Жаңа интернет-дүкен ұнады ма?

Пікір қалдыру Ескі нұсқа
Be Loved

Мицеллярлық су

Барлық тері түрлеріне арналған

Гиалурон қышқылы және амин қышқылдары бар мицеллярлық су теріні бір жеңіл қозғалыспен ұқыпты және жеңіл тазартады. Теріге пайдалы табиғи компоненттер бет терісі, ерін мен көз маңындағы сезімтал бөліктегі макияжды бірден жояды, жастықты сақтайды, ылғалдандырады және балғындық сыйлайды. 

200 мл

6,7 fl. oz.

Ресейде шығарылған

630 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Мицеллярлық су бет терісін, ерін мен көз маңындағы бөлікті мұқият тазартады. Макияжды тиімді кетіруге арналған теңдессіз өнімді сезімтал тері үшін де пайдалануға болады. Мицеллалар – май жасушаларын, шаң мен токсиндерді тартатын белсенді молекулалар, ластануды жеңіл ерітеді және оларды бет терісінен бірден жояды. Құрамындағы қуатты табиғи ылғалдандырғыштардың арқасында мицеллярлық су табиғи-липидтік мантия – табиғи қорғаныс қабатын қорғайды. 

  • Зәйтүн майы тазартқыш, әрлендіргіш және жасартқыш әсерге ие. Ол жасушалардың қалпына келу үрдісін жеделдетеді, нәтижесінде терінің табиғи жұмсақтығы, серпімділігі және жастығын ұзаққа сақтауға мүмкіндік береді.
  • Жүзім дәндерінің майы бет терісін белсенді жаңартады, терінің жансызданған жасушаларын тиімді жояды, жұмсақ және жібектей күй сыйлайды. Байланыстырғыш тіндердің нығаюына септігін тигізеді, тері жасушаларының жаңаруын жеделдетеді.
  • Гиалурон қышқылы және L-PCA   табиғи амин қышқылы – теріні табиғи ылғалдандыру факторының (NMF) негізгі компоненттері. Олар гидролипидтік қорғаныс қабатын сақтайды, қабыршықтануға және терінің тартылу сезімдеріне жол бермейді, теріні ылғал және серпімдік күйде сақтайды.
  • Алоэ сығындысы антиоксиданттық әсер береді, теріні ылғалдандырады және тыныштандырады. Қабынуды жояды, қалпына келуді жеделдетеді. 

Кімдерге арналған?

  • Жеке күтім бағдарламасын іздеп жүргендерге. 
  • Ораманың стильді болғанын ұнататындарға. 
  • Косметиканың сапасы мен қауіпсіздігіне мән беретіндерге. 
  • Косметиканың әсері болғанын маңызды санайтындарға.
  • Тартылу сезімінсіз теріні ұқыпты тазартады.
  • Зәйтүн мен жүзім дәндерінің бағалы майлары теріні құнарландырады, кебуіне жол бермейді.
  • Құрамында теріні ылғалдандыратын гиалурон қышқылы және алоэ сығындысы бар.
  • Бет терісінде майлы қабық қалдырмайды.
  • Жасушаның қалыпқа келуін жеделдетеді және жастығын сақтайды.
  • Тері маңындағы макияжды кетіру үшін қолдануға болады.
  • Терінің барлық түрлеріне, оның ішінде сезімтал теріге арналған.
  • Құрамында SLS, спирт пен парабендер жоқ. 

Белсенді компоненттер: зәйтүн мен жүзім сүйектерінің майы, гиалурон қышқылы мен табиғи L-PCA амин қышқылы (терінің табиғи ылғалдандырғыш факторының негізгі компоненттері), алоэ сығындысы.

WATER, OLEA EUROPAEA FRUIT OIL, PEG-7 GLYCERYL COCOATE, PEG-40 HYDROGENATED CASTOR OIL, VITIS VINIFERA (GRAPE) SEED OIL, SODIUM LAUROYL OAT AMINO ACIDS, POLYSORBATE-20, SODIUM HYALURONATE, GLYCEROL, PANTHENOL, SODIUM PCA (AND) AQUA, ALOE BARBADENSIS LEAF EXTRACT, SILVER CITRATE, FRAGRANCE.

  • Мақта дискіне мицеллярлық судан сәл құйыңыз. 
  • Бет және мойын терісі мен қабақ үстіндегі макияжды жайлап сүртіп кетіріңіз. 
Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз