Старая версия сайта

Перейти
Be Loved

Қолға жағатын кешенді әсер ететін крем

Нәзік крем сіздің қолдарыңыздың сұлулығына кешенді күтім жасайды. Табиғи өсімдік майлары және SesaFlash® кешені қолды қарқынды жұмсартып, құнарландырады. Лотос, ақгүл мен қарабидай сығындылары теріні әлдендіріп, нығайтады, қызару мен қабыршықтануды жояды. Крем майлы іздер қалдырмастан, бірден сіңіп кетеді. 

100 мл-лік құты

370 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Крем қол терісіне күнделікті күтім жасау үшін таптырмас өнім.

  • Теріні бірден ылғалмен қанықтырып, оның серпімділігін қалыпқа келтіреді.
  • Жұмсартқыш және құнарландырғыш әсер береді, алмасу процестерінің белсенділігін арттырады.
  • Теріні әлдендіріп, нығайтады, қызару мен қабыршықтануды жояды. 
  • Теріні жас күйінде сақтауға көмектеседі.

Кімдерге арналған?

  • Жеке күтім бағдарламасын іздеп жүргендерге. 
  • Ораманың стильді болғанын ұнататындарға. 
  • Косметиканың сапасы мен қауіпсіздігіне мән беретіндерге. 
  • Косметиканың әсері болғанын маңызды санайтындарға.
  • Бірден сіңеді.
  • Жабысқақ іздер қалдырмайды.
  • Қарқынды ылғалдандырады, қалыпқа келтіреді және терінің сыртқы түрін айтарлықтай жақсартады.
  • Терінің қорғаныш қасиеттерін арттырады. 

Құрамы: Demineralized water, isononyl isononanoate, methylene bis-benzotriazolyl teramethylbutylphenol, ethylhexyl methoxycinnamate hypericum perforatum extract, rosmarinus officinalis extract, green tea extract, lecithin, polyglyceryl-3 polyricinoleat, cetearyl alcohol & ceteayl glucoside, glycerin & acrylates copolymer & vp/polycarbamyl polyglycol ester & hydrolyzed sesame protein pg-propyl methylsilanediol, ethylhexil stearate, nelumbo nucifera gaertn extract, jasmine extract, rye extract, sodium lactate and sodium pca and sorbitol and hydrolyzed collagen and proline, hyaluronic acid, amygdalus dulcis oil, argania spinosa oil, santalum spicatum oil, retinol, citric acid and silver citrate, ascorbic acid, tocopherol, parfum.

Белсенді компоненттер

SesaFlash®(Сесафлэш) – теріні бірден жұмсартып, тегістейді, айқын лифтинг әсер береді, жақсы ылғалдандырады.

Гиалурон қышқылы – ылғалға арналған табиғи магнит. Оның бір молекуласы теріде өз мөлшерінен 100 есе артық су мөлшерін ұстап тұра алады. Терінің су балансын қалыпқа келтіреді, коллаген синтезін жақсартады.

Prodew®(Продью) – амин қышқылдарының негізіндегі өсімдік текті өнім. Адам терісінің табиғи ылғалдандыру кешеніне ұқсас келеді. Prodew® айрықша ылғалды сақтау қасиеттері терінің құрылымдық ақуыздарының түзілуін қамтамасыз етеді, бұл оның жас және сау қалпын сақтайды.

Арган майы – майдың ерекше қасиеттеріне оның 80 % қанықпаған май қышқылдарынан, оның ішінде 35 % алмастырылмайтын линол қышқылынан тұратыны себеп болып отыр. Оған қоса, ол теріні қартаюдан қорғайтын Е дәруменіне бай. Құрамында басқа ешбір майда кездеспейтін сирек стериндер бар. Арган майы теріні тыныштандырады және жұмсартады, ылғалдандырады, кебу мен тітіркенуден қорғайды, терінің серпімділігін жақсартады, әжімдерді жояды, көзге көрінетін зақымдануларды азайтады.

Табиғи сығындылар, майлар мен витаминдер:

  • лотос, ақгүл, қарабидай сығындысы.
  • тәтті бадамгүл, ши (карите) майы.
  • А, Е, С дәрумендері. 

Қолдану тәсілі

  • Қол терісіне жеңіл уқалап жағыңыз. 
  • Жиі қолдануға болады.
Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз