Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
EDшка

«Happy Smile™ EDшка»

«Хэппи Смайл» мультидәруменді кешені арнайы балалар үшін әзірленген және оның құрамында балаңыздың иммунитетін нығайтып, оның сау-саламатты өсіп-дамуына қажетті заттардың толық жиынтығы бар. Өнім құрамы бір-бірімен барынша оңтайлы үйлестірілген, баланың ағзасына қажетті дәрумендердің тәуліктік тұтыну мөлшеріне сәйкес келеді. Бұл кешен балаларға ұнайтын жидек дражесі түрінде шығарылады.

Ескерту: 3 жасқа толмаған балаларға беретін жағдайда, дәрігермен кеңескен жөн. 

Таныстырылым

Жидекті драже

Дәрі емес

Әрқайсысы 0,5 г-нан 60 драже

Тіркеу құжаттары сұрау жіберілген жағдайда беріледі

690
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

«Хэппи Смайл» құрамында май мен суда еритін дәрумендердің (А, Е, С, D, В1, В2, В6, В9, В12, PP) үйлестірілген кешені бар. Бұл дражеге жасанды бояғыштар қосылмаған әрі ол баланың ағзасына қажетті тәуліктік пайдалы заттар мөлшеріне  негізделіп әзірленген. Сары таңқурай мен топинамбур сығындылары дәрумендердің жақсы сіңіп, ішекке түскен соң барынша қорытылуына септеседі. Сонымен қатар, топинамбур (жер алмұрты) құрамында дәрумендер мен минералдардың мол жиынтығы, 8 алмастырылмайтын амин қышқылдары, сондай-ақ ағзадағы зиянды улы заттарды жинап шығаратын, ас қорыту мүшелерінің бактериялық және вирустық инфекцияларға, паразиттердің кіруіне төзімділігін арттыратын инулин (полисахарид, күрделі көмірсу) бар. 

  • Жидек дәмді шайнағыш дражелердің сәбиіңізге ұнары сөзсіз.
  • Сары таңқурай мен жер алмұрты сығындыларының арқасында дәрумендер барынша жақсы сіңіріледі.
  • Жасанды бояғыштар қосылмаған (құрамындағы В тобының дәрумендері мен сары таңқурай сығындысы дражеге сары түс береді).
  • Бала ағзасының бір тәуліктегі дәрумендер мен минералдар қажеттілігін ескереді.

Құрамы: лактоза, қант, сары таңқурай ұнтағы, құрғақ сүт (қаймағы алынбаған), топинамбур ұнтағы, А, Е, С, D, В1, В2, В6, В12, PP дәрумендері, фолий қышқылы (В9 дәрумені).

Белсенді компоненттер:

Топинамбур (жер алмұрты) – құрамында дәрумендер мен минералдардың мол жиынтығы, 8 алмастырылмайтын амин қышқылдары, сондай-ақ ағзадағы зиянды улы заттарды жинап шығаратын инулин (полисахарид, күрделі көмірсу) бар, ішек микрофлорасын тұрақтандырып, дисбактериоздың алдын алады. Топинамбур ас қорыту мүшелерінің бактериялық және вирустық инфекцияларға, паразиттердің кіруіне төзімділігін арттырады. 

А дәрумені (ретинол) – ағзадағы зат алмасуды тұрақтандырады, дененің өсіп, қалыпты салмақта болуын қамтамасыз етеді, көзге, сүйектердің тығыздығына жағымды әсер етеді, инфекцияға қарсы төзімділікті арттырады, шаш пен теріні сауықтырады.

Е дәрумені (токоферол) – ағзаға физикалық салмақ көп түскенде аса қажет, мидың қызметін жеделдетеді, бауыр мен жүйке жүйесінің қалыпты жұмыс істеуіне ықпал етеді.

С дәрумені (аскорбин қышқылы) – ағзаға жалпы әлдендіргіш әсер береді, баланың физикалық және интеллектуалдық қабілеттерін күшейтеді, стреске қарсы тұру қабілетін арттырады. 

Д дәрумені (кальциферол) – «күн» дәрумені, сүйек пен тістердің өсуіне қажет, жүйке жүйесінің қызметін реттейді, терінің сау әрі иілгіш болуын қамтамасыз етеді.

В1 дәрумені (тиамин) – бұлшықеттер мен жүйке жүйесінің қызметтеріне әсер етеді.

В2 дәрумені (рибофлавин) – бүкіл ағзаны оттегімен қамтамасыз етуге жауапты, жасушалардың өсіп-қалыптасуына әсер етеді, көру қабілеті үшін маңызды.

В3 дәрумені (PP, ниацин, немесе никотин қышқылы) – көмірсу, ақуыз, майлардың алмасуын реттейді, иммун жүйесі мен жүйке жүйесінің саулығын қамтамасыз ету үшін қажет. Терінің құрылымын жүйелейді. 

В6 дәрумені (пиридоксин) – барлық зат алмасу түрлерінде маңызды рөл атқарады, қантүзілім жүйесін қорғап, қанда холестериннің жиналуына жол бермейді.

В9 дәрумені (фолий қышқылы) – жасушалардың бөлінуіне, барлық мүшелер мен тіндердің өсіп-дамуына, қанның түзілуіне аса қажет.

В12 дәрумені (цианокобаламин) – баланың ақыл-ой еңбегінің тұрақты болуы үшін, жұмыс өнімділігін арттыру үшін, жадты жақсарту үшін қажет. 

Тағамдық құндылығы 100 г-да 1 дражеде
Энергетикалық құндылығы 394 ккал/1650 кДж  
Ақуыздар 2,5 г  
Майлар 2,6 г  
Көмірсулар 90 г  
А дәрумені   0,2727 мг
С дәрумені   20,984 мг
Е дәрумені   1,8 мг
D дәрумені   0,00055 мг
В1 дәрумені   0,3136 мг
В2 дәрумені   0,36 мг
В6 дәрумені   0,4196 мг
В12 дәрумені   0,00072 мг
РР дәрумені   3,52 мг
В9 дәрумені   0,06 мг

3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға күніне 2 рет 1 дражеден, 6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға күніне 3 рет 1 дражеден, тамақпен бірге қабылдау керек. Сумен ішу керек. Курстың ұзақтығы – 1 ай. Курсты жылына 3–4 рет қайталауға болады.

Қарсы көрсетімдер: өнім құрамындағы кей компоненттерді көтере алмау.

Өнім туралы пікірлер «Happy Smile™ EDшка»

Сіздің тұрғылықты жеріңіз