Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Be Loved

Лаванда қосылған гидрогельді патчылар

антистресс-әсер

Гидрогельді патчылар – корей косметикасының басты хит өнімі әрі толыққанды күтімге уақыт тапшы болғанда көмекке келетін құтқарушы. Биологиялық белсенді пептидтердің арқасында бұл патчылар нәзік қабақ терісін қарқынды түрде ылғалдандырып, сергітіп әрі әлдендіре отырып, көз қарасыңызды жарқыратады. Тиімді компоненттер қосылған формулалар жасушаларды пайдалы микроэлементтерге байытады, көздің астындағы қара дақтарды ағартады, ісіну мен шаршауды басады. Күнделікті қолдануға арналған. 

60 дана (90 г)

Кореяда шығарылған

1290

BL Oriental Beauty Purple гидрогельді патчылары – корей косметикасының ғылыми жетістіктерінің квинтэссенциясы. Биологиялық белсенді пептидтердің арқасында бұл патчылар терінің бітімі мен иілгіштігіне тамаша әсер етеді. Ацетил гексапептид-8 ботокс тәрізді әрекет етеді, яғни мимикалық әжімдерді азайтып, жаңа әжімдердің пайда болуына тосқауыл қояды. Лаванданың антистресс-әсері теріні ылғалдандырып, шаршау іздерін жойып, көздің астындағы қара дақтарды ағартып, келбетіңіздің тыныққан әрі сергек күйге келуіне септеседі.

Кімдерге арналған?

  • Жаңаға құмар жандарға. 
  • Экспресс сұлулық құралын іздеп жүргендерге.
  • Стильді орамаға құмар жандарға.
  • Косметиканың сапалы әрі қауіпсіз болуын маңызды санайтындарға.
  • Косметиканың әсері болғанын қалайтындарға. 
  • Дерматологтардың сынағы мен мақұлдауынан өткен. 
  • Құрамында SLS, парабендер мен минералды майлар жоқ. 
  • Тері ұзақ уақытқа ылғалдандырылады. 
  • Мимикалық әжімдерді азайтады. 
  • Ісінуді басып, көздің астындағы қара дақтарды кетіреді. 

WATER, GLYCERIN, CARRAGEENAN, BUTYLENE GLYCOL, PEG-60 HYDROGENATED CASTOR OIL, CERATONIA SILIQUA (CAROB) GUM, SUCROSE, PROPANEDIOL, PENTYLENE GLYCOL, COCOS NUCIFERA (COCONUT) FRUIT EXTRACT, PINUS SYLVESTRIS LEAF EXTRACT, GLUCOMANNAN, ALLANTOIN, ETHYL HEXANEDIOL, 1,2-HEXANEDIOL, CYAMOPSIS TETRAGONOLOBA (GUAR) GUM, CALCIUM CHLORIDE, POTASSIUM CHLORIDE, LAVANDULA ANGUSTIFOLIA (LAVENDER) FLOWER POWDER, CELLULOSE GUM, CHLORPHENESIN, CALCIUM LACTATE, ARGININE, DIPOTASSIUM GLYCYRRHIZATE, CAPRYLYL GLYCOL, ETHYLHEXYLGLYCERIN, DISODIUM EDTA, POLYGLYCERYL-10 LAURATE, ACACIA SENEGAL GUM, PEAT WATER, HYDROXYPROPYL METHYLCELLULOSE, TOCOPHEROL, ACETYL HEXAPEPTIDE-8, FRAGRANCE, CI 60730.

Белсенді компоненттер 

  • Ацетил гексапептид-8 ботокс тәріздес әрекет етеді, мимикалық әжімдерді азайтып, жаңа әжімдердің алдын алуға көмектеседі.
  • Айқын білінетін антистресс-әсері бар лаванда сығындысы теріні ылғалдандырып, шаршау іздерін жойып, көздің астындағы қара дақтарды ағартып, келбетіңіздің тыныққан әрі сергек күйге келуіне септеседі. 
  • Аллантоин эпидермистің жаңаруын жеделдетеді, бос радикалдардың жағымсыз әсерін бейтараптандырады, тіндердің регенерациясын тездетіп, жасушаның қартаю процесін баяулатады. Терінің жазылуына ықпал етеді, оның тосқауыл қою қасиеттерін қалпына келтіреді.
  • Кокос сығындысы теріні әп сәтте қоректік микроэлементтер мен ылғалға байытады. Теріні жұмсартып, балғындық сезімін сыйлайды, теріні тыныштандырып, шаршау іздерін басады. 

Алдын ала тазартылып, құрғатылған астыңғы қабаққа астыңғы кірпіктерден 2 мм-дей орын қалдырып жабыстырыңыз. Шамамен 20-30 минуттан кейін алып тастаңыз. Өнімнің қалдығын теріге сәл ұрғылап сіңіріңіз. Жуып тастамаңыз. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз