Старая версия сайта

Перейти
Be Loved

Кешенді әсер ететін аяққа арналған крем

Крем сіздің аяғыңыздың терісіне кешенді күтім көрсетеді. Өсімдіктердің және жоғары технологиялы компоненттердің арқасында жұмсартады және құнарландырады, шаршауды және ісінуді басады, бактериялар мен саңырауқұлақ ауруларынан сенімді қорғайды. Сүйел мен мүйізгектердің пайда болуының алдын алады, жарақаттардың тез жазылуына септігін тигізеді. 

100 мл-лік құты

Ресейде шығарылған

370 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Аяққа арналған қорғаныш пен құнарландыру.

  • Тиімділігі жоғары крем аяқ терісін қарқынды жұмсартады және құнарландырады.
  • Сүйелдер мен мүйізгектердің пайда болуының алдын алады.
  • Қабынуға қарсы әсер береді, жарақаттардың жазылуына септігін тигізеді.
  • Қарқында және ұзаққа созылатын теріні ылғалдандыру мен жұмсартуды қамтамасыз етеді.
  • Қабынуға және саңырауқұлаққа қарсы әсер береді, ал жалбыз аяқ терісін салқындатады және балғындық сыйлайды.
  • Аяқтағы ісіну мен шаршау сезімін басады. 

Кімдерге арналған?

  • Жеке күтім бағдарламасын іздеп жүргендерге. 
  • Ораманың стильді болғанын ұнататындарға. 
  • Косметиканың сапасы мен қауіпсіздігіне мән беретіндерге. 
  • Косметиканың әсері болғанын маңызды санайтындарға.
  • Бірден сіңеді.
  • Жабысқақ іздер қалдырмайды.
  • Қарқынды ылғалдандырады, қалыпқа кетіреді және терінің сыртқы түрін айтарлықтай жақсартады.
  • Терінің қорғаныс қасиеттерін арттырады. 

Құрамы: Demineralized water, lecithin, polyglyceryl-3 polyricinoleat, glycerin monostearate; cetyl alcohol, stearyl alcohol, diglycol stearate, peg-9 stearate, dipropelene glycol, polysorbate-20, peg-40 hydrogenated castor oil, hydroxypropyl guar, magnesium silicate, ethylhexil stearate, isopropil miristat, glycerin, calendula officinalis extract, sodium lactate and sodium pca and sorbitol and hydrolyzed collagen and proline, orbignya oleifera seed oil, butyrospermum parkii oil, mineral oil, lactic acid, triticum vulgare germ oil extract, lanolin, sorbitol (and) yeast extract, tocopherol, urea, citric acid and silver citrate, bisabolol, parfum, menthol.

Белсенді компоненттер

  • Жалбыз – қабынулардың пайда болуына жол бермейді, қызаруды кетіреді, аллергиялық реакциялардан қорғайды, теріні салқындатады және тыныштандырады.
  • Бисаболол – қабынуға, микробқа және саңырауқұлаққа қарсы әсер береді. Теріні тыныштандырады және жұмсартады, тегістейді. Белсенді заттардың сің қасиеттерін арттырады. Қызару және қабынулармен тиімді күреседі. Теріні зақымданулардан қорғайды, оның қалыпқа келу үрдістерін сақтайды және жақсартады.
  • Сүт қышқылы – керемет ылғалдандырады. Жансызданған жасушаларды қабыршықтандырады. Микробқа қарсы қасиеттерге ие. рН деңгейін реттейді.
  • Drieline®(Дрилайн) – теріні тереңнен  қайта құрылымдауға арналған ингредиент. Жергілікті иммунитетті нығайтады, жасушалардың жаңаруын жақсартады, бұзылған коллагенді қалпына келтіреді. Микрозақымдануларды тез жазады.
  • Ланолин – айрықша күтім қасиеттері бар құнарландырушы элемент. Құрамында D витамині бар. Жансызданған жасушаларды қабыршықтандырады. Теріге тереңдеп еніп, ылғал шығынын айтарлықтай азайтады. Қарқынды жұмсартқыш әсер береді.
  • Бабассу майы – керемет ылғалдандырғыш. Трансэпидермальдық  су шығынының алдын алуға көмектеседі. Теріде жақсы таралып, тез сіңеді және ешқандай майлы із қалдырмайды. Теріні жұмсартады және оған сау, күтілген күй сыйлайды. Құрамында лаурин қышқылының мөлшері көп, бұл оған микробқа және бактерияларға қарсы қасиеттер береді.

Табиғи сығындылар, майлар мен дәрумендер:

  • Календула, бидай ұрықтарының сығындысы.
  • Ши (карите) майы.
  • Е дәрумені. 
  • Қол терісіне жеңіл уқалап жағыңыз. 
  • Жиі қолдануға болады.

Жеке компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн.

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз