Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Be Loved

Лифтинг әсері бар сарысу

Барлық тері түрлеріне арналған

Алдыңыздағы қартаюға қарсы теңдессіз өнім – жәй ғана сарысу емес. A.G.E.-matrix (Active Growth of Elastin) сұлулық матрицасының инновациялық формуласы жасуша деңгейінде жасару процесін жүргізеді, әжімдердің пайда болу себебін жояды және оларды ішінен ығыстырып шығарады. Ашық гүлдер мен жемістердің хош иісі бар текстура теріні түрлендіріп, жасушалардың тереңнен жаңаруы мен қалыпқа келуін қамтамасыз етеді. Сарысу тіпті терең әжімдердің өзін жояды және бет терісін едәуір тегістейді. Тері барынша серпімді, тегіс және нәзік күйге енеді. 

30 ml 1 fl.oz

Ресейде шығарылған

1250 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Теріні жасартады, ылғалдандырады және жұмсартады, оған әлдеқайда сау және балғын түр сыйлайды. Әжімдерді айтарлықтай азайтады, теріні тегістейді және тығыздығын арттырады, айқын лифтинг әсерін береді. Теріні жасарту әсеріне ие. 

Кімдерге арналған?

  • Жеке күтім бағдарламасын іздеп жүргендерге. 
  • Ораманың стильді болғанын ұнататындарға. 
  • Косметиканың сапасы мен қауіпсіздігіне мән беретіндерге. 
  • Косметиканың әсері болғанын маңызды санайтындарға.

Тиімділігі дәлелденген*

  • Ұсақ әжімдер жойылған, тереңдері – көзге байқалмайды - 82%
  • Тері әлдеқайда жұмсақ және тартымды - 91%
  • Тері жас және балғын - 78%

*Екі апта ішінде 40-тан 50 жасқа дейінгі 25 әйел адам қатысқан ерікті тестілеу нәтижелері бойынша

  • A.G.E.-matrix (ревератрол, теңіз коллагені, церамидтер) – қартаюға қарсы күшті кешен әжімдердің пайда болу себептерімен күреседі. Белсенді ақуыз әжімдерді ішінен итеріп шығарып, коллаген және эластин талшықтарының құрылымын қалыпқа келтіреді, жүзім сабағынан жасалған ресвератрол антиоксиданты УК-сәулеленуден қорғайды, ал табиғи церамидтер теріні ылғалдандырып, ылғал шығынына жол бермейді.
  • CellCode®57 жасуша құрылымдаушысы (21 амин қышқылы, 19 дәрумен, 8 минералды тұз, 6 нуклеотид және 3 көмірсутек) – жасушаның саулығына арналған 57 элемент. Ресей ғалымдарының эксклюзивті өнімі терідегі бұзылған процестерді қалпына келтіреді, жаңа сау жасушалардың өсуін жеделдетеді, әрі ұзақ мерзімді қалпына келу және жасару бағдарламасын қамтамасыз етеді. Белсенді ингредиенттерді эпидермистің терең қабаттарына жеткізе отырып, теріге барынша жақсы сіңеді. 

Белсенді компоненттер: СellСode®57, A.G.E.-matrix, жүзім сүйектерінің майы, бидай фитопротеиндері, сығындылар: спилантес, флорентий жыланқияғы, коньяк-маннан, бадам, қант құрағы; Е дәрумені.

Құрамы: WATER, CELLCODE®57, A.G.E.-MATRIX (RESVERATROL (AND) HYDROLYZED COLLAGEN (AND) CERAMIDES), ISONONYL ISONONANOATE, ETHYLHEXYL STEARATE, SODIUM HYALURONATE, CAPRYLYL METHICONE, GLYCEROL, VITIS VINIFERA (GRAPE) SEED OIL, HYDROLYZED WHEAT PROTEIN, POLYSORBATE 60, CYCLOPENTASILOXANE, SILICA (AND) TITANIUM DIOXIDE (AND) IRONOXIDE, BORON NITRIDE, TOCOPHEROL, SÁCCHARUM OFFICINÁRUM EXTRACT, SPILANTHES EXTRACT, IRIS FLORENTINA EXTRACT, AMORPHOPHALLUS KONJAC ROOT EXTRACT, PRUNUS EXTRACT, SILVER CITRATE, FRAGRANCE.

Қолдану тәсілі

  • Көз маңына жақындатпай, алдын ала тазартылған бет терісіне жағыңыз. Жеңіл уқалау арқылы жан-жаққа жайыңыз.
  • Сарысуды күндізгі немесе түнгі креммен бірге, не болмаса дербес өнім ретінде қолдануға болады. 

Кей компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн.

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз