Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Be Loved

Гиалурон қышқылы мен амин қышқылдары қосылған мицеллалы су

Тазартқыш күтім

Мицеллалы су бет пен көздің айналасындағы теріні ұқыптап тазартады. Мицелла атты белсенді молекулалар май жасушаларын, шаң-тозаң мен токсиндерді тартып, ластарды оңай ерітіп, оны тері бетінен әп сәтте кетіреді. Гиалурон қышқылы мен табиғи L-PCA амин қышқылы – терінің табиғи ылғалдандырғыш факторының (NMF) негізгі компоненттері, олар гидролипидтік қорғаныш қабатын тұрақтандырып, терінің қабыршақтанып, тартылып қалғандай сезім тудыруына тосқауыл қойып, оны ылғал да иілгіш күйінде сақтайды. Жүзім сүйектерінің майы тері жасушаларының жаңаруына септесіп, оны мақпалдай нәзік әрі созылғыш етеді. 

Барлық тері түрлеріне арналған 

200 мл
Ресейде шығарылған

695
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Гиалурон қышқылы мен амин қышқылдары қосылған мицеллалы су теріні бір ғана қимылмен ұқыпты әрі мұқият тазартады. Теріге жақын табиғи компоненттер бет пен еріндегі, көздің айналасындағы сезімтал терідегі макияжды әп сәтте кетіріп, теріні ылғалдандырып, сергітіп, оны жас күйінде сақтайды. 

Кімдерге арналған?

  • Жеке күтім бағдарламасын іздеп жүргендерге. 
  • Ораманың стильді болғанын ұнататындарға. 
  • Косметиканың сапасы мен қауіпсіздігіне мән беретіндерге. 
  • Косметиканың әсері болғанын маңызды санайтындарға.
  • Тартылу сезімінсіз теріні ұқыпты тазартады.
  • Зәйтүн мен жүзім дәндерінің бағалы майлары теріні құнарландырады, кебуіне жол бермейді.
  • Құрамында теріні ылғалдандыратын гиалурон қышқылы және алоэ сығындысы бар.
  • Бет терісінде майлы қабық қалдырмайды.
  • Жасушаның қалыпқа келуін жеделдетеді және жастығын сақтайды.
  • Тері маңындағы макияжды кетіру үшін қолдануға болады.
  • Терінің барлық түрлеріне, оның ішінде сезімтал теріге арналған.
  • Құрамында SLS, спирт пен парабендер жоқ. 

WATER*, SODIUM HYALURONATE, OLEA EUROPAEA FRUIT OIL*, SODIUM PCA (AND) AQUA*, PEG-7 GLYCERYL COCOATE, PEG-40 HYDROGENATED CASTOR OIL*, VITIS VINIFERA (GRAPE) SEED OIL*, SODIUM LAUROYL OAT AMINO ACIDS, POLYSORBATE 20, GLYCEROL*, PANTHENOL, ALOE BARBADENSIS LEAF EXTRACT*, SODIUM BENZOATE (AND) POTASSIUM SORBATE, SILVER CITRATE, FRAGRANCE.

* Табиғи текті компоненттер.

Мицеллалы суды мақта дискіне құйып, жеңіл қозғалыспен қабақтағы, беттегі және мойындағы макияжды кетіріңіз. Сумен жуып жіберіңіз. 

Кей компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн.

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз