Старая версия сайта

Перейти
Be Loved

Көмір қосылған тазартқыш скраб-маска

Барлық тері түрлеріне арналған

Қуатты табиғи адсорбент негізіндегі көмір қара түсті айрықша маска теріні тереңнен тазартады, майлылық, қара дақтар және қабынулар сияқты тері кемшіліктерін жояды. Көмірде табиғи ағаштың емдік қасиеттері және теңдессіз формула бар, бұл терідегі алмасу үрдістерін ретке келтіреді және оның майлылығын едәуір азайтады. Маска терең деңгейде әсер етеді және ұзаққа созылатын нәтижені қамтамасыз етеді, қабынуды азайтып және қара дақтарды жойып қана қоймай, сонымен бірге олардың алдағы уақытта пайда болуының алдын алады. Табиғи микробөлшектер жансызданған бөлшектерді жұмсақ және ұқыпты қабыршықтандырып, теріге жұмсақтық пен нәзіктік сыйлайды. Табиғи өсімдік сығындылары және жабайы манго майы ұқыпты күтімді қамтамасыз етеді және сіздің бет теріңізге сұлу, тегіс және балғын түр сыйлайды. 

50 ml 1,7 fl.oz

Ресейде шығарылған

530 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Мінсіз табиғи адсорбент – белсендірілген көмір негізіндегі тереңнен тазартатын маска-скраб жансызданған жасушалардың жеңіл қабыршықтануына және бет ерісінің тегістелуіне септігін тигізеді. Қара дақтарды тиімді жояды және кеуектерді тарылтады, қан айналымын жақсартады, белсенді компоненттердің тереңдеп енуіне жағдай жасайды. Бактерияға қарсы әсерге ие. Теріні белсенді құнарландырады, нәзік және жібектей күйге жеткізеді. 

Кімдерге арналған?

  • Жеке күтім бағдарламасын іздеп жүргендерге. 
  • Ораманың стильді болғанын ұнататындарға. 
  • Косметиканың сапасы мен қауіпсіздігіне мән беретіндерге. 
  • Косметиканың әсері болғанын маңызды санайтындарға.

Тиімділігі дәлелденген*

  • Кеуектер тарылған, қара дақтар азайған - 82%
  • Тері нәзік, тегіс және жібектей – 100%

* 25 пен 45 жас аралығындағы 20 әйел қатысқан ерікті екі апталық тестілеудің нәтижелері бойынша. 

CellCode®57 жасуша құрылымдаушысы (21 амин қышқылы, 19 витамин, 8 минералды тұздар, 6 нуклеотидтер және 3 көмірсутек) – жасушаның  саулығына арналған 57 элемент. Ресей ғалымдарының эксклюзивті өнімі теріндегі бүлінген үрдістерді қалпына келтіреді, жаңа сау жасушалардың өсуін жақсартады және қалпына келу және жасарудың ұзақ мерзімді бағдарламасын қамтамасыз етеді. Белсенді ингредиенттерді эпидермистің терең қабаттарына жеткізе отырып, теріге барынша жақсы сіңеді. 

Белсенді компоненттер: CellCode®57, белсендірілген көмір, бидай протеині, сығындылар: сұлы, амла, талдың қабығы, шисо, сапонария, түймедақ; жабайы манго майы.

Құрамы: WATER, CARBO ACTIVATUS, CELLCODE®57, KAOLIN, MANGIFERA INDICA SEED OIL, DECYL GLUCOSIDE, GLYCEROL, HECTORITE AND HYDROXY ETHYL CELLULOSE, AVENA SATIVA (OAT) EXTRACT, EMBLICA OFFICIALIS FRUIT EXTRACT, SALIX ALBA BARK EXTRACT, SHISO EXTRACT, SAPONARIA BARK EXTRACT, CHAMOMILLA RECUTITA FLOWER EXTRACT, HYDROLYZED WHEAT PROTEIN, XANTHAN GUM, SILVER CITRATE, FRAGRANCE.

  • Алдын ала тазартылған сулы бет терісіне, көздің айналасына тигізбей жағыңыз. 
  • Дөңгелетіп қозғалтып жайлап жағыңыз. 
  • Жылы сумен жуып тастаңыз. 
  • Аптасына 1-2 рет қолданыңыз. 

Жеке компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн.

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз