Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Be Loved

Жуынуға арналған комфорт-көбік

Қарқынды ылғалдандыру

Үлпілдеген көбік теріні мұқият тазартады, тері тартылып қалғандай сезім қалдырмайды. Ол хитозан деп аталатын баға жетпес ылғалдандырғыш компонентке негізделген, хитозан терінің терең қабаттарына белсенді компоненттерді жеткізу қызметін атақарады. Спирулина мен ирланд мүгі – протеиндер мен дәрумендердің, минералдардың көзі болып табылады, олар терінің табиғи ылғалдық деңгейін сақтап, теріні жұмсартады, рН деңгейін тұрақтандырып, теріні келесі күтім қадамына дайындайды.

Барлық тері түрлеріне арналған 

150 мл
Ресейде шығарылған

595
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Нәзік комфорт-көбік макияж бен күнделікті ластардың қалдықтарын кетіріп, теріні мұқият тазартады. Оның қабынуға қарсы әрекет ететін және теріні сергіткіш қасиеті бар. Терінің табиғи ылғалдық деңгейін сақтап, оны жұмсартады, рН деңгейін тұрақтандырады. 

Кімдерге арналған?

  • Жеке күтім бағдарламасын іздеп жүргендерге. 
  • Ораманың стильді болғанын ұнататындарға. 
  • Косметиканың сапасы мен қауіпсіздігіне мән беретіндерге. 
  • Косметиканың әсері болғанын маңызды санайтындарға.
  • Ультранәзік текстура ең сезімтал терінің өзін ұқыпты тазартуды қамтамасыз етеді.
  • Әп сәтте ылғалдандырады және теріні жұмсартады.
  • Тері тартылып қалғандай сезім қалдырмайды.
  • Теңіз балдырлары сығындыларының кешені теріні қалпына келтіруге арналған протеиндер, дәрумендер мен минералдардың толағай кешенін сыйлайды. 

WATER*, SODIUM LAUROYL OAT AMINO ACIDS, DECYL GLUCOSIDE, SPIRULINA EXTRACT*, CHONDRUS CRISPUS (CARRAGEENAN) EXTRACT*, GLYCEROL*, CHITOSAN*, CODIUM TOMENTOSUM (ALGAE) EXTRACT*, CHAMOMILLA RECUTITA FLOWER EXTRACT*, CAMELLIA SINENSIS (GREEN TEA) LEAF EXTRACT*, IMPERATA CYLINDRICA ROOT EXTRACT*, AVENA STRIGOSA (BLACK OATS) SEED EXTRACT*, VACCINIUM MYRTILLUS LEAF EXTRACT*, PORTULACA PILOSA EXTRACT*, SODIUM BENZOATE (AND) POTASSIUM SORBATE, POLYSORBATE 20, SILVER CITRATE, FRAGRANCE.

* Табиғи текті компоненттер.

Белсенді компоненттер:

SODIUM LAUROYL OAT AMINO ACIDS – сұлы амин қышқылдары, жұмсақ та қауіпсіз бейионогенді ББЗ, балалар косметикасында қолданылады.

SPIRULINA EXTRACT – Спирулина – мырыш концентрациясына бай көк балдырлар, қабынуға қарсы әрекет ететін тамаша ингредиент. Спирулина өте жоғары температурада да өзін сақтап қала алады, одан алынған элементтер теріні барынша жасартып, оны ыстық күн сәулелерінің жағымсыз әсерінен қорғайды. Құрамында 72% протеиндер, B12 дәрумені мен бета-каротин бар. Теріні нығайтып, сергітетін және жинақы етіп тартатын қасиеті бар. 

CHONDRUS CRISPUS (CARRAGEENAN) EXTRACT – каррагинан – қызыл теңіз балдырларынан алынатын полисахарид (Chrondus Chrispus ирланд мүгі), ол К дәруменіне бай болғандықтан, иммунитетті түсіріп, теріні қартайтатын қабындырғыш элементтердің өндірілуіне тосқауыл қояды. Терінің үстіңгі қабатында ылғалды ұстап тұрып, тері бетінде ылғал сақтап тұратын үлбір құрады. Ұсақ қабынулардың тез жазылуына ықпал етіп, теріні қоршаған ортаның жағымсыз әсерлерінен тиімді қорғайды. 

CHITOSAN – Хитозан – теріге жаққанда табиғи ылғалдандырғыш фактордың қалпына келуіне ықпал етеді. Біріншіден, ол тері жасушаларымен байланысқа түсіп, көрінбейтін әрі байқалмайтын жіңішке үлбір, яғни терінің еркін тыныстауына мүмкіндік беретін тамаша ылғал ұстағыш жабын түзеді. Және де, екіншіден, сіңіргіштік қасиетінің арқасында, қорғаныш үлбірі қоршаған ауадан ылғал шығарып, эпидермистің үстіңгі қабатын соған қанықтырады. Хитозан қосылған косметикалардың өткізгіштік қасиеті жақсы болады, ол терінің терең қабаттарына белсенді ингредиенттерді жеткізуді қамтамасыз етеді. Белсенді хитозан регенерация процестерін іске қосып, терінің жасаруынаж септеседі, бактерияға қарсы жұмсақ әрекет ететін қасиеті бар.

CODIUM TOMENTOSUM (ALGAE) EXTRACT – жасыл балдырлар – полисахаридтер мен С дәруменіне, А дәруменіне бай болғандықтан, эластин, коллаген және гиалурон қышқылының синтезін жеделдетеді. Үздіксіз өзгеріп отыратын жағдайда өзін сақтау үшін, кодиум ылғал шығынын реттейтін заттарды өндіруді үйреніп алды. Айқын ылғалдандырғыш әрекет етіп, терінің бетіндегі ылғалдың булануын азайтып, терінің созылғыштығын қалпына келтіруге көмектеседі. 

CHAMOMILLA RECUTITA FLOWER EXTRACT – түймедақ – қабынуға және аллергияға қарсы әрекет ететін әрі жараларды жазатын азуленнің көзі. Жұмсартқыш қасиеті бар, сезімтал тері үшін таптырмас компонент, терінің тітіркенуін басады. УК сәулеленуден қорғайды. 

CAMELLIA SINENSIS (GREEN TEA) LEAF EXTRACT – шайшөп – кофеинге, теоброминге, ферментттерге және С, В, Р, К, РР дәрумендеріне бай. Күшті антиоксиданттық қасиеттерімен танымал, сондықтан УК мен бос радикалдардан жақсы қорғайды. Шайшөп коллагеннің өндірілуіне ықпал етеді, теріні созылғыш әрі иілгіш етеді. 

IMPERATA CYLINDRICA ROOT EXTRACT – цилиндрлік императа – әбден жұқарған жерлерде өсетін, сондай-ақ ештеңе өспеген, өрт болған жерде бірінші болып шығатын таңғажайып өсімдік. Бұл өсімдіктің күштілігі әрі күй талғамайтындығы соншалық, ол кез келген, тіпті ең қиын жағдайлардың өзінде өзін сақтап қала алады, әрі сол жандандырғыш күшін біздің терімізге де бере алады. Императа калий мен тридиметилсульфопропионатқа бай, олар жасушаға келіп түсетін судың мөлшерін арттырып, осмореттегіштер ретінде қызмет атқарады. Императа сырттан ылғалдың енуін жеңілдетіп, суды эпидермис ішінде 24 сағат ұстап тұра алады, осының арқасында тері жас көрінеді.

AVENA STRIGOSA (BLACK OATS) SEED EXTRACT – қара сұлы – көнеден келе жатқан екпе өсімдік, оны жай егіндік сұлы (Avena sativa) өнім бермейтін жерлерде өсірген. Ол амин қышқылдарына, В тобының дәрумендеріне, минералды заттарға (фосфор, темір, кобальт, марганец), сондай-ақ А, К, Е дәрумендеріне бай. Құрамында терідегі ақуыздар құрылымын құрастыруға қажетті мырыш пен кремний қышқылының концентрациясы жоғары деңгейде. Осының арқасында ол зақымдалған теріге күшті емдік әсер береді. Құрамында ылғал ұстап тұратын субстанциялар мөлшері мол болғандықтан, терінің үстінде ылғал үлбір түзіп, терінің табиғи ылғалдандырғыш факторын (NMF, Natural Moisturizing Factor) арттырады.

VACCINIUM MYRTILLUS LEAF EXTRACT – қаражидек жапырақтары – бактерияға қарсы әрекет етеді, тері жасушаларының бөлінуіне және жаралардың тез жазылуына ықпал етеді, теріні тыныштандырады, коллаген талшықтары мен капиллярлардың қабырғаларын нығайтады, соның нәтижесінде тері жарқыраған әрі серпімді күйге енеді. Қаражидек сығындысы терідегі ұсақ тесіктерді тамаша тарылтып, май бездерінің жұмысын реттейді, терінің жансызданған жасушаларының қабыршақтарын түсіреді, қабынуға қарсы әрекет етеді. 

PORTULACA PILOSA EXTRACT – қараот – құрамы дәрумендерге (каротин, B1, B2, С, PP), майлы қышқылдарға (оның ішінде омега-3 те бар), микро және макроэлементтерге, сондай-ақ норадреналинге бай. Қабынуға және бактерияға қарсы күшті әрекет етеді, жаралар мен қабынулардың жазылу процесін жеделдетеді, тітіркенген және аллергияға бейім теріні тыныштандырып, жұмсартады. 

Көбікті ылғал бет терісіне, оның ішінде көздің айналасына жайлап жағыңыз. Сумен мұқият шайыңыз. 

Кей компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз