Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
YO Coffee

ORIGINAL ұнтақталған кофесі

Medium-қуыру әдісімен әзірленген 100% колумбиялық арабика моносұрпы жеміс пен шоколадтың қанық жұпар иісі мен өткір дәмін сыйлайтын дәмдеуіштер мен тәттілердің үйлескен жеңіл дәміне ие. 

Таза салмағы: 200 г

Ресейде шығарылған

350 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Колумбиялық арабика әлемдегі ең үздік кофе сұрыптарының бірі ретінде әлдеқашан мойындалған. Бұл аймақтың климаттық жағдайы кофе ағаштарын өсіруге өте қолайлы. Олар теңіз деңгейінен 1000-нан 1800 метрге дейінгі биіктікте, көлеңкелі жерде өседі, осылайша ағаштар тік күн сәулелерінен сенімді қорғалады. Бұл кофе дәмінің ерекше жұмсақ болуын қамтамасыз етеді. 

Жемісті жинап өңдегенге дейінгі барлық өндіріс сатылары мұқият қадағалаудан өтіп, дәндердің теңдессіз сапасының сақталуын қамтамасыз етеді. 

Medium-қуырудың әсерінен бұл сусынның дәмі бір жағынан өткір қасиетке ие болса, екінші жағынан нәзік дәмі мен қанық жұпар иісін сақтап қалады. 

Кімдерге арналған?

  • Кофеден хабары бар адамдарға. 
  • Энергия қажет ететін жандарға.
  • Дәндердің сапасы мен қуырылуына көңіл бөлетіндерге.
  • «Specialty coffee» класы – әлемнің ең үздік плантацияларында өсірілген таңдаулы кофе дәндері. Мұндай кофе экологиялық таза аумақтарда пісіп, қолмен жиналады. Кофе дәндері пішіні, өлшемі мен сапасына қарай мұқият сұрыпталып, тек қана табиғи құралдармен өңделеді. Әлем бойынша тек 10% кофе ғана осындай жоғары класқа сәйкес келеді. 
  • Дұрыс қуырылу – әр сұрыпты сертификатталған роаст-мастерлер бірегей рецепт бойынша ерекше әдіспен қуырады.
  • Кофені қуырған бойда ұнтақтан, бөлшектеп өлшейтіндіктен, кофе дәндерінің берекелі дәмі мен жарқын жұпар иісі сақталып қалады. 
  • Әр кофе орамасы көмірқышқыл газын бөліп, орама ішіне оттегі жібермейтін газсыздандыратын клапанмен жабдықталған. Соның нәтижесінде кофені сақтау барысында оның дәмі мен жұпар иісі сақталып қалады. 

100 % колумбиялық арабика

Біз ұсынатын кофе әзірлеу тәсілдері.

4 шай қасық ұнтақталған кофені френч-преске салып, үстіне 250 мл* қайнаған су құйып, 4 минут тұндырыңыз. Сусынды рахаттанып ішіңіз.

*500 мл қайнаған суға 8 шай қасық кофе.

250 мл суға есептелген 4 шай қасық ұнтақталған кофені кофеқайнатқыштың арнайы бөліміне салыңыз. Кофе әзірлейтін сүйікті бағдарламаңызды қосыңыз. Жұпар иісті әрі дәмді сусынды рахаттанып ішіңіз.

Қарсы көрсетімдер: құрамындағы компоненттерді көтере алмау. 18 жасқа толмаған балаларға, жүкті және бала емізетін әйелдерге, сондай-ақ ұйқысыздық, артериялық гипертензия және асқынған жүйке қозғыштығына шалдыққан адамдарға қолданбаған жөн.​

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз