Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Be Loved

Теріні жаңартқыш Strawberry (Клубника) скрабы

Піскен құлпынай иісі аңқитын нәзік, қантты скраб – үйде жасайтын спа-процедураларға таптырмас құрал. Бамбук микрогранулалары құрақ қантының кристалдарымен үйлесіп, жайлап ысқылайды да, бірінші қолданғаннан-ақ теріні мақпалдай жұмсақ етеді. Ал гиалурон қышқылы мен бағалы майлар кешені теріні ылғалдандырып, қоректендіреді.

200 мл-лік құты

Ресейде шығарылған

730 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Табиғи компоненттерге негізделген жұпар иісті қантты скраб теріні жұмсақ әрі нәзік етеді, оңтайлы гидробалансты сақтап тұрады әрі жасушалардың регенерациясын жеделдетеді. 

  • Құрақ қантының кристалдары теріде еріп, оны тазартып, жұмсартады. 
  • Бамбук микрогранулалары жансызданған жасушалардың қабықшаларын тазартады. 
  • Бидай ұрығының майына негізделген Dragocare W ылғалдандырғыш кешені регенерация процестерін жеделдетеді. 
  • Мақсары, жожоба және бабассу майлары теріні мақпалдай жұмсақ етеді. 

Кімдерге арналған?

  • Жеке күтім бағдарламасын іздеп жүргендерге. 
  • Ораманың стильді болғанын ұнататындарға. 
  • Косметиканың сапалы әрі қауіпсіз болуына мән беретіндерге. 
  • Косметиканың нақты жұмыс істегенін қалайтындарға. 
  • Айқын нәтиже – скрабты бірінші қолданғаннан-ақ тері бұрынғыдан жұмсағырақ әрі нәзік боп шыға келеді.
  • Теріні қарқынды қоректендіріп, ылғалдандыру – скраб құрамында гиалурон қышқылы, өсімдік сығындылары мен табиғи майлар кешені бар.
  • Жарқын хош иістер үйде жасалатын спа-күтімнің ажарын аша түседі.
  • Парабенсіз, табиғи компоненттер негізіндегі құнтты күтім. 
  • Целлюлит белгілерімен күресуге көмектеседі.

Состав: Sucrose, Sodium Lauryl Sulfoacetate, Orbignya Oleifera (Babassu) Seed Oil, Carthamus Oil, Simmondsia Chinensis (Jojoba) Seed Oil, Bambusa Arundinacea Stem Powder, Ficus Carica Extract, Ginkgo Biloba Extract, Zingiber Officinale Extract, PEG-40 Butyloctanol Wheat Germ Esters, Water (Aqua), Parfum, Lactic Acid, Tocopherol, Glycolic Acid, Lactic Acid, Citric Acid, Malic Acid, Tartaric Acid, Linoleic Acid and Linolenic Acid, Hyaluronic Acid, Pantothenic Acid, Tocopherol, Alanine, Valine, Gystin, Glycine, Isoleucine, Tyrosine, Gystin, Cysteine, Biotin, Riboflavin, Retinol, CI 26100.

Белсенді компоненттер

  • АНА-қышқылдар кешені (жеміс қышқылдары: глюколь, сүт, лимон, алма, шарап) – жансызданған жасушалардың қабықшаларын түсіріп, теріні ылғалдандырады, қабынуға қарсы және антиоксиданттық әсер береді. 
  • Табиғи құрақ қанты, бамбук микрогранулалары –​ табиғи тазартқыш компоненттер ең сезімтал терінің өзін жақсы тазартады. 
  • Гиалурон қышқылы –​ табиғи ылғал тартқыш. Оның бір молекуласы өз өлшемінен 100 есе үлкен су көлемін ұстап тұра алады. Ол терідегі су балансын тұрақтандырып, коллаген синтезін жеделдетеді. 
  • Dragocare – бидай ұрығы майына негізделген, мамандандырылған ылғалдандырғыш. Тері липидтерінің шығынын азайтып, оның кеуіп, қабықшақтанып қалуына тосқауыл жасайды, жағымды жұмсақтық сезімін сыйлайды. 
  • Мақсары, бабассу және жожоба майлары –​ тез сіңеді, теріні жұмсартып, қоректендіреді, антиоксиданттық әрекет етеді. 
  • Амин қышқылдары кешені  (аланин, валин, гистидин, глицин, изолейцин, тирозин, цистеин) –​ терінің су және ақуыз балансын жақсартып, оны сауықтырады. Ылғалды ұстап тұрып, тері тонусын арттырады: теріге созылғыштық және шымырлық қасиеттерін береді.
  • Ылғал денеге аз ғана скрабты жағыңыз. 
  • 3-4 минуттай жайлап уқалаңыз. 
  • Көп мөлшердегі сумен жуып тастаңыз. 

Өнім құрамындағы компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн.

Сіздің тұрғылықты жеріңіз