Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Be Loved

«Anti-age бақылау» маскасы

серпімділігі мен иілгіштігін жоғалтқан теріге арналған қарқынды күтім

Бұл маска теріні қарқынды түрде ішінен қалпына келтіріп, жаңартып, әп сәтте айқын нәтиже береді. Белсенді құрылымдағыш A.G.E.-matrix матрицасы терідегі жас ерекшелігіне байланысты шығатын өзгерістерді өшіріп, әжімнің пайда болу себебін жояды. Физалис пен азиялық центелла коллаген синтезіне әсер етіп, капиллярларды нығайтып, қан айналымын жақсартып, терінің созылымдығын арттырады. Нәтижесінде жасушалар өздерінің жастық потенциалдарын іске қосатындықтан, әжімдер тегістеле бастайды, ал бет терісі айтарлықтай тегіс әрі иілгіш боп шыға келеді. 

50 мл

Ресейде шығарылған

595
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Тиімді anti-age маска арнайы әжімдерді кетіріп, теріні регенерациялау үшін жасап шығарылған. Физалис пен азиялық центелла табиғи лифтинг әсерді қамтамасыз етеді, яғни коллаген синтезіне әсер етіп, капиллярларды нығайтып, терінің созылымдығын арттырады. Тері айтарлықтай түрленіп, сергек те тыныққан күйге бөленіп, беттегі мимикалық әжімдер тегістеледі. 

Кімдерге арналған?

  • Жеке күтім бағдарламасын іздеп жүргендерге. 
  • Ораманың стильді болғанын ұнататындарға. 
  • Косметиканың сапасы мен қауіпсіздігіне мән беретіндерге. 
  • Косметиканың әсері болғанын маңызды санайтындарға.
  • Айқын нәтиже. Құралдардың тиімділігі тұрақты клиенттердің ой-пікірі мен тәуелсіз ерікті тестілеу нәтижелерімен дәлелденген.
  • Be Loved косметикасының негізі – косметология саласындағы ең жаңа ғылыми жаңалықтар мен теріге күшті әсер етіп, ондағы ақауларды жасушалық деңгейде шешетін айрықша компоненттерден құрылған.
  • Ұқыпты күтім. Барлық құралдар SLS пен парабендерден таза, бейтарап pH-ке ие, ең нәзік әрі сезімтал деген теріге де қолдануға болады.
  • Керемет текстуралар. Жеп-жеңіл, ерігіш текстуралар теріңізге тиген бойда еріп, премиум санатты күтімнің рахатын сыйлайды.
  • Франциялық жұпар иістер. Әлемдік парфюмерлер астанасы саналатын Грасса қаласынан әкелінген таңдаулы жұпар иістер күнделікті күтімді нағыз рахатқа айналдырады.

CROSSPOLYMER, GLYCERIN*, SODIUM HYALURONATE, CENTELLA ASIATICA EXTRACT*, PHYSALIS EXTRACT, PANTHENOL, SQUALANE*, MACADAMIA TERNIFOLIA SEED OIL*, BORAGO OFFICINALIS SEED OIL*, HYDROXYETHYL ACRYLATE/METHOXYETHYL ACRYLATE COPOLYMER (AND) SODIUM ACRYLATE/SODIUM ACRYLOYLDIMETHYL TAURATE COPOLYMER, CHITOSAN*, BEESWAX*, TOCOPHEROL*, SPIRULINA EXTRACT*, CROTON LECHLERI RESIN EXTRACT*, CHONDRUS CRISPUS (CARRAGEENAN) EXTRACT*, ORYZA SATIVA (RICE) BRAN EXTRACT*, TREMELLA FUCIFORMIS EXTRACT*, AVENA STRIGOSA (BLACK OATS) SEED EXTRACT*, ASPARAGUS OFFICINALIS EXTRACT*, IMPERATA CYLINDRICA ROOT EXTRACT*, DIPOTASSIUM GLYCYRRHIZINATE*, SODIUM BENZOATE (AND) POTASSIUM SORBATE, ACACIA SENEGAL GUM & XANTHAN GUM*, TREHALOSE*, BISABOLOL*, SILVER CITRATE, ALLANTOIN*, FRAGRANCE.

*Табиғи текті компоненттер

Белсенді компоненттер:

  • CellCode®57 жасуша құрылымдаушысы (21 амин қышқылы, 19 дәрумен, 8 минералды тұз, 6 нуклеотид және 3 көмірсутек) – жасушаның саулығына арналған 57 элемент. Ресей ғалымдарының эксклюзивті өнімі терідегі бұзылған процестерді қалпына келтіреді, жаңа сау жасушалардың өсуін жеделдетеді, әрі ұзақ мерзімді қалпына келу және жасару бағдарламасын қамтамасыз етеді. Белсенді ингредиенттерді эпидермистің терең қабаттарына жеткізе отырып, теріге барынша жақсы сіңеді. 
  • A.G.E.-matrix (ревератрол, теңіз коллагені, церамидтер) – қартаюға қарсы күшті кешен әжімдердің пайда болу себептерімен күреседі. Белсенді ақуыз әжімдерді ішінен итеріп шығарып, коллаген және эластин талшықтарының құрылымын қалыпқа келтіреді, жүзім сабағынан жасалған ресвератрол антиоксиданты УК-сәулеленуден қорғайды, ал табиғи церамидтер теріні ылғалдандырып, ылғалдың жоғалуына жол бермейді. 
  • Теңіз балдырларының сығындылары (спирулина Spirulina, кодиум Codium, ирландиялық мүк Chrondus Chrispus) – теріні ылғалдандырады, жұмсартып, тыныштандырады. К дәруменіне бай, соның нәтижесінде иммунитетті төмендететін және қартаю сигналы қызметін атқаратын қабыну элементтерінің ағзада өндірілуіне тосқауыл қояды, сондай-ақ ол терінің жұмсарып, тегістелуіне ықпал етеді. Терінің беткі қабатында тегіс ылғал сақтағыш қабық құрып, ылғалды ұстап тұрады; бактерияға қарсы әрекет ететін қасиеті бар, ұсақ қабынулардың жазылуын жеделдетіп, теріні қоршаған ортаның жағымсыз әсерінен қорғайды. 
  • Азиялық центелла – коллаген синтезіне ықпал етіп, терінің терең қабаттарындағы бұл процестің өнімділігін 30%-ға арттырады. Центелла сығындысы қосылған косметикалық құралдарды пайдаланған соң тері жинақы да иілгіш кейіпке келеді. Азиялық центелла капиллярлар мен тамырларды нығайтып, тері фибробластыларын қоздырып, қан айналымын жақсартады, осының арқасында байланыстырғыш тіндердің серпімділігі айтарлықтай артады. Бұл өсімдіктің сығындысы эпителийлену процестерін жеделдетіп, ұсақ жаралар мен күйіктердің тез жазылуына, тері жасушаларының тез регенерациялануына ықпал етеді. 
  • Физалис – шаршаған теріні дәрумендер мен қанықпаған май қышқылдарынмен қамтамасыз етеді. Терінің жасаруына және жасушалардың регенерациясына ықпал етеді, теріні қоректендіріп, сергіту үшін қолданылады.

Алдын ала тазартылған, құрғақ бет терісіне көздің айналасына тигізбей жағыңыз. Жумаңыз. 15-20 минуттан соң масканың қалдығын майлықпен сүртіп тастаңыз. Аптасына 1-2 рет қолданыңыз. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз