Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Be Loved

Ревитализациялайтын крем

Барлық тері түрлеріне арналған. Anti-age күтім

Ревитализациялайтын күндізгі крем – бұл жәй қартаюға қарсы өнім ғана емес, сонымен бірге сіздің теріңіздің саулығы мен жастығын жасуша деңгейінде қалпына келтірудің аса маңызды элементі. Эксклюзивті құнарландырғыш орта терінің жасушаларына айрықша физологиялық сәйкестігінің арқасында барынша тез сіңеді, сау жасушалардың дамуы мен жастықтың жандануы үшін теңдессіз жағдай қалыптастырады. A.S.T.-base қуатты кешені қарқынды ылғалдандыру мен тегістікті қамтамасыз етеді, ал A.G.E.-matrix белсенді құрылымдаушы кешені терінің жастық өзгерістерімен күреседі, әжімдердің пайда болу себептеріне әсер етеді. Кремнің нәзік текстурасы теріде еріп, оны нәзік гүл жұпарымен және абсолюттік жайлылық сезімімен қоршайды. 

50 ml 1,7 fl.oz

Ресейде шығарылған

1300 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Қарқынды жасартқыш крем A.S.T.-base эксклюзивті кешенінің көмегімен ылғалдану мен тері қорғанысын жақсартатын табиғи шекті қалпына келтіруге көмектеседі. Крем формуласы A.G.E.-matrix қуатты жасартқыш матрицасымен, қалпына келтіруші компоненттермен және қуатты антиоксиданттармен байытылған, олар теріні нығайтады, жарқыратады және жасартады. Терінің серпімділігі мен жұмсақтығын едәуір жақсартады, бет формасын тартады, әжімдерді жояды.

Кімдерге арналған?

  • Жеке күтім бағдарламасын іздеп жүргендерге. 
  • Ораманың стильді болғанын ұнататындарға. 
  • Косметиканың сапасы мен қауіпсіздігіне мән беретіндерге. 
  • Косметиканың әсері болғанын маңызды санайтындарға.
  • CellCode®57 жасуша құрылымдаушысы (21 амин қышқылы, 19 дәрумен, 8 минералды тұз, 6 нуклеотид және 3 көмірсутек) – жасушаның саулығына арналған 57 элемент. Ресей ғалымдарының эксклюзивті өнімі терідегі бұзылған процестерді қалпына келтіреді, жаңа сау жасушалардың өсуін жеделдетеді және терінің ұзақ мерзімді қайта қалпына келу және жасару бағдарламасын қамтамасыз етеді. Белсенді ингредиенттерді эпидермистің терең қабаттарына жеткізе отырып, теріге барынша жақсы сіңеді. 
  • A.S.T.-base (L-PCA амин қышқылы, гиалурон қышқылы, гидролизделген эластин) – қуатты табиғи компоненттер кешені терінің табиғи құрылымына тереңдеп еніп, қажетті ылғалдылық деңгейін сақтайды. Компоненттер терінің гидролипидтік балансының қалыпқа келуін қамтамасыз етіп, бір-бірінің әсерін күшейтеді. 
  • A.G.E.-matrix (ревератрол, теңіз коллагені, церамидтер) – қартаюға қарсы күшті кешен әжімдердің пайда болу себептерімен күреседі. Белсенді ақуыз әжімдерді ішінен итеріп шығарып, коллаген және эластин талшықтарының құрылымын қалыпқа келтіреді, жүзім сабағынан жасалған ресвератрол антиоксиданты УК-сәулеленуден қорғайды, ал табиғи церамидтер теріні ылғалдандырып, ылғалдың жоғалуына жол бермейді.
  • Жеңіл текстура тері бетінде еріп, бетте майлы қабат қалдырмайды. 

Белсенді компоненттер: CellCode®57, A.G.E.-matrix, A.S.T.-base, убихинон (коэнзим Q10), глюконоланктон, анар сүйектері мен өрік сүйектерінің майлары, сығындылар: күріш, алое-вера, коньяк маннан, үрмебұршақ, адамтамыр, азиялық центелла, спилантес, мия, салаубас, алан; сквален, Е дәрумені.

Құрамы: WATER, CELLCODE®57, A.G.E.-MATRIX (RESVERATROL (AND) HYDROLYZED COLLAGEN (AND) CERAMIDES), A.S.T.-BASE (SODIUM PCA (AND) SODIUM HYALURONATE (AND) HYDROLYZED ELASTIN), ARACHIDYL ALCOHOL (AND) BEHENYL ALCOHOL (AND) ARACHIDYL GLUCOSIDE, ISONONYL ISONONANOATE, ETHYLHEXYL STEARATE, GLYCEROL, GLUCONOLACTONE, AMORPHOPHALLUS KONJAC ROOT EXTRACT, SQUALANE, PUNICA GRANATUM SEED OIL, PRUNUS ARMENIACA (APRICOT) KERNEL OIL, UBIQUINONE, HYDROXYETHYL ACRYLATE/METHOXYETHYL ACRYLATE COPOLYMER (AND) SODIUM ACRYLATE/SODIUM ACRYLOYLDIMETHYL TAURATE COPOLYMER, CYCLOPENTASILOXANE (AND) DIMETHICONE CROSSPOLYME, GLYCYRRHIZA GLABRA ROOT EXTRACT, HELICHRYSUM EXTRACT, IMPERATA CYLINDRICA ROOT EXTRACT, RICE BRAN EXTRACT, ALOE BARBADENSIS LEAF EXTRACT, PHASEOLUS VULGARIS SPROUT EXTRACT, PANAX GINSENG ROOT EXTRACT, CENTELLA ASIATICA EXTRACT, SPILANTHES EXTRACT, TOCOPHEROL, BORON NITRIDE, ALLANTOIN, SILVER CITRATE, FRAGRANCE.

  • Тері маңына жақындатпай, алдын ала тазартылған бет пен мойын терісіне жағыңыз.
  • Жеңіл уқалау арқылы жан-жаққа жайыңыз.
  • Макияж негізі ретінде қолдануға болады (кремді макияжға дейін кем дегенде 15 минут бұрын және көше шығуға 30 минут қалғанда жағыңыз).​

Кремді массаж сызықтары бойынша қалай жағады?

Массаж сызықтары коллаген талшықтарының және лимфа жүйесінің орналасқан орындарымен сәйкес келіп, терінің ең аз тартылатын бөліктері бойымен өтеді, сондықтан да кремді жағу кезінде барынша жақсы әсерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Кремді жағу бағыты

  • Маңдай – ортасынан самайға қарай.
  • Мұрын – қапталымен төмен қарай және ұшынан кеңсірікке қарай.
  • Иек – ортасынан төменгі жақтың шығыңқы бөлігі бойымен құлақтың сырғалығына қарай.
  • Жақ – ауыз бұрыштарынан құлақ жарғағының ортасына қарай, мұрын шеттерінен самайға қарай.
  • Мойын – өнімді кезекпен оң және сол жаққа жағыңыз, алақанмен кремді төменнен жоғарыға, иекке қарай, қалқанша безіне тигізбей жағыңыз. Мойынның артқы бөлігіне кремді жоғарыдан төмен, жауырынға қарай жағарады.

Кей компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн.

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз