Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Be Loved

Теріні ультратегістегіш маска

Майлануға бейім, күрделі теріге арналған

Бұл маска Францияда ғана емес, тұтас Еуропа бойынша ең экологиялық таза аймақ деп саналатын, ерекше қорғалатын Бретань солтүстік жағалауындағы теңіздің түбінен алынатын француздың айрықша жасыл сазына негізделіп жасалған. Мың жылдықтар бойы бұл саз бойына теңіз суындағы микроэлементтер мен минералдарды жинап алып, енді оны сіздің теріңізге сыйлауға дайын. Сонымен қатар, жасыл саз күшті адсорбент болып табылады, ол ласты өте оңай тартып шығарады. Масканы жаққан соң ол дене температурасының әсерінен үлпілдеген көпіршіктерге айналады да, терінің үстінде біртіндеп еріп, оны тегістеп, балғын етеді. Ал өсімдік сығындылары мен табиғи майлар кешені тереңнен тазартылған теріні күтіп, қоректендіріп, тыныштандырып, кеуіп кетуден қорғайды. 

50 ml 1,7 fl.oz

Ресейде шығарылған

530 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Францияның жасыл сазының негізінде жасалған сергіткіш маска теріні тегістеп, май бездерінің жұмысын тұрақтандырады, әрі май бездерінің секрециясының төмендеуіне ықпал етеді. Сондай-ақ ол тітіркенуді басады, бактерияларға және қабынуларға қарсы әрекет ететін қасиеті бар. Терідегі майда тесіктерді тарылтады. 

Кімдерге арналған?

  • Жеке күтім бағдарламасын іздеп жүргендерге. 
  • Ораманың стильді болғанын ұнататындарға. 
  • Косметиканың сапасы мен қауіпсіздігіне мән беретіндерге. 
  • Косметиканың әсері болғанын маңызды санайтындарға.

Тиімділігі дәлелденген*

  • Бірінші қолданғаннан кейін-ақ бет терісі тегіс әрі балғын болады – 100%
  • Терідегі ұсақ тесіктер тарылады – 78 %

* 20 мен 40 жас аралығындағы 18 әйел қатысқан ерікті екі апталық тестілеудің нәтижелері бойынша. 

CellCode®57 жасуша құрылымдаушысы (21 амин қышқылы, 19 дәрумен, 8 минералды тұз, 6 нуклеотид және 3 көмірсутек) – жасушаның саулығына арналған 57 элемент. Ресей ғалымдарының эксклюзивті өнімі терідегі бұзылған процестерді қалпына келтіреді, жаңа сау жасушалардың өсуін жеделдетеді, әрі ұзақ мерзімді қалпына келу және жасару бағдарламасын қамтамасыз етеді. Белсенді ингредиенттерді эпидермистің терең қабаттарына жеткізе отырып, теріге барынша жақсы сіңеді. 

Белсенді компоненттер: CellCode®57, монтмориллонит (француздық жасыл саз), броменлайн, сығындылар: сәлбен, райхан, гамамелис, мия, талдың қабығы, аюқұлақ, қияр, торғайшөп, сабыншөп; майлар: лаванда, шай ағашы, нероли.

Құрамы: WATER, CELLCODE®57, CETEARYL ALCOHOL (AND) CETEARYL GLUCOSIDE, MONTMORILLONITE, KAOLIN, GLYCEROL, DECYL GLUCOSIDE, CYCLOPENTASILOXANE, BROMELAIN, HECTORITE AND HYDROXY ETHYL CELLULOSE, MENTHYL LACTATE, PEG-40 HYDROGENATED CASTOR OIL, TOCOPHEROL, SALVIA OFFICINALIS LEAF EXTRACT, OCIMUM BASILICUM EXTRACT, EUTREMA JAPONICUM ROOT EXTRACT, HAMAMELIS VIRGINIANA (WITCH HAZEL) EXTRACT, GLYCYRRHÍZA GLÁBRA ROOT EXTRACT, SALIX ALBA BARK EXTRACT, ARCTOSTAPHYLOS UVA URSI LEAF EXTRACT, CUCUMIS SATIVUS FRUIT EXTRACT, LITHOSPERMUM OFFICINALE EXTRACT, SAPONARIA BARK EXTRACT, ZINC OXIDE, ASCORBYL GLUCOSIDE, LAVENDULA ANGUSTIFOLIA OIL, CITRUS AURANTIUM (NEROLI) OIL, XANTHAN GUM, SILVER CITRATE, TEA TREE OIL, ALLANTOIN, FRAGRANCE.

  • Алдын ала тазартылған құрғақ бет терісіне, көздің айналасына тигізбей жағыңыз. 
  • 15-20 минуттан соң масканы ылғал косметикалық жөкемен алып тастаңыз немесе жылы сумен жуып тастаңыз. 
  • Аптасына 1-2 рет қолданыңыз. 

Кей компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз