Старая версия сайта

Перейти
Be Loved

Ылғалдандыратын сабын (ақшыл көк түсті сәлдегүл)

Жожоба майы қосылған кәдесый түріндегі сабын

Қолдан жасалған кәдесый түріндегі сабын теріні ұқыпты тазартып, ылғалдандырады. Жожоба майы теріні құнарландырады әрі оның жастығын сақтап, сау және әдемі күйге келтіреді. Ақшыл сәлдегүл түріндегі теңдессіз сабын формасы, нәзік хош иісі және стильді қаптамасы бұл сабынды таптырмас қосымша сыйлыққа айналдырады. 

80 г

Ресейде шығарылған

270 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Кәдесый түріндегі ылғалдандырғыш сабын – туыстар мен достарға арналған керемет сыйлық. Теріні құрғатпай, ұқыпты тазартады, құнарландырады және липидтік қабықты нығайтады, ылғал шығынына жол бермейді. Кез-келген тері түріне қолдануға болады, тез көпіреді. Балғын гүл иісі теріде ұзақ сақталады және керемет көңіл күй сыйлайды.

  • Глицерин – су тартады және теріні қарқынды ылғалдандырады. Жасартатын әсер береді.
  • Жожоба майы – теріні жұмсартады және құнарландырады. Тазартады, тыныштандырады және қызаруды жояды. 
  • Терінің құрылымын зақымдамай, сапалы тазартады. 
  • Құрамында парабендер мен SLS жоқ.
  • Теріні тітіркендіріп, құрғатпайды.
  • Теріні қоректендіріп, ылғалдандырады әрі жұмсартады. 
  • Аллергия туғызбайды.
  • Үлкен, үнемді құты.

Sodium cocoate, propylene glycol, sodium stearate, glycerin, water, sorbitol, jojoba oil, parfum, polyoxyethylene sorbitan monolaurate (polysorbate 20).

Қол терісін тазарту үшін күн сайын қолдану керек. Сабынның аздаған мөлшерін қолыңызға жағыңыз, көпіртіңіз, сосын сумен шайыңыз.

Кей компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз