Старая версия сайта

Перейти
Be Loved

Лифтинг әсері бар теріні қалпына келтіргіш маска

Шаршаған теріге арналған

Қою да мақпалдай жұмсақ текстуралы маска теріні ішінен қалпына келтіріп, жаңартып, бірден айқын нәтиже береді. Теріні белсенді түрде құрылымдайтын A.G.E.-matrix (Active Growth of Elastin) матрицасы әжімдердің пайда болу себебін жойып, жас ұлғая келе шығатын өзгерістерді өшіреді. Гидролизденген теңіз коллагені коллаген және эластин талшықтарының құрылымын қалпына келтіріп, әжімдерді ішінен итеріп шығады деуге де болады. Матрицаның құрамындағы жүзім сабағының өзегінен алынған табиғи антиоксидант – ресвератрол бос радикалдардан күшті қорғайды. Теріге жақын табиғи компоненттер – церамидтер терінің табиғи қорғанышы мен гидробаланстың дәл болуын қамтамасыз етеді. Нәтижесінде жасушалар өзінің жастық потенциалын іске қосып, әжімдерді тегістеп, теріні жұмсақ әрі иілгіш етеді. 

50 ml 1,7 fl.oz

Ресейде шығарылған

530 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Қайта қалпына келтіргіш әрекеті күшті. Теріні белсенді түрде қоректендіріп, оның тығыздығы мен созылғыштығын арттырады. Айқын бейнеленген лифтинг әсері бар. Коллагеннің өндірілуіне ықпал етеді. Терінің гидролипидтік қабатын ылғалдандырып, қалпына келтіруге көмектеседі. Теріні жұмсартып, жылтыратады. 

Кімдерге арналған?

  • Жеке күтім бағдарламасын іздеп жүргендерге. 
  • Ораманың стильді болғанын ұнататындарға. 
  • Косметиканың сапасы мен қауіпсіздігіне мән беретіндерге. 
  • Косметиканың әсері болғанын маңызды санайтындарға.

Тиімділігі дәлелденген*

  • Тері иілгіш әрі жинақы  – 75%
  • Теріні әп сәтте ылғалдандырып, сыртқы келбетін жақсартады – 100%
  • Әжімдер онша байқалмайды – 64%

* 35 мен 45 жас аралығындағы 23 әйел қатысқан ерікті екі апталық тестілеудің нәтижелері бойынша. 

  • A.G.E.-matrix (ревератрол, теңіз коллагені, церамидтер) -  қуатты қартаюға қарсы кешен әжімдердің пайда болу себептерімен күреседі. Белсенді ақуыз әжімдерді ішінен итеріп шығарып, коллаген және эластин талшықтарының құрылымын қалыпқа келтіреді, жүзім сабағынан жасалған ресвератрол антиоксиданты УК-сәулеленуден қорғайды, ал табиғи церамидтер теріні ылғалдандырып, ылғалдың жоғалуына жол бермейді. 
  • CellCode®57 жасуша құрылымдаушысы (21 амин қышқылы, 19 витамин, 8 минералды тұздар, 6 нуклеотидтер және 3 көмірсутек) – жасушаның  саулығына арналған 57 элемент. Ресей ғалымдарының эксклюзивті өнімі теріндегі бүлінген үрдістерді қалпына келтіреді, жаңа сау жасушалардың өсуін жақсартады және қалпына келу және жасарудың ұзақ мерзімді бағдарламасын қамтамасыз етеді. Белсенді ингредиенттерді эпидермистің терең қабаттарына жеткізе отырып, теріге барынша жақсы сіңеді. 
  • Теңіз балдырларының сығындылары (спирулина Spirulina, кодиум Codium,  ирландиялық мүк Chrondus Chrispus) –  протеиндерден, витаминдер мен минералдардан тұратын табиғи өсімдіктер кешені. Теріні нығайтады, әрлендіреді және тартады. Терінің гидробалансын қалпына келтіреді және ылғал жоғалтуға жол бермейді. 

Белсенді компоненттер: CellCode®57, A.G.E.-matrix, теңіз балдырлары сығындылары (спирулина Spirulina, кодиум Codium, ирланд мүгі Chrondus Chrispus), хитозан, гиалурон қышқылы, майлар: ши, макадамия, қияршөп; сығындылар: тремелла, қара сұлы, азиялық центелла, физалис, емдік қасқыржем, алан; трегалоза, азиялық күріштің қауызы, сквален.

Құрамы: WATER, CELLCODE®57, A.G.E.-MATRIX (RESVERATROL (AND) HYDROLYZED COLLAGEN (AND) CERAMIDES), ETHYLHEXYL STEARATE, CETEARYL ALCOHOL (AND) CETEARYL GLUCOSIDE, BUTYROSPERMUM PARKII, CYCLOPENTASILOXANE (AND) CETEARYL DIMETHICONE/VINYL DIMETHICONE CROSSPOLYMER, GLYCEROL, SODIUM HYALURONATE, PANTHENOL, SQUALANE, MACADAMIA TERNIFOLIA SEED OIL, BORAGO OFFICINALIS SEED OIL, HYDROXYETHYL ACRYLATE/METHOXYETHYL ACRYLATE COPOLYMER (AND) SODIUM ACRYLATE/SODIUM ACRYLOYLDIMETHYL TAURATE COPOLYMER, CHITOSAN, BEESWAX, TOCOPHEROL, SPIRULINA EXTRACT, CROTON LECHLERI RESIN EXTRACT, CHONDRUS CRISPUS (CARRAGEENAN) EXTRACT, RICE BRAN EXTRACT, TREMELLA FUCIFORMIS EXTRACT, AVENA STRIGOSA (BLACK OATS) SEED EXTRACT, CENTELLA ASIATICA EXTRACT, PHYSALIS EXTRACT, ASPARAGUS OFFICINALIS EXTRACT, IMPERATA CYLINDRICA ROOT EXTRACT, DIPOTASSIUM GLYCYRRHIZINATE, ACACIA SENEGAL GUM AND XANTHAN GUM, TREHALOSE, BISABOLOL, SILVER CITRATE, ALLANTOIN, FRAGRANCE.

  • Алдын ала тазартылған құрғақ бет терісіне, көздің айналасына тигізбей жағыңыз. 
  • Жуып тастамаңыз. 15-20 минуттан соң масканы майлықпен сүртіп, алып тастаңыз. 

Жеке компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз