Жаңа интернет-дүкен ұнады ма?

Пікір қалдыру Ескі нұсқа
Be Loved

Қарқынды құнарландырғыш крем

Барлық тері түрлеріне арналған

Қаныққан текстурасы және жазғы гүлдердің керемет хош иісі бар түнгі құнарландырғыш крем сіз ұйықтап жатқанда теріні қарқынды қалпына келтіреді. Оның негізінде құрамы мен тиімділігі жағынан айрықша теңіз балдырларының кешені бар, бұл кешен мұхит тұңғиығынан алынған микроэлементтерге бай. Түнде тері белсенді заттардың әсерін тез қабылдағыш күйге енеді, арнайы липидтік негізінің арқасында олар терең қабаттарға жеңіл енеді және жасуша деңгейінде әсер етеді, жасушалардың жаңаруына және сау жасушалардың дамуына септігін тигізеді. Ши, бадамгүл мен жабайы мангоның табиғи майлары күні бойы шаршаған теріні тереңнен құнарландырып, қартаюдың алғашқы белгілерін жояды және оған өмірлік қуат береді. 

50 ml 1,7 fl.oz

Ресейде шығарылған

1050 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Теріні қарқынды құнарландырады және нығайтады. Оның жаңару белсенділігін арттырады және тереңнен қалыпқа келтіреді. Терінің сау жасушаларының дамуын жеделдетеді және қартаюдың бастапқы белгілерімен күресуге көмектеседі. 

Кімдерге арналған?

  • Жеке күтім бағдарламасын іздеп жүргендерге. 
  • Ораманың стильді болғанын ұнататындарға. 
  • Косметиканың сапасы мен қауіпсіздігіне мән беретіндерге. 
  • Косметиканың әсері болғанын маңызды санайтындарға.
  • CellCode®57 жасуша құрылымдаушысы (21 амин қышқылы, 19 витамин, 8 минералды тұздар, 6 нуклеотидтер және 3 көмірсутек) – жасушаның  саулығына арналған 57 элемент. Ресей ғалымдарының эксклюзивті өнімі теріндегі бүлінген үрдістерді қалпына келтіреді, жаңа сау жасушалардың өсуін жақсартады және қалпына келу және жасарудың ұзақ мерзімді бағдарламасын қамтамасыз етеді. Белсенді ингредиенттерді эпидермистің терең қабаттарына жеткізе отырып, теріге барынша жақсы сіңеді. 
  • Теңіз балдырларының сығындылары (спирулина Spirulina, кодиум Codium,  ирландиялық мүк Chrondus Chrispus) –  протеиндерден, витаминдер мен минералдардан тұратын табиғи өсімдіктер кешені. Теріні нығайтады, әрлендіреді және тартады. Терінің гидробалансын қалпына келтіреді және ылғал жоғалтуға жол бермейді. 
  • Қарқынды жаңаруды және жасуша деңгейінде терінің қалыпқа келуін жақсартады.
  • Теңіз балдырлары сығындыларының кешені терінің қажетті микроэлементтермен және витаминдермен құнарлануын қамтамасыз етеді.
  • Қартаюдың алғашқы белгілерінің пайда болуын баяулатуға көмектеседі. 

Белсенді компоненттер: CellCode®57, гиалурон қышқылы, теңіз балдырлары сығындылары (спирулина Spirulina, кодиум Codium, ирланд мүгі, Chrondus Chrispus), сығындылар: мыңжапырақ, қызылкүрең, жолжелкен, талдың қабығы, түймедақ, ақ омела; ши, бадам, жожоба, жабайы манго майлары; Е дәрумені.

Құрамы: WATER, CELLCODE®57, PANTHENOL, SODIUM HYALURONATE, OCTYLDODECANOL AND OCTYDODECYL XYLOSIDE AND PEG-30 DIPOLYHYDROXYSTEARATE, ISONONYL ISONONANOATE, GLYCEROL, BUTYROSPERMUM PARKII, PRUNUS AMYGDALUS DULCIS (SWEET ALMOND) OIL, MANGIFERA INDICA SEED OIL, SIMMONDSIA CHINENSIS (JOJOBA ) SEED OIL, TOCOPHEROL, SPIRULINA EXTRACT, CROTON LECHLERI RESIN EXTRACT, CHONDRUS CRISPUS (CARRAGEENAN) EXTRACT, ACHILLEA MILLEFOLIUM EXTRACT, ECHINACEA PURPUREA EXTRACT, PLANTAGO LANCEOLATA LEAF EXTRACT, SALIX ALBA BARK EXTRACT, VISCUM ALBUM FRUIT EXTRACT, CHAMOMILLA RECUTITA FLOWER EXTRACT, HYDROXYETHYL ACRYLATE/METHOXYETHYL ACRYLATE COPOLYMER (AND) SODIUM ACRYLATE/SODIUM ACRYLOYLDIMETHYL TAURATE COPOLYMER, AZULENE, SILVER CITRATE, FRAGRANCE.

  • Ұйықтаудан 2 сағат бұрын, көз маңына жақындатпай, бет пен мойынның алдын ала тазартылған терісіне жағыңыз.
  • Жеңіл уқалау арқылы жайыңыз. 

Кремді массаждық сызықтар бойынша қалай жағады?

Массаждық сызықтар коллаген талшықтарының және лимфа жүйесінің орналасуымен сәйкес келеді, терінің ең аз тартылатын бөліктері бойымен өтеді, сондықтан да кремді жағу кезінде барынша жақсы әсерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Кремді жағу бағыты

  • Маңдай – ортасынан самайға қарай.
  • Мұрын – қапталымен төмен қарай және ұшынан кеңсірікке қарай.
  • Иек – ортасынан төменгі жақтың шығыңқы бөлігі бойымен құлақтың сырғалығына қарай.
  • Жақ – ауыз бұрыштарынан құлақ жарғағының ортасына қарай, мұрын шеттерінен самайға қарай.
  • Мойын – өнімді кезекпен оң және сол жаққа жағыңыз, алақанмен кремді төменнен жоғарыға, иекке қарай, қалқанша безіне тигізбей жағыңыз. Мойынның артқы бөлігіне крем  жоғарыдан төмен, жауырынға қарай. 

Жеке компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн.

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз