Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
YO Coffee

BRAZIL DECAF ұнтақталған кофесі

100 % бразилиялық арабика жанға жайлы какаоның жұпар иісіне қаныққан терең дәмге ие әрі кофені ішкеннен кейін ауызда тәтті мейіздің дәмі қалады. 

Кофе дәнінен кофеинді алып тастаудың ең қауіпсіз тәсілі — Swiss Water-дің арқасында, бұл кофені кешке де, тіпті ұйықтар алдында ішсеңіз де, оның әр жұтымынан рахаттанасыз.

Әлемде өндіріліп жатқан кофе көлемінің тек 10 %-ы ғана Specialty жоғарғы класына сәйкес келеді. 

Бірегей қуыру бағытының (mediumарқасында сусынның болмысы барынша ашылып, нәзік дәмі мен қанық хош иісі сақталады.

Технологиялық қаптама жаңа қуырылған кофе дәндерінің берекелі дәмі мен жарқын жұпар иісін сақтап тұруға септеседі.

Таза салмағы: 200 г

Ресейде шығарылған

460

Бразилия — кофе өндіруден әлемдік көшбасшы. Кофе ағаштары аласа тау шыңдарында өсетіндіктен, бразилиялық арабика әлемге өзінің біркелкі қышқылтым дәмі мен теңдессіз жұпар иісімен танымал. 

Біз кофенің бойындағы барлық пайдалы қасиеттері мен қайталанбас жұпар иісін сақтап қалып, ішіндегі кофеинді ғана алып тастадық. Енді сүйікті сусыныңызды кешкі уақытта да, тіпті ұйықтар алдында да ішуіңізге болады, себебі оның құрамындағы кофеиннің мөлшері — 0,01 %-дан да аз. 

Бұл кофенің әр кесесі пайдалы заттарға бай, оның құрамында антиоксиданттар, магний, марганец, калий, В тобының дәрумендері бар, сондай-ақ ол какао бұршақтарының нәзік жұпар иісіне бөлеп, тәтті мейіз дәмімен баурап, ауыздан кетпейді.

Бірегей қуыру бағытының (mediumарқасында сусынның болмысы барынша ашылып, нәзік дәмі мен қанық хош иісі сақталады. 

Кімдерге арналған?

  • Кофеден хабары бар адамдарға. 
  • Кофеинсіз кофе ішетіндерге.
  • Энергия қажет ететін жандарға.
  • Дәндердің сапасы мен қуырылуына көңіл бөлетіндерге.

«Specialty coffee» класы – әлемнің ең үздік плантацияларында өсірілген таңдаулы кофе дәндері. Мұндай кофе экологиялық таза аумақтарда пісіп, қолмен жиналады. Кофе дәндері пішіні, өлшемі мен сапасына қарай мұқият сұрыпталып, тек қана табиғи құралдармен өңделеді. Әлем бойынша тек 10% кофе ғана осындай жоғары класқа сәйкес келеді. 

DeCafe — ішінен кофеин алынып тасталған кофе дәні. Қуырылмаған кофе дәнінің ішінен кофеинді алып тастаудың денсаулық ең қауіпсіз әрі экологиялық таза тәсілі — Swiss Water кофенің барлық пайдалы қасиеттері мен қайталанбас жұпар иісін сақтайды. 

Дұрыс қуырылу – әр сұрыпты сертификатталған роаст-мастерлер бірегей рецепт бойынша ерекше әдіспен қуырады.

Кофені қуырған бойда ұнтақтан, бөлшектеп өлшейтіндіктен, кофе дәндерінің берекелі дәмі мен жарқын жұпар иісі сақталып қалады. 

Әр кофе орамасы көмірқышқыл газын бөліп, орама ішіне оттегі жібермейтін газсыздандыратын клапанмен жабдықталған. Соның нәтижесінде кофені сақтау барысында оның дәмі мен жұпар иісі сақталып қалады. 

Құрамы: 100 % арабика.

Ұсынылатын кофе дайындау тәсілдері:

1. Френч-пресс: 4 шай қасық ұнтақталған кофені френч-преске сеуіп, үстінен 250 мл қайнаған су құйып, 3–5 минуттай тұндырыңыз. Дайын болған сусынды рахаттана ішіңіз!

2. Кофеқайнатқыш: 4 шай қасық ұнтақталған кофені (250 мл су қосатындай есеппен) мүйізді немесе тамшылатқыш кофеқайнатқыштың арнайы бөліміне себіңіз. Өзіңізге ұнайтын кофе әзірлеу бағдарламасын қосыңыз. Дайын болған сусынды рахаттана ішіңіз!

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз