Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Be Loved

Ваннаға арналған «Афродита ваннасы» құрғақ сүті

Ваннаға арналған «Афродита ваннасы» құрғақ сүті

Афродитаның сән-салтанатты сүт ваннасына түсіп көріңіз. Aphrodite Bath кокос сүтінің нәп-нәзік үлпектерінің бар болғаны бір уысы – қарапайым ваннаға түсуді нағыз спа-рәсімге айналдырып жібереді!

Ылғалдандырғыш сүт құрамындағы табиғи кокос сүтінің арқасында теріні ылғалдандырып, жібектей жұмсақ етеді. Экзотикалық кокостың еліктіргіш жұпар иісіне бөлейтін сүт ваннасына түсіп көріңіз!

250 г

Ресейде шығарылған

460
!Сыйлық шотынан төлеуге болады
!Тауар қоймада жоқ

Бұл сүттің құрамында дәрумендер мен минералдардың, микроэлементтердің тұтас кешені қамтылған әрі ол қоректендіріп, ылғалдандыру арқылы теріге тамаша әсер етеді.

Кокос сүті терінің гидролипидтік теңгерімін тұрақтандырып, созылғыштық және иілгіштік қасиеттерін сақтауға септеседі.

Бадам майы теріге қажетті дәрумендерді жеткізіп, оның жас күйінде сақталуына септеседі, теріні тынықтырады.

Кімдерге арналған?

  • Жаңа өнімді қолданып көргісі келетіндерге. 
  • Ораманың стильді болғанын ұнататындарға. 
  • Косметиканың сапасы мен қауіпсіздігіне мән беретіндерге. 
  • Косметиканың әсері болғанын маңызды санайтындарға.
  • Табиғи кокос майына негізделген.
  • Теріні қоректендіріп, ылғалдандырады.
  • Шаршауды басуға көмектеседі.
  • Құрамында силикондар, парабендер, минералды майлар жоқ.

COCOS NUCIFERA (COCONUT) MILK POWDER, SODIUM BICARBONATE, CORN STARCH, CITRIC ACID, PRUNUS AMYGDALUS DULCIS (SWEET ALMOND) OIL, AROMA.

100–150 г құрғақ сүтті (қалташаның жартысын) қолайлы температурадағы (37–39 °С) су толтырылған ваннаға салып, ерітіңіз. Ваннаға 10–15 минуттай түсіңіз. Қоспаның мөлшерін қалауыңызға қарай арттыруыңызға болады. Пайдалы майлар мен компоненттердің жақсы сіңуі үшін, ваннаға түсер алдында душқа түсіп, теріні тазартып алуға кеңес береміз.

Қарсы көрсетімдер: теріде ашық жарақаттар болса, медициналық қарсы көрсетімдер болса және өнім құрамындағы компоненттерді көтере алмаған жағдайда ваннаға түсуге болмайды.

Өнім туралы пікірлер Ваннаға арналған «Афродита ваннасы» құрғақ сүті

Сіздің тұрғылықты жеріңіз