Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Be Loved

Тыныштандыратын антистресс-маска

Сезімтал, қабынған теріге арналған

Текстурасы қою әрі кілегейлі, ал иісі жеңіл әрі гүлді жұпармен аңқыған бұл маска сезімтал теріге нәзік күтім жасап, оны мақпалдай жұмсақ әрі мінсіз етеді. Гиалурон қышқылы жасушаның жастығын сақтауға көмектесіп, оған ылғал толтырады, ал алты бағалы майдан құралған кешен терінің тітіркеніп, қабынуын басып, ондағы микрозақымдарды жаза отырып, теріні қарқынды түрде қоректендіріп, қалпына келтіреді. 

50 ml 1,7 fl.oz

Ресейде шығарылған

530 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Терінің тітіркенуін басады, бактерияларға және қабынуға қарсы әрекет ететін қасиеті бар. Терідегі жаралардың көлемін кішірейтіп, жазылуын тездетеді, жаңа қабыну элементтерінің (акне) пайда болуына тосқауыл қояды. Теріні әп сәтте тыныштандырып, сыртқы келбетін жақсартады. Терінің қоршаған орта факторларымен күресетін қорғаныш жүйелерін іске қосады. 

Кімдерге арналған?

  • Жеке күтім бағдарламасын іздеп жүргендерге. 
  • Ораманың стильді болғанын ұнататындарға. 
  • Косметиканың сапасы мен қауіпсіздігіне мән беретіндерге. 
  • Косметиканың әсері болғанын маңызды санайтындарға.

Тиімділігі дәлелденген*

  • Терідегі қабынуларды азайтады, терінің сыртқы келбетін айтарлықтай жақсартады – 86%
  • Әп сәтте теріге жайлылық сыйлайды – 100%
  • Акненің тез жазылуына ықпал етіп, жаңа қабынулардың пайда болуына тосқауыл қояды – 75%

* 20 мен 35 жас аралығындағы 15 әйел қатысқан ерікті екі апталық тестілеудің нәтижелері бойынша. 

  • CellCode®57 жасуша құрылымдаушысы (21 амин қышқылы, 19 дәрумен, 8 минералды тұз, 6 нуклеотид және 3 көмірсутек) – жасушаның саулығына арналған 57 элемент. Ресей ғалымдарының эксклюзивті өнімі терідегі бұзылған процестерді қалпына келтіреді, жаңа сау жасушалардың өсуін жеделдетеді, әрі ұзақ мерзімді қалпына келу және жасару бағдарламасын қамтамасыз етеді. Белсенді ингредиенттерді эпидермистің терең қабаттарына жеткізе отырып, теріге барынша жақсы сіңеді. 

Белсенді компоненттер: CellCode®57, гиалурон қышқылы, майлар: ши, анар сүйектері, жүзім сүйектері, шырғанақ, өрік сүйектері, жожоба; сығындылар: құрақ, жолжелкен, түймедақ, қараот, жабайы манго, жалбыз жапырақтары, ақ омела, кигелия.

Құрамы: CELLCODE®57, GLYCERIN MONOSTEARATE, DIGLYCOL STEARATE, POLYSORBATE-20, PEG-40 HYDROGENATED CASTOR OIL, HYDROXYPROPYL GUAR, MAGNESIUM SILICATE, PUNICA GRANATUM SEED OIL, VITIS VINIFERA (GRAPE) SEED OIL, ISOPROPYL ISOSTEARATE, ETHYLHEXYL STEARATE, GLYCEROL, PRUNUS ARMENIACA (APRICOT) KERNEL OIL, SHEA BUTTER, COCO-CAPRYLATE/CAPRATE, PANTHENOL, SODIUM HYALURONATE, SIMMONDSIA CHINENSIS (JOJOBA ) SEED OIL, LANOLIN, TOCOPHEROL, KIGELIA AFRICANA FRUIT EXTRACT, PHRAGMITES COMMUNIS EXTRACT, PLANTAGO LANCEOLATA LEAF EXTRACT, CHAMOMILLA RECUTITA FLOWER EXTRACT, PORTULACA PILOSA EXTRACT, MANGIFERA INDICA LEAF EXTRACT, MENTHA PIPERITA LEAF EXTRACT, VISCUM ALBUM FRUIT EXTRACT, BEESWAX, HIPPOPHAE RHAMNOIDES OIL, SILVER CITRATE, BISABOLOL, FRAGRANCE.

  • Алдын ала тазартылған құрғақ бет терісіне, көздің айналасына тигізбей жағыңыз. 
  • 15-20 минуттан соң масканы ылғал косметикалық жөкемен алып тастаңыз немесе жылы сумен жуып тастаңыз. 
  • Аптасына 1-2 рет қолданыңыз. 

Кей компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз