Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Be Loved

Теріні белсенді түрде ылғалдандыруға арналған гидро-тоник

Гидротоник теріні тазалау процесін ұқыппен аяқтап, теріге сергектік сезімін сыйлап, шаршау іздерін басады. Хитозан мен қызғылт су теріні ылғалдандырып, оның терең қабаттарына белсенді компоненттерді жеткізеді. Белсенді теңіз коллагені эластин және коллаген талшықтарының құрылымын қалпына келтіріп, мимикалық әжімдердің тереңдігін барынша азайтады. Теңіз балдырларының биокешені жасушаларды таптырмайтын микроэлементтерге байытып, терінің жасуша деңгейінде жаңаруын іске қосады. Соның нәтижесінде тері жібектей нәзік болып жұмсарады да, өзге күтім құралдарының тиімділігі бірнеше есе артады.

Барлық тері түрлеріне арналған 

200 мл
Ресейде шығарылған

595
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Теріге күтім беретін тоник теріні ылғалдандырып әрі оған балғындық сезімін сыйлай отырып, бетті тазарту кезеңін толықтыра түседі. Ол айрықша тыныштандырғыш, нығайтқыш және қалпына келтіргіш қасиеттерге ие, май бездерінің жұмысын қалыпқа келтіреді. 

Кімдерге арналған?

  • Жеке күтім бағдарламасын іздеп жүргендерге. 
  • Ораманың стильді болғанын ұнататындарға. 
  • Косметиканың сапасы мен қауіпсіздігіне мән беретіндерге. 
  • Косметиканың әсері болғанын маңызды санайтындарға.
  • Жасуша деңгейінде терінің гидробалансын қалыпқа келтіруге септігін тигізеді.
  • Теңіз балдырлары сығындыларының кешені теріні алмастырылмайтын микроэлементтермен қанықтырады.
  • Раушан гидролаты теріні жұмсартады, оған жұмсақтық пен жібектей нәзік түр сыйлайды. 

ROSA DAMASCENA FLOWER WATER*, SODIUM HYALURONATE, PANTHENOL, GLYCERIN*, IMPERATA CYLINDRICA ROOT EXTRACT*, BAMBUSA VULGARIS EXTRACT*, ASPARAGUS OFFICINALIS EXTRACT*, DIPOTASSIUM GLYCYRRHIZINATE, SODIUM PCA, SPIRULINA EXTRACT*, CODIUM TOMENTOSUM (ALGAE) EXTRACT*, CHONDRUS CRISPUS (CARRAGEENAN) EXTRACT*, SODIUM BENZOATE (AND) POTASSIUM SORBATE, HYDROLYZED COLLAGEN, PEG-40 HYDROGENATED CASTOR OIL*, CHITOSAN*, TREHALOSE, MACADAMIA TERNIFOLIA SEED OIL*, SILVER CITRATE.

* Табиғи текті компоненттер.

Мақта дискіне кішкене тоник құйыңыз. Алдын ала тазартылған бет пен мойын терісін жайлап сүртіп шығыңыз. 

Кей компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн.

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз