Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Be Loved

Мультидәруменді сарысу

терінің әп сәтте құлпыруы

Бұл сарысу бірінші қолданғаннан-ақ теріңізді құлпыртып, оны мақпалдай нәзік етеді. Сонымен қатар, ол беттің реңін тамаша тегістеп, шаршау іздерімен күресуге көмектеседі. Нәзік хош иіс жанға рахат сыйласа, өсімдік сығындылары мен табиғи майлар теріңізге ұқыпты күтім көрсетіп, оның сапасын айтарлықтай жақсартып, терідегі кемшіліктерді кетіреді. SPF 20.

30 ml

Ресейде шығарылған

1190
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Бірінші қолданғаннан-ақ теріні құлпыртып, оны мақпалдай нәзік күйге бөлейді. теріңіз сергіп, жарқырап, ал бетіңіздің реңі біркелкіленіп шыға келеді. Ұсақ әжімдерді тиімді түрде тегістеп, терідегі ұсақ тесіктерді тарылтады, тегістегіш қасиеті бар.  

Кімдерге арналған?

  • Жеке күтім бағдарламасын іздеп жүргендерге. 
  • Ораманың стильді болғанын ұнататындарға. 
  • Косметиканың сапасы мен қауіпсіздігіне мән беретіндерге. 
  • Косметиканың әсері болғанын маңызды санайтындарға.
  • Айқын нәтиже. Құралдардың тиімділігі тұрақты клиенттердің ой-пікірі мен тәуелсіз ерікті тестілеу нәтижелерімен дәлелденген.
  • Be Loved косметикасының негізі – косметология саласындағы ең жаңа ғылыми жаңалықтар мен теріге күшті әсер етіп, ондағы ақауларды жасушалық деңгейде шешетін айрықша компоненттерден құрылған.
  • Ұқыпты күтім. Барлық құралдар SLS пен парабендерден таза, бейтарап pH-ке ие, ең нәзік әрі сезімтал деген теріге де қолдануға болады.
  • Керемет текстуралар. Жеп-жеңіл, ерігіш текстуралар теріңізге тиген бойда еріп, премиум санатты күтімнің рахатын сыйлайды.
  • Франциялық жұпар иістер. Әлемдік парфюмерлер астанасы саналатын Грасса қаласынан әкелінген таңдаулы жұпар иістер күнделікті күтімді нағыз рахатқа айналдырады.

Белсенді компоненттер: СellСode®57, бидай фитопротеиндері, жапон ақмиясы мен шай ағашының майлары, сығындылар: қырмызыгүл, түймедақ, сәлбен, алоэ, жұмыртқаның ақуызы, сабыншөп, аюбалдырған, қараот, жабайы ямс, жолжелкен, ува урси, камелии, байкалдық томағашөп тамыры; шайыртас қышқылы, А дәрумені.

Құрамы: СELLCODE®57, ISONONYL ISONONANOATE, SOPHORA JAPONICA OIL, CYCLOPENTASILOXANE (AND) DIMETHICONE CROSSPOLYMER, CAPRYLYL METHICONE, HYDROLYZED WHEAT PROTEIN, CYCLOPENTASILOXANE, TOCOPHEROL, PHENYL TRIMETHICONE, CALENDULA OFFICINALIS (CALENDULA) FLOWER EXTRACT, CHAMOMILLA RECUTITA FLOWER EXTRACT, SALVIA OFFICINALIS LEAF EXTRACT, ALOE BARBADENSIS LEAF EXTRACT , EGG EXTRACT, SAPONARIA BARK EXTRACT, ANGELICA ACUTILOBA ROOT EXTRACT, PORTULACA PILOSA EXTRACT, DIOSCOREA VILLOSA ROOT EXTRACT, PLANTAGO LANCEOLATA LEAF EXTRACT, ARCTOSTAPHYLOS UVA URSI LEAF EXTRACT, CAMELLIA SINENSIS (GREEN TEA) LEAF EXTRACT, SCUTELLARIA BAICALENSIS ROOT EXTRACT, DIPOTASSIUM GLYCYRRHIZINATE, ASCORBYL GLUCOSIDE, SUCCINIC ACID, BISABOLOL, SILVER CITRATE, RETINOL ACETATE, TEA TREE OIL, FRAGRANCE.

Алдын ала тазартылған бет терісіне көздің айналасына тигізбей, жеңіл уқалап жағыңыз. Сарысуды күндізгі немесе түнгі кремнің астына жағуға немесе жеке құрал ретінде қолдануға болады.

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз