Старая версия сайта

Перейти
Бизнес-инструменты

Фирмалық күнделік

NL логотипі белгіленген күнделік – шаруаларды жоспарлайтын тиімді құрал ғана емес, сондай-ақ жарқын әрі стильді аксессуар. Компания менеджерлеріне қолдануға қолайлы әрі серіктестерге бизнес-сыйлық ретінде беруге болады.

Өлшемі: 21x15 см

550 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Компания логотипі белгіленген күнделік — тамаша имидждік және маркетингтік құрал, сондай-ақ ол серіктестеріңіз бен компания клиенттеріне лайықты сыйлық болады. Нақты жоспар құрып, бәріне үлгеріп жүру үшін, жоспарлап қойған шаруаларыңыз бен кездесулеріңізді, саяхаттарыңыз бен өтетін шараларды осы күнделікке жазып қойыңыз. Компания логотипі белгіленген, тығыз да ұстағанға жағымды мұқабасы парақтардың шеттерін бүктеліп қалудан қорғайды. Ақшыл түсті парақтар таза әрі стильді көрінеді, ал мөлдір кейс-футляр блокнотты әртүрлі зақымдардан қорғайды. Қолданатындарға ыңғайлы болу үшін, күнделікке жылтыр бетбелгі жасалған, ол керекті беттерді тез тауып алуға көмектеседі. 

Кімдерге арналған: 

  • Блокнот жақсы көретіндерге. 
  • Әрекеттерді нақты жоспарлайтындарға. 
  • Бәріне үлгергісі келетіндерге. 
  • Уақытын тиімді жұмсап үйренген адамдарға.
  • Компания логотипі белгіленген стильді әрі танымал дизайн.
  • Ықшам өлшем. Сөмкеге оп-оңай сыйып кетеді. 
  • Сыйлық ретінде сыйлауға тамаша идея.

Қағаз, пластик.

Жазбалар жазуға қолданыңыз. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз