Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
BioTune

BioTune

Құрамына сolostrum қосылған, күш-қуат пен сұлулық сыйлайтын өнім

BioTune – құрамына сolostrum қосылған, күш-қуат пен сұлулық сыйлайтын революциялық өнім.

BioTune ағзаның өмірлік күшін қалпына келтіріп, үлкен қаладағы физикалық, химиялық, биологиялық және жүйке-эмоциялық күйзелістерді еңсеруге көмектеседі. 

Әрқайсысы 10 г-нан 25 стик
Ресейде шығарылған
Бағасы: 2 600 рубль (19,5 PV )

2600

BioTune ағзаның өмірлік күшін қалпына келтіріп, үлкен қаладағы физикалық (жылы немесе суық ауа райы, физикалық жүктемелер), химиялық (токсиндер мен ауыр металдар), биологиялық (бактериялар мен вирустар) және жүйке-эмоциялық (эмоциялар мен стресс) күйзелістерді еңсеруге көмектеседі.

BioTune:

  • Ішек микрофлорасы мен зат алмасуды қалпына келтіреді.
  • Салмақты түзеп, асқорытуды дұрыстайды.
  • Күш беріп, жаңа шыңдарды бағындыруға шабыттандырады.
  • Иммунитетті күшейтеді.
  • Ағзаны жасартып, ажарыңды ашады.
  • Көңіл күйді көтеріп, жүйке жүйесін тұрақтандырады.

Кімдерге арналған?

  • Белсенді өмір салтын таңдайтындарға.
  • Денсаулығын күтіп қарайтындарға.
  • Табиғи әрі сапалы ингредиенттерді таңдайтындарға.
  • Заманауи әрі революциялық өнімдерді таңдайтындарға. 
  • Күйзелістен еркін болғысы келетіндерге.
  • Сымбаттылық пен сұлулықты, жастықты таңдайтындарға. 

Табиғи өнім. Инновациялық шешім. Тиімді. Қолайлы. Заманға сай.

Қойылтылған сүзбеленген сүт сарысуы, пісте жаңғағынан жасалған үрбеш (паста), инулин, тұрақтандырылған қойылтылған сүт уызы (сolostrum), ащы шоколад қоспасы 75 % (үгітілген какао, қант, какао ұнтағы, эмульгатор (соя лецитині), табиғи «ваниль» хош иістендіргіші), «Дубинин кешенді өнімі» байытылған тағам өнімі (бидай кебектері, арпа уыты, қарабидай уыты, қытай шайы (көк), ламинария (теңіз орамжапырағы), татқұлақ (қайың саңырауқұлағы), қос ұялы қалақай, егіс қырықбуыны, екпе бұршақ, қан-қызыл долана, кәдімгі үрмебұршақ, көктемгі итмұрын (жемісі), жасымық, екпе жоңышқа, кәдімгі зығыр (дән), етжапырақ бадан (тамырсабақ), қызғылт семізот (алтын тамыр), кәдімгі кардамон, қара бұрыш, біржылдық бұрыш (қызыл), зімбір, жалаң мия, қызылша пектині, алма пектині, агар-агар, ақ саз, чили, емдік жаужапырақ, тазартылған құрғақ сыра ашытқысы, лактулоза), «Ультрастаб» кешенді антиоксиданты (дигидрокверцетин, натрий пропионаты (консервант), натрий ацетаты (консервант), құмырсқа қышқылы (консервант), токоферол (Е дәрумені), натрий цитраты (консервант)), ақ қызылша қанты, табиғи Natural orange emulsion flavor (no color) «апельсин» тағамдық хош иістендіргіші.

Тағамдық құндылығы (100 г өнімде): ақуыз – 7 г, май – 10 г, көмірсу – 32 г, Е дәрумені – 0,7 мг. Энергетикалық құндылығы (100 г өнімде) – 250 ккал / 1050 кДж.

2 стиктің (20 г) құрамында: инулин – 0,54 г (адекватты тұтыну деңгейінің 22 %-ы), ақуыз – 1,4 г, май – 2 г, көмірсу – 6,4 г, Е дәрумені – 0,14 мг. Энергетикалық құндылығы – 50 ккал / 210 кДж.

Қолдану тәсілі: өнім пайдалануға дайын түрде берілген, күніне 2 стиктан пайдаланыңыз. Қажет болса, артынан су ішуге болады.

Өнім құрамындағы компоненттерді көтере алмаудан басқа ешқандай шектеу жоқ. 18 жасқа толмаған балаларға, жүкті және бала емізетін әйелдерге ішуге болмайды. Қандай да бір сырқатыңыз болса, өз дәрігеріңізбен кеңескеніңіз жөн.

+1 °С-тан +28 °С-қа дейінгі температурада сақтау керек. Мұздатуға болмайды.

Сақтау мерзімі: шығарылған күннен бастап 12 ай.

Өнім туралы пікірлер BioTune

Сіздің тұрғылықты жеріңіз