Сайттың ескі нұсқасы
Аударым жасауСіздің елдімекеніңіз: Россия, Москва
Дәстүрлі банан коктейлінің сергіткіш дәмі
Артық калориясыз теңгерімді тамақтану. Ақуыздар, майлар, көмірсулар, дәрумендер мен микроэлементтердің балансы дәл сақталып, қамтылған. Дәмді тамақтана отырып, тез әрі оңай арықтағысы келетін, толыққанды әрі дұрыс тамақтанып немесе салмағы жетіспей, масса жинағысы келетін адамдарға таптырмас өнім.
Сауалнамадан өтіп, өз тамақтану бағдарламаңа ие бол
Банан дәмді Energy Diet коктейлі – ешкімді бей-жай қалдырмайтын қанық, экзотикалық дәм.
Energy Diet-тің күніне бір ғана порциясын, жүйелі түрде ішіп жүрсе, нәтижесі қандай болмақ?
Коктейль сіздің жалғыз тамақтану көзіңіз болмауы тиіс. Күніне кем дегенде бір рет әдеттегі асыңызды ішіп, кем дегенде 2 литр су ішуіңіз керек. Жүкті әйелдер коктейльді ішпес бұрын дәрігермен кеңескені жөн.
Кімдерге арналған?
Жануар және өсімдік текті ақуыздардың құрамында амин қышқылдарының толық жинағы қамтылған (соның ішінде алмастырылмайтын амин қышқылдары да бар): ағзамыздағы жасушаларды құрастырушы материал болып табылады, бас миының жұмысын тұрақтандырады, гормоналдық жағдай мен ферменттер синтезін қалпына келтіреді.
Қанықпаған май қышқылдары. Негізгі компонент – соя майы – басқа өсімдік майларымен салыстырғанда табиғи антиоксидант – Е1 (токоферол) дәруменінің рекордтық мөлшері қамтылған. Биологиялық белсенділігі жоғары әрі ағзаға 98% сіңеді.
Жылдам және баяу көмірсулардың балансы: декстроза (глюкоза), ағзаға тез сіңеді, крахмал мен мальтодекстриндер, бір күн ішінде сіңеді. Көмірсулардың мөлшері ағзаға сіңірілуі тиіс энергияның май қоры түрінде жиналып қалмай, толығымен сіңетіндей етіп (әсіресе, ми мен бұлшықеттерге) есептелген.
High Digestibility ферменттер кешені ас қорытуды жақсартып, жануар мен өсімдік текті ақуыздардың тез тарап, толық сіңуіне әсер етеді.
Жасунық – табиғи тағамдық талшық: тара ағашының дәндерінен алынған шайыр мен цикорий инулині. Жасунық қосарлы әсермен әрекет етеді: асқа тою сезімін қамтамасыз етеді, әрі ағзадағы шлактар мен токсиндерді шығаруға көмектеседі.
12 дәрумен мен 11 минерал – оның ішінде: темір, мыс, мырыш, йод, селен, көп мөлшердегі кальций. Сонымен қатар: В тобының дәрумендері; Е дәрумені – бос радикалдарды «ұстаушы»; А дәрумені – зат алмасу процесінің белсенді қатысушысы, көру қабілетіміздің көмекшісі.
Ацерола – барлық дәрумендер мен микроэлементтердің табиғи көзі, құрамындағы С дәруменінің мөлшері бойынша барлық жемістерден асып түседі. Шаршағанда, инфекциялық және вирустық ауруларға шалдыққанда ағзаға антиоксиданттық, сергіткіш және қалпына келтіргіш әсер етеді.
Корольдік желе – жас аналық аралар бөлетін сүт, оның құрамында В тобы дәрумендерінің мол мөлшері, минералдар мен микроэлементтер, амин қышқылдары, қанықпаған май қышқылдары бар. Корольдік желе ағзаны жалпы әлдендіргіш әсер етеді, стреске деген төзімділікті күшейтеді, ағзаның вирустарға қарсы тұру қабілетін арттырады.
Құрамы
Соя ақуыздары, декстроза, сүт ақуыздары, өсімдік майы (соя майы, декстроза шәрбаты, казеинат, табиғи хош иістендіргіш), бұршақ ақуыздары, цикорий инулині, крахмал, 3 орынбасқан калий цитраты, 3 орынбасқан кальций ортофосфаты, табиғи хош иістендіргішке ұқсас хош иістендіргіштер, қоюландырғыштар (целлюлоза шайыры, тара ағашының шайыры), магний карбонаты, тәттілендіргіш (ацесульфам-K), дәрумендер (PP, C, E, A, B5, D3, B6, B1, B2, B9, биотин, B12), тұз, ацерола Malpighia glabra L. (149 мг/100г), темір сульфаты, бояғыш (бета-каротин), мырыш цитраты, корольдік желе (31мг/100г), марганец глюконаты, мыс глюконаты, ферменттер кешені, йодты калий, натрий селениті.
Тағамдық құндылығы
100 г құрғақ өнімде | дайын өнімнің бір порциясында 1 | / % ЖЭН / 2 | ||
---|---|---|---|---|
Энергетикалық құндылығы | ||||
кДж | 1597 | 885 | ||
ккал | 382 | 211 | ||
Тағамдық құндылығы | ||||
Ақуыздар | г | 37,1 | 18,9 | 36% |
Көмірсулар | г | 36,0 | 20,0 | 38% |
соның ішінде қант | г | 20,9 | 15,5 | |
Майлар | г | 7,9 | 5,5 | 24% |
с.і. қаныққан май қышқылдары | г | 1,5 | 2,4 | |
Тағамдық талшықтар | г | 9,1 | 2,7 | 3% |
% ҰТТ 3 | ||||
Дәрумендер | ||||
А дәрумені | мкг | 845,6 | 290,3 | 29% |
D3 дәрумені | мкг | 5,5 | 1,7 | 33% |
E дәрумені | мг | 12,2 | 4,0 | 27% |
C дәрумені | мг | 79,6 | 26,5 | 38% |
B1 дәрумені | мг | 0,8 | 0,4 | 21% |
B2 дәрумені | мг | 0,3 | 0,5 | 24% |
PP дәрумені | мг | 17,5 | 5,4 | 27% |
B5 дәрумені | мг | 4,2 | 2,0 | 40% |
B6 дәрумені | мг | 1,4 | 0,5 | 23% |
B9 дәрумені | мкг | 203,4 | 66,4 | 17% |
B12 дәрумені | мкг | 1,0 | 0,8 | 28% |
Биотин (Н) | мкг | 55,6 | 16,7 | 33% |
Минералдар | ||||
Натрий | мг | 658,8 | 296,8 | 12% |
Калий | мг | 1977,4 | 923,2 | 37% |
Фосфор | мг | 913,9 | 445,6 | 56% |
Магний | мг | 317,8 | 118,5 | 30% |
Темір | мг | 19,1 | 6,0 | 60% |
Мырыш | мг | 11,3 | 4,4 | 37% |
Мыс | мг | 1,7 | 0,5 | 52% |
Марганец | мг | 2,1 | 0,6 | 32% |
Йод | мкг | 166,2 | 71,1 | 47% |
Селен | мкг | 53,8 | 17,9 | 26% |
Кальций | мг | 1417,8 | 655,3 | 52% |
1 30 г құрғақ өнім + 200 мл 1,5%-дық сүт
2 Жалпы энергетикалық нормасы
3 Ұсынылатын тәуліктік тұтыну мөлшері
Жабылатын ыдысқа (шейкерге) 30 грамм (1 өлшеуіш қасық) өнім мен майлылығы 1.5%-дық, температурасы 60°С–тан аспайтын 200 мл сүтті құйып, шайқап араластырыңыз.
Алғаш рет қолданар алдында құтыны сілкіп шайқап жіберу қажет.
Өнім құрамындағы компоненттерді көтере алмайтын жағдайда қолданбаған жөн.
Тауар жөніндегі пікірді
тек авторизация жасағаннан кейін жазуға болады
Назар аударыңыз! Елді ауыстырғанда себеттің құрамы да өзгеруі мүмкін.