Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Be Loved

Көздің айналасындағы теріге жағатын аква-флюид

Барлық тері түрлеріне арналған

Көздің айналасындағы теріге арналған аква-флюид жеңіл еритін текстураға ие, сондықтан да ол әп сәтте сіңіп, теріде майлы және жабысқақ іздер қалдырмайды. Аква-флюидтің хош иісінде өткір бергамот пен нәзік алманың, жазғы ақгүл мен сандал ағашының, иланг-иланг пен ванильдің жұпары ұтымды үйлесім тапқан. Қуатты үш еселік әсері бар A.S.T.-base (Aqua Source Technology) эксклюзивті ылғалдандырғыш кешеннің теріге пайдалы компоненттері тері құрылымына тереңдеп еніп, оны бірден ылғалға қанықтырады. Ал теңіз коллагені серпімділікті қалпына келтіреді және мимикалық әжімдерді жояды. Аква-флюидтің теңдессіз формуласы көз маңындағы нәзік теріге ұқыпты күтім жасайды, шаршау іздерін жояды және оны сергек, жарқыраған көзқарасқа түрлендіреді.

 

15 ml 0,5 fl.oz

Ресейде шығарылған

560 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Қуатты ылғалдандырғыш әсерге ие және ылғалдың трансдермальдық шығынына жол бермейді. Тері маңындағы нәзік теріні қоршаған ортаның жағымсыз әсерлерінен қорғайды. Нәтижесінде тері жарқыраған және тартымды күйге енеді, мимикалық әжімдер мен ісінулер жойылады. 

Кімдерге арналған?

  • Жеке күтім бағдарламасын іздеп жүргендерге. 
  • Ораманың стильді болғанын ұнататындарға. 
  • Косметиканың сапасы мен қауіпсіздігіне мән беретіндерге. 
  • Косметиканың әсері болғанын маңызды санайтындарға.
  • A.S.T.-base (L-PCA амин қышқылы, гиалурон қышқылы, гидролизделген эластин) – күшті табиғи компоненттер кешені терінің табиғи құрылымына тереңдеп еніп, қажетті ылғалдық деңгейін сақтайды. Компоненттер терінің гидролипидтік балансының қалыпқа келуін қамтамасыз етіп, бір-бірінің әсерін күшейтеді. 
  • CellCode®57 жасуша құрылымдаушысы (21 амин қышқылы, 19 дәрумен, 8 минералды тұз, 6 нуклеотид және 3 көмірсутек) – жасушаның саулығына арналған 57 элемент. Ресей ғалымдарының эксклюзивті өнімі терідегі бұзылған процестерді қалпына келтіреді, жаңа сау жасушалардың өсуін жеделдетеді, әрі ұзақ мерзімді қалпына келу және жасару бағдарламасын қамтамасыз етеді. Белсенді ингредиенттерді эпидермистің терең қабаттарына жеткізе отырып, теріге барынша жақсы сіңеді. 
  • Аса жеңіл еритін текстураға ие, бірден сіңеді.
  • Теріге ұзақ уақыт күтімді жасауды қамтамасыз етеді.
  • Мимикалық әжімдерді азайтады.
  • Ісіну мен көз астындағы дақтарды жояды. 

Белсенді компоненттер: Cell Code®57, A.S.T.-base, теңіз балдырлары сығындылары: спирулина, кодиум, ирланд мүгі; сығындылар: гамамелис, алоэ, каррагинан, қияр, шайқурай, қамқыржем; хитозан, теңіз коллагені, натрий альгинаты.

Құрамы: WATER, CELLCODE®57, A.S.T.-BASE (SODIUM PCA (AND) SODIUM HYALURONATE (AND) HYDROLYZED ELASTIN), POLYMETHYLSILSESQUIOXANE (AND) ISOHEXADECANE (AND) CETEARYL METHICONE, GLYCEROL, PANTHENOL, TOCOPHEROL, SPIRULINA EXTRACT, CROTON LECHLERI RESIN EXTRACT, CHONDRUS CRISPUS (CARRAGEENAN) EXTRACT, HYDROLYZED COLLAGEN, CARRAGEENAN, HAMAMELIS VIRGINIANA (WITCH HAZEL) EXTRACT, ALOE BARBADENSIS LEAF EXTRACT, CUCUMIS SATIVUS FRUIT EXTRACT, CHODRUS CRISPUS EXTRACT, ASPARAGUS OFFICINALIS EXTRACT, BORON NITRIDE, VINYL DIMETHICONE CROSSPOLYMER (AND) SILICA, AZULENE, CHITOSAN, ACRYLATES/C10-30 ALKYL ACRYLATE CROSSPOLYMER, SILVER CITRATE, ALLANTOIN, FRAGRANCE.

  • Гельді алдын ала тазартылған көз маңындағы теріге жеңіл ұрғылай отырып жағыңыз. Уқаламаңыз.
  • Күн сайын таңертең және кешке пайдаланыңыз (таңертең – көшеге шығардан 30 минут бұрын, кешке – ұйықтардан 2 сағат бұрын). 

Көзге арналған кремді дұрыс жағу жолы:

  1. Көзге арналған кремді қабақтың қозғалмалы бөлігіне кірмей, көз ойығының сүйегі бойымен жағу керек.
  2. Жоғарғы қабаққа крем кеңсіріктен самайға қарай, төменгіге – көздің сыртқы бұрышынан ішіне қарай жағылады.
  3. Алдымен көз ойығының сүйегі бойымен кішкене нүктелер түрінде жағыңыз, одан кейін теріні жеңіл баса отырып, сүйектен көзге қарай жылжу арқылы кремді теріге жайып жағыңыз.
  4. Қабаққа арналған кремді аты жоқ саусақпен және барынша ұқыпты, күш түсірмей және теріні тартпай жаққан дұрыс. 

Кей компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн.

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз