыңызды қалыптастыруға көмектеседі!
  • Денсаулыққа пайдалы – әр порцияда ақуыздар, майлар мен көмірсулардың дәл есептелген балансы, сондай-ақ 23 дәрумен мен минералдар, жасунық пен ферменттер кешені.
  • Тәбетті бақылауд ұстауға көмектеседі.
  • 1 минутта дайын болады! Сүт құйып, араластырсаң болғаны – дайын. 
  • Өте дәмді! Сүйікті дәмдеріңнің кең таңдауы.

Жануар және өсімдік ақуыздарының құрамында амин қышқылдарының толық жинағы қамтылған (соның ішінде алмастырылмайтын амин қышқылдары да бар): ағзамыздағы жасушаларды құрастырушы материал болып табылады, бас миының жұмысын тұрақтандырады, гормоналды жағдай мен ферменттер синтезін қалпына келтіреді.

Қанықпаған май қышқылдары. Негізгі компонент – соя майы – басқа өсімдік майларымен салыстырғанда табиғи антиоксидант – Е1 (токоферол) дәруменінің рекордтық мөлшері қамтылған. Биологиялық белсенділігі жоғары әрі ағзаға 98% сіңеді.

Жылдам және баяу көмірсулардың балансы: декстроза (глюкоза), ағзаға тез сіңеді, крахмал мен мальтодекстриндер, бір күн ішінде сіңеді. Көмірсулардың мөлшері ағзаға сіңірілуі тиіс энергияның май қоры түрінде жиналып қалмай, толығымен сіңетіндей етіп (әсіресе, ми мен бұлшықеттерге) есептелген.

High Digestibility ферменттер кешені ас қорытуды жақсартып, жануарлар мен өсімдіктерген алынған ақуыздардың тез тарап, толық сіңуіне әсер етеді.

Жасунық – табиғи тағамдық талшық: тара ағашының дәндерінен алынған шайыр мен цикорий инулині. Жасунық қосарлы әсермен әрекет етеді: асқа тою сезімін қамтамасыз етеді, әрі ағзадағы шлактар мен токсиндерді шығаруға көмектеседі.

12 дәрумен мен 11 минерал – оның ішінде: темір, мыс, мырыш, йод, селен, көп мөлшердегі кальций. Сонымен қатар: В тобының дәрумендері; Е дәрумені – бос радикалдарды «ұстаушы»; А дәрумені – зат алмасу процесінің белсенді қатысушысы, көру қабілетіміздің көмекшісі.

Ацерола – барлық дәрумендер мен микроэлементтердің табиғи көзі, құрамындағы С дәруменінің мөлшері бойынша барлық жемістерден асып түседі. Шаршағанда, инфекциялық және вирустық ауруларға шалдыққанда ағзаға антиоксиданттық, сергіткіш және қалпына келтіргіш әсер етеді.

Корольдік желе – жас аналық аралар бөлетін сүт, оның құрамында В тобы дәрумендерінің мол мөлшері, минералдар мен микроэлементтер, амин қышқылдары, қанықпаған май қышқылдары бар. Корольдік желе ағзаны жалпы әлдендіретін әсер етеді, стреске деген төзімділікті күшейтеді, ағзаның вирустарға қарсы тұру қабілетін арттырады.

Құрамы

Соя қауыздары, соя ақуыздары, сүт ақуыздары, сахароза, өсімдік майы (соя майы, рапс майы, декстроза шәрбаты, казеинат, табиғи хош иістендіргіш), 3 орынбасқан калий цитраты, табиғи хош иістендіргіштерге ұқсас хош иістендіргіштер, магний карбонаты, цикорий инулин, дәрумендер (PP, C, E, A, B5, D3, B6, B1, B2, B9, биотин, B12), ацерола Malpighia glabra L. (99 мг/100г), темір глюконаты, бояғыш (бета-каротин), корольдік желе (20мг/100г), мырыш цитраты, марганец глюконаты, мыс глюконаты, ферменттер кешені, йодты калий, натрий селениті.

Тағамдық құндылығы

    100 г құрғақ өнімде дайын өнімнің бір порциясында1 % ЖЭН 2
Энергетикалық құндылығы
кДж   1602 1012  
ккал   383 241  
Тағамдық құндылығы
Ақуыздар г 28,8 17,8 30%
Көмірсулар г 41,5 25,9 43%
соның ішінде қант г 10,0 11,4  
Майлар г 9,0 6,4 24%
с.і. қаныққан май қышқылдары г 1,6 1,4  
Тағамдық талшықтар г 10,2 4,6 4%
         % ҰКН 3
Дәрумендер
А дәрумені мкг 532,23 266,95 27%
D3 дәрумені мкг 3,69 1,67 33%
E дәрумені мг 8,38 4,01 27%
C дәрумені мг 54,94 26,68 38%
B1 дәрумені мг 0,63 0,37 22%
B2 дәрумені мг 0,42 0,47 24%
PP дәрумені мг 11,54 5,34 27%
B5 дәрумені мг 3,25 2,00 40%
B6 дәрумені мг 0,95 0,47 23%
B9 дәрумені мкг 140,14 67,11 17%
B12 дәрумені мкг 0,96 0,84 28%
Биотин (Н) мкг 37,28 16,78 34%
Минералдар
Натрий мг 257,79 190,40 8%
Калий мг 928,72 665,42 27%
Фосфор мг 303,79 265,25 33%
Магний мг 240,14 125,46 31%
Темір мг 9,85 4,67 47%
Мырыш мг 5,73 3,34 28%
Мыс мг 0,76 0,34 34%
Марганец мг 1,49 0,67 33%
Йод мкг 75,90 51,41 34%
Селен мкг 38,59 18,71 27%
Кальций мг 265,45 281,45 23%

1 30 г құрғақ өнім + 200 мл 1,5%-дық сүт

2 Жалпы энергетикалық нормасы

3 Ұсынылатын күнделікті норма

1 қалташаның ішіндегіні және майлылығы 1,5%-дық, бөлме температурасындағы 150 мл сүтті шейкерде немесе тостағанның ішінде араластырып, түйіршіктерін жақсылап шайқаңыз. Микротолқынды пешті 750 Вт-қа қойып, ботқаны соның ішінде 2 -3 минут қыздырыңыз. Жақсылап араластырып, тағы 2 - 3 минут тұндырып қою керек.

Тағы бір дайындау тәсілі

1 қалташаның ішіндегіні және майлылығы 1,5%-дық 150 мл ыстық сүтті (80—90°C) шейкерде немесе тостағанның ішінде араластырып, түйіршіктерін жақсылап шайқаңыз. Жақсылап араластырып, тағы 5 - 10 минут тұндырып қою керек (консистенциясының қандай болғанын қалағаныңызға қарай). 

Құрамындағы жеке компоненттерді көтере алмасаңыз, өнімді ішуге болмайды. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз