Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
YO Coffee

SPECIAL ұнтақталған кофесі

Medium-қуыру әдісімен әзірленген үш теңдессіз арабика сұрпының негізінде құралған купаж. Мұндай үйлесімнен карамель, мақпалдай ашқылтым және тәтті жаңғақ татитын қою да өткір дәм шығады. Эспрессо дайындағанға таптырмас кофе. 

Таза салмағы: 200 г

Ресейде шығарылған

350 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Мұндай жұпар иісті қоспаға арналған дәндерді үш елдің плантацияларынан жинайды, олар: Бразилия, Уганда және Үндістан. Купаж таңдаулы «Specialty» класының арабикасының дәндеріне негізделеді, ол дайын болған сусынға бекзат нәзіктік пен тереңдік сыйлайды. Бұл қоспаның қоюлығы мен жұпар иісін, кофені жарқын акценттерге байытатын селекциялық робустадан алады. 

Medium-қуырудың әсерінен бұл сусынның дәмі бір жағынан өткір қасиетке ие болса, екінші жағынан нәзік дәмі мен қанық жұпар иісін сақтап қалады. 

Бірегей орташа ұнтақтау әдісі ең танымал қайнату тәсілдеріне жарайды. Ол сусынға керемет дәм бере отырып, сүзгенде сүзгіде жақсы ұсталып қалады. 

Кімдерге арналған?

  • Кофеден хабары бар адамдарға. 
  • Энергия қажет ететін жандарға.
  • Дәндердің сапасы мен қуырылуына көңіл бөлетіндерге.
  • «Specialty coffee» класы – әлемнің ең үздік плантацияларында өсірілген таңдаулы кофе дәндері. Мұндай кофе экологиялық таза аумақтарда пісіп, қолмен жиналады. Кофе дәндері пішіні, өлшемі мен сапасына қарай мұқият сұрыпталып, тек қана табиғи құралдармен өңделеді. Әлем бойынша тек 10% кофе ғана осындай жоғары класқа сәйкес келеді. 
  • Дұрыс қуырылу – әр сұрыпты сертификатталған роаст-мастерлер бірегей рецепт бойынша ерекше әдіспен қуырады.
  • Кофені қуырған бойда ұнтақтап, бөлшектеп өлшейтіндіктен, кофе дәндерінің берекелі дәмі мен жарқын жұпар иісі сақталып қалады. 
  • Әр кофе орамасы көмірқышқыл газын бөліп, орама ішіне оттегі жібермейтін газсыздандыратын клапанмен жабдықталған. Соның нәтижесінде кофені сақтау барысында оның дәмі мен жұпар иісі сақталып қалады. 

90 % арабика, 10 % робуста

Біз ұсынатын кофе әзірлеу тәсілдері.

4 шай қасық ұнтақталған кофені френч-преске салып, үстіне 250 мл* қайнаған су құйып, 4 минут тұндырыңыз. Сусынды рахаттанып ішіңіз.

*500 мл қайнаған суға 8 шай қасық кофе.

250 мл суға есептелген 4 шай қасық ұнтақталған кофені кофеқайнатқыштың арнайы бөліміне салыңыз. Кофе әзірлейтін сүйікті бағдарламаңызды қосыңыз. Жұпар иісті әрі дәмді сусынды рахаттанып ішіңіз.

Қарсы көрсетімдер: құрамындағы компоненттерді көтере алмау. 18 жасқа толмаған балаларға, жүкті және бала емізетін әйелдерге, сондай-ақ ұйқысыздық, артериялық гипертензия және асқынған жүйке қозғыштығына шалдыққан адамдарға қолданбаған жөн.

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз