Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
YO Coffee

COLOMBIA ұнтақталған кофесі

100 % колумбиялық арабика сүтті шоколад пен орман жаңғағының реңкін беретін терең де қанық дәмге ие әрі кофені ішкеннен кейін ауызда жағымды апельсин дәмі қалады. 

Әлемде өндіріліп жатқан кофе көлемінің тек 10 %-ы ғана Specialty жоғарғы класына сәйкес келеді. 

Бірегей қуыру бағытының (mediumарқасында сусынның болмысы барынша ашылып, нәзік дәмі мен қанық хош иісі сақталады.

Технологиялық қаптама жаңа қуырылған кофе дәндерінің берекелі дәмі мен жарқын жұпар иісін сақтап тұруға септеседі.

Таза салмағы: 200 г

Ресейде шығарылған

390

Биік таулы плантацияларда өсетін колумбиялық арабика тек қолмен жиналады, кофені таңдап ішетін талғампаздар оны жоғары бағалайды. Колумбия әлемдік таңдаулы арабика сұрыптарын өндіретін көшбасшылардың үштігіне енеді. 

Сүтті шоколадтың нәзік сарыны мен тәтті апельсин дәмінің үйлесімі кофенің қанық хош иісі мен қайталанбас дәмінің ажарын ашып, оны жұмсақ та теңгерімді етеді. Жемісті жинаудан бастап өңдегенге дейінгі барлық өндіріс сатылары қатаң бақыланатындықтан, кофе дәндерінің теңдессіз сапасына кепілдік беріледі.

Бірегей қуыру бағытының (mediumарқасында сусынның болмысы барынша ашылып, нәзік дәмі мен қанық хош иісі сақталады. 

Кімдерге арналған?

  • Кофеден хабары бар адамдарға. 
  • Энергия қажет ететін жандарға.
  • Дәндердің сапасы мен қуырылуына көңіл бөлетіндерге.

«Specialty coffee» класы – әлемнің ең үздік плантацияларында өсірілген таңдаулы кофе дәндері. Мұндай кофе экологиялық таза аумақтарда пісіп, қолмен жиналады. Кофе дәндері пішіні, өлшемі мен сапасына қарай мұқият сұрыпталып, тек қана табиғи құралдармен өңделеді. Әлем бойынша тек 10% кофе ғана осындай жоғары класқа сәйкес келеді. 

Дұрыс қуырылу – әр сұрыпты сертификатталған роаст-мастерлер бірегей рецепт бойынша ерекше әдіспен қуырады.

Кофені қуырған бойда ұнтақтан, бөлшектеп өлшейтіндіктен, кофе дәндерінің берекелі дәмі мен жарқын жұпар иісі сақталып қалады. 

Әр кофе орамасы көмірқышқыл газын бөліп, орама ішіне оттегі жібермейтін газсыздандыратын клапанмен жабдықталған. Соның нәтижесінде кофені сақтау барысында оның дәмі мен жұпар иісі сақталып қалады. 

Құрамы: 100 % арабика.

Ұсынылатын кофе дайындау тәсілдері:

1. Френч-пресс: 4 шай қасық ұнтақталған кофені френч-преске сеуіп, үстінен 250 мл қайнаған су құйып, 3–5 минуттай тұндырыңыз. Дайын болған сусынды рахаттана ішіңіз!

2. Кофеқайнатқыш: 4 шай қасық ұнтақталған кофені (250 мл су қосатындай есеппен) мүйізді немесе тамшылатқыш кофеқайнатқыштың арнайы бөліміне себіңіз. Өзіңізге ұнайтын кофе әзірлеу бағдарламасын қосыңыз. Дайын болған сусынды рахаттана ішіңіз!

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз