Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
YO Coffee

Кофеинсіз DECAF ұнтақталған кофесі

Әлемнің үздік плантацияларынан жиналған medium-қуыру әдісімен әзірленген таңдаулы арабика сұрыптарының қоспасы жеңіл қышқылтым татитын, ауыздан кетпейтін анық та қанық дәмге ие. Мұндай кофенің құрамында кофеин болмайды, дегенмен әдеттегі сусындағыдай берекелі дәм мен қанық жұпар иісі сақталады. 

Таза салмағы: 200 г

Ресейде шығарылған

350 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Бұл купажды әзірлеу үшін Гватемала, Мексика және Колумбиядан жиналған «Specialty» класының таңдаулы арабика моносұрыптары қолданылды. 

Кофеинсіз кофені бәріне ішуге болады, оның ішінде: 

  • жүкті және бала емізетін әйелдерге; 
  • артериялық қан қысымы жоғары болғанда; 
  • кофеинді көтере алмайтын жағдайда; 
  • жүйке қозғыштығы болса. 

Medium-қуырудың әсерінен бұл сусынның дәмі бір жағынан өткір қасиетке ие болса, екінші жағынан нәзік дәмі мен қанық жұпар иісін сақтап қалады. 

Бірегей орташа ұнтақтау әдісі ең танымал қайнату тәсілдеріне жарайды. Ол сусынға керемет дәм бере отырып, сүзгенде сүзгіде жақсы ұсталып қалады.

Кімдерге арналған?

  • Кофеден хабары бар адамдарға. 
  • Энергия қажет ететін жандарға.
  • Дәндердің сапасы мен қуырылуына көңіл бөлетіндерге.
  • «Specialty coffee» класы – әлемнің ең үздік плантацияларында өсірілген таңдаулы кофе дәндері. Мұндай кофе экологиялық таза аумақтарда пісіп, қолмен жиналады. Кофе дәндері пішіні, өлшемі мен сапасына қарай мұқият сұрыпталып, тек қана табиғи құралдармен өңделеді. Әлем бойынша тек 10% кофе ғана осындай жоғары класқа сәйкес келеді. 
  • Дұрыс қуырылу – әр сұрыпты сертификатталған роаст-мастерлер бірегей рецепт бойынша ерекше әдіспен қуырады.
  • Кофені қуырған бойда ұнтақтап, бөлшектеп өлшейтіндіктен, кофе дәндерінің берекелі дәмі мен жарқын жұпар иісі сақталып қалады. 
  • Әр кофе орамасы көмірқышқыл газын бөліп, орама ішіне оттегі жібермейтін газсыздандыратын клапанмен жабдықталған. Соның нәтижесінде кофені сақтау барысында оның дәмі мен жұпар иісі сақталып қалады. 

100 % арабика

Біз ұсынатын кофе әзірлеу тәсілдері.

4 шай қасық ұнтақталған кофені френч-преске салып, үстіне 250 мл* қайнаған су құйып, 4 минут тұндырыңыз. Сусынды рахаттанып ішіңіз.

*500 мл қайнаған суға 8 шай қасық кофе.

250 мл суға есептелген 4 шай қасық ұнтақталған кофені кофеқайнатқыштың арнайы бөліміне салыңыз. Кофе әзірлейтін сүйікті бағдарламаңызды қосыңыз. Жұпар иісті әрі дәмді сусынды рахаттанып ішіңіз.

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз