Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
YO Coffee

BRAZIL ұнтақталған кофесі

100 % бразилиялық арабика сүтті шоколад пен кептірілген тәтті жемістердің реңкін беретін терең де қанық дәмге ие әрі кофені ішкеннен кейін ауызда жағымды апельсин дәмі қалады. 

Әлемде өндіріліп жатқан кофе көлемінің тек 10 %-ы ғана Specialty жоғарғы класына сәйкес келеді. 

Бірегей қуыру бағытының (mediumарқасында сусынның болмысы барынша ашылып, нәзік дәмі мен қанық хош иісі сақталады.

Технологиялық қаптама жаңа қуырылған кофе дәндерінің берекелі дәмі мен жарқын жұпар иісін сақтап тұруға септеседі.

Таза салмағы: 200 г

Ресейде шығарылған

390

Бразилия — кофе өндіруден әлемдік көшбасшы. Кофе ағаштары аласа тау шыңдарында өсетіндіктен, бразилиялық арабика әлемге өзінің біркелкі қышқылтым дәмі мен теңдессіз жұпар иісімен танымал. 

Сүтті шоколадтың нәзік сарыны мен ауыздан кетпейтін тәтті жаңғақ дәмінің үйлесімі кофенің қайталанбас дәмінің ажарын ашып, оны таза да теңгерімді етеді. Жемісті жинаудан бастап өңдегенге дейінгі барлық өндіріс сатылары қатаң бақыланатындықтан, кофе дәндерінің теңдессіз сапасына кепілдік беріледі. Кофе жемістері тек қолмен жиналып, өңделеді. 

Бірегей қуыру бағытының (mediumарқасында сусынның болмысы барынша ашылып, нәзік дәмі мен қанық хош иісі сақталады. 

 

Кімдерге арналған?

  • Кофеден хабары бар адамдарға. 
  • Энергия қажет ететін жандарға.
  • Дәндердің сапасы мен қуырылуына көңіл бөлетіндерге.

«Specialty coffee» класы – әлемнің ең үздік плантацияларында өсірілген таңдаулы кофе дәндері. Мұндай кофе экологиялық таза аумақтарда пісіп, қолмен жиналады. Кофе дәндері пішіні, өлшемі мен сапасына қарай мұқият сұрыпталып, тек қана табиғи құралдармен өңделеді. Әлем бойынша тек 10% кофе ғана осындай жоғары класқа сәйкес келеді. 

Дұрыс қуырылу – әр сұрыпты сертификатталған роаст-мастерлер бірегей рецепт бойынша ерекше әдіспен қуырады.

Кофені қуырған бойда ұнтақтан, бөлшектеп өлшейтіндіктен, кофе дәндерінің берекелі дәмі мен жарқын жұпар иісі сақталып қалады. 

Әр кофе орамасы көмірқышқыл газын бөліп, орама ішіне оттегі жібермейтін газсыздандыратын клапанмен жабдықталған. Соның нәтижесінде кофені сақтау барысында оның дәмі мен жұпар иісі сақталып қалады. 

Құрамы: 100 % арабика.

Ұсынылатын кофе дайындау тәсілдері:

1. Френч-пресс: 4 шай қасық ұнтақталған кофені френч-преске сеуіп, үстінен 250 мл қайнаған су құйып, 3–5 минуттай тұндырыңыз. Дайын болған сусынды рахаттана ішіңіз!

2. Кофеқайнатқыш: 4 шай қасық ұнтақталған кофені (250 мл су қосатындай есеппен) мүйізді немесе тамшылатқыш кофеқайнатқыштың арнайы бөліміне себіңіз. Өзіңізге ұнайтын кофе әзірлеу бағдарламасын қосыңыз. Дайын болған сусынды рахаттана ішіңіз!

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз