Старая версия сайта

Перейти
Be Loved

Регенерациялайтын крем

Барлық тері түрлеріне арналған. Anti-age күтім

Теріні жасарту мен жақсартуға арналған косметология саласындағы соңғы ғылыми жетістіктердің негізінде жасалған, қанық барқыт текстураға және гүлдердің хош иісіне ие қалпына келтіруші түнгі крем. A.G.E.-matrix (Active Growth of Elastin) эксклюзивті сұлулық пен жастық матрицасы жастық өзгерістермен белсенді күреседі. Теңіз коллагені қарқынды түрде коллагендік және эластиндік талшықтардың құрылымын қалыпқа келтіріп, әжімдерді ішінен ығыстырып шығарады және көзге көрінетін модельдеуші әсер береді. CellCode®57 теңдессіз белсенді заттар кешені сіздің теріңізді жасуша деңгейінде жаңартады, сау жасушалардың дамуы мен өсуін жақсартады. Ал табиғи компоненттер мен бағалы майлар теріні ылғалмен қанықтырады және жасушаларды қажетті микроэлементтермен құнарландырады. Өз теріңізге шынайы айрықша күтім сыйлаңыз да, қалай түрленгеніне куә болыңыз.

50 ml 1,7 fl.oz

Ресейде шығарылған

1300 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Егде жастағы теріге арналған жасартатын тиімді крем әжімдерді азайтады және терінің жұмсақтығын арттырады. Еркін радикалдардың әсерінен қорғайды. Теріні жұмсартады және оның ылғал сақтау қасиеттерін күшейтеді. 

Кімдерге арналған?

  • Жеке күтім бағдарламасын іздеп жүргендерге. 
  • Ораманың стильді болғанын ұнататындарға. 
  • Косметиканың сапасы мен қауіпсіздігіне мән беретіндерге. 
  • Косметиканың әсері болғанын маңызды санайтындарға.
  • CellCode®57 жасуша құрылымдаушысы (21 амин қышқылы, 19 витамин, 8 минералды тұздар, 6 нуклеотидтер және 3 көмірсутек) – жасушаның  саулығына арналған 57 элемент. Ресей ғалымдарының эксклюзивті өнімі теріндегі бүлінген үрдістерді қалпына келтіреді, жаңа сау жасушалардың өсуін жақсартады және қалпына келу және жасарудың ұзақ мерзімді бағдарламасын қамтамасыз етеді. Белсенді ингредиенттерді эпидермистің терең қабаттарына жеткізе отырып, теріге барынша жақсы сіңеді. 
  • A.G.E.-matrix (ревератрол, теңіз коллагені, церамидтер) -  қуатты қартаюға қарсы кешен әжімдердің пайда болу себептерімен күреседі. Белсенді ақуыз әжімдерді ішінен итеріп шығарып, коллаген және эластин талшықтарының құрылымын қалыпқа келтіреді, жүзім сабағынан жасалған ресвератрол антиоксиданты УК-сәулеленуден қорғайды, ал табиғи церамидтер теріні ылғалдандырып, ылғалдың жоғалуына жол бермейді.
  • Теріні қарқынды құнарландыру және қалпына келтіру.
  • Гүлдердің қанық хош иісі бар. 

Белсенді компоненттер: CellCode®57, A.G.E.-matrix, гиалурон қышқылы, коэнзим Q10, гидролизденген эластин, трегалоза, майлар: анар, авокадо, ши, шырғанақ; бидай фитопротеидері, сығындылар: спилантес, жолжелкен, физалисі; сквален, Е дәрумені.

Құрамы: WATER, CELLCODE®57, A.G.E.-MATRIX (RESVERATROL (AND) HYDROLYZED COLLAGEN (AND) CERAMIDES), ARACHIDYL ALCOHOL (AND) BEHENYL ALCOHOL (AND) ARACHIDYL GLUCOSIDE, GLYCEROL, SODIUM HYALURONATE, HYDROLYZED WHEAT PROTEIN, UBIQUINONE, SQUALANE, ISONONYL ISONONANOATE, ETHYLHEXYL STEARATE, ISOSTEARYL ISOSTEARATE (AND) POTASSIUM CETYL PHOSPHATE (AND) CETYL STEARATE (AND) STEARIC ACID, AMORPHOPHALLUS KONJAC ROOT EXTRACT, PERSEA GRATISSIMA (AVOCADO) OIL, BUTYROSPERMUM PARKII, HYDROLYZED ELASTIN, CYCLOPENTASILOXANE (AND) DIMETHICONE CROSSPOLYMER, HYDROXYETHYL ACRYLATE/METHOXYETHYL ACRYLATE COPOLYMER (AND) SODIUM ACRYLATE/SODIUM ACRYLOYLDIMETHYL TAURATE COPOLYMER, PUNICA GRANATUM SEED OIL, TOCOPHEROL, PLANTAGO LANCEOLATA LEAF EXTRACT, SPILANTHES EXTRACT, PHYSALIS EXTRACT, BORON NITRIDE, TREHALOSE, HIPPOPHAE RHAMNOIDES OIL, SILVER CITRATE, ALLANTOIN, FRAGRANCE.

  • Ұйықтаудан 2 сағат бұрын, көз маңына жақындатпай, бет пен мойынның алдын ала тазартылған терісіне жағыңыз.
  • Жеңіл уқалау арқылы жайыңыз. 

Кремді массаждық сызықтар бойынша қалай жағады?

Массаждық сызықтар коллаген талшықтарының және лимфа жүйесінің орналасуымен сәйкес келеді, терінің ең аз тартылатын бөліктері бойымен өтеді, сондықтан да кремді жағу кезінде барынша жақсы әсерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Кремді жағу бағыты

  • Маңдай – ортасынан самайға қарай.
  • Мұрын – қапталымен төмен қарай және ұшынан кеңсірікке қарай.
  • Иек – ортасынан төменгі жақтың шығыңқы бөлігі бойымен құлақтың сырғалығына қарай.
  • Жақ – ауыз бұрыштарынан құлақ жарғағының ортасына қарай, мұрын шеттерінен самайға қарай.
  • Мойын – өнімді кезекпен оң және сол жаққа жағыңыз, алақанмен кремді төменнен жоғарыға, иекке қарай, қалқанша безіне тигізбей жағыңыз. Мойынның артқы бөлігіне крем  жоғарыдан төмен, жауырынға қарай. 

Жеке компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн.

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз