Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Be Loved

Аква-баланс кремі

Терінің барлық түрлеріне арналған

Жеңіл текстура және шөптің жұпар иісі бар нәзік крем теріде бірден еріп, оны ылғалмен құнарландырады және жастық пен сұлулықты жасуша деңгейінде қалыпқа келтіреді. A.S.T.-base (Aqua Source Technology) эксклюзивті кешенінде теріге пайдалы үш қуатты ылғалдандырғыш компонент бар – гиалурон қышқылы, эластин және L-PCA табиғи амин қышқылы, бұл компоненттер бір-бірін толықтырады және әсерлерін бірнеше есе күшейте түседі. Крем теріңіздің жеке ерекшеліктері мен түріне бейімделеді, оны түрлендіреді, ұзақ уақытқа созылатын жайлылықты қамтамасыз етеді. Жалбыз мұз кәмпитіне ұқсас әдемі құты бірде-бір бойжеткенді бейжай қалдырмасы анық! 

50 ml 1,7 fl.oz

Ресейде шығарылған

1050 ₽
850 ₽

Нәзік крем теріні тиімді және ұзаққа ылғалдандырады, серпімді, жібектей күйге келтіріп, тегістейді. Теріні сыртқы әсерлерден қорғайды, тітіркенудің алдын алады және қалпына келуіне септігін тигізеді. Кремді тұрақты қолдану теріні жұмсақ, серпімді етеді. 

Кімдерге арналған?

  • Жеке күтім бағдарламасын іздеп жүргендерге. 
  • Ораманың стильді болғанын ұнататындарға. 
  • Косметиканың сапасы мен қауіпсіздігіне мән беретіндерге. 
  • Косметиканың әсері болғанын маңызды санайтындарға.
  • A.S.T.-base (L-PCA амин қышқылы, гиалурон қышқылы, гидролизделген эластин) – қуатты табиғи компоненттер кешені терінің табиғи құрылымына тереңдеп еніп, қажетті ылғалдылық деңгейін сақтайды. Компоненттер терінің гидролипидтік балансының қалыпқа келуін қамтамасыз етіп, бір-бірінің әсерін күшейтеді. 
  • CellCode®57 жасуша құрылымдаушысы (21 амин қышқылы, 19 дәрумен, 8 минералды тұз, 6 нуклеотид және 3 көмірсутек) – жасушаның саулығына арналған 57 элемент. Ресей ғалымдарының эксклюзивті өнімі терідегі бұзылған процестерді қалпына келтіреді, жаңа сау жасушалардың өсуін жеделдетеді және терінің ұзақ мерзімді қайта қалпына келу және жасару бағдарламасын қамтамасыз етеді. Белсенді ингредиенттерді эпидермистің терең қабаттарына жеткізе отырып, теріге барынша жақсы сіңеді. 
  • Теңіз балдырларының сығындылары (спирулина Spirulina, кодиум Codium, ирланд мүгі Chrondus Chrispus) – протеиндерден, дәрумендер мен минералдардан тұратын табиғи өсімдіктер кешені. Теріні нығайтады, әлдендіреді және тартады. Терінің гидробалансын қалпына келтіреді және ылғал жоғалтуға жол бермейді. 
  • Ультражеңіл текстура теріге бірден сіңеді және бетте маска іздерін қалдырмайды.
  • Крем сіздің теріңіздің жеке ерекшеліктеріне қарай бейімделіп, оңтайлы әрі ұқыпты күтімді қамтамасыз етеді.
  • Шөптің жұпар хош иісі бар. 

Белсенді компоненттер: СellСode®57, A.S.T.-base, теңіз балдырлары сығындылары (спирулина Spirulina, кодиум Codium, ирланд мүгі Chrondus Chrispus), натрий гилуаронаты, сығындылар: торғайшөп, магнолия, сәлбен, гамамелис, адамтамыр, коньяк-маннан; нероли және жабайы манго майлары, ресвератрол, трегалоза, раффиноза, аллантоин, пантенол, Е дәрумені, сквален.

Құрамы: WATER, CELLCODE®57, ISONONYL ISONONANOATE, A.S.T.-BASE (SODIUM PCA (AND) SODIUM HYALURONATE (AND) HYDROLYZED ELASTIN), GLYCEROL, SODIUM HYALURONATE, RESVERATROL, CAPRYLYL METHICONE, PANTHENOL, SQUALANE, AMORPHOPHALLUS KONJAC ROOT EXTRACT, CYCLOPENTASILOXANE, CITRUS AURANTIUM (NEROLI) OIL, MANGIFERA INDICA SEED OIL, HYDROXYETHYL ACRYLATE/METHOXYETHYL ACRYLATE COPOLYMER (AND) SODIUM ACRYLATE/SODIUM ACRYLOYLDIMETHYL TAURATE COPOLYMER, TOCOPHEROL, SPIRULINA EXTRACT, CROTON LECHLERI RESIN EXTRACT, CHONDRUS CRISPUS (CARRAGEENAN) EXTRACT, LITHOSPERMUM OFFICINALE EXTRACT, MAGNOLIA OFFICINALIS BARK EXTRACT, SALVIA OFFICINALIS LEAF EXTRACT, HAMAMELIS VIRGINIANA (WITCH HAZEL) EXTRACT, PANAX GINSENG ROOT EXTRACT, TREHALOSE, RAFFINOSE, SILVER CITRATE, ALLANTOIN, FRAGRANCE.

  • Көздің айналасындағы тері маңына жақындатпай, алдын ала тазартылған бет пен мойын терісіне жағыңыз.
  • Жеңіл уқалау арқылы жан-жаққа жайыңыз.
  • Макияж негізі ретінде қолдануға болады (кремді макияжға дейін кем дегенде 15 минут бұрын және көше шығуға 30 минут қалғанда жағыңыз).

Кремді массаж сызықтары бойынша қалай жағады?

Массаж сызықтары коллаген талшықтарының және лимфа жүйесінің орналасқан орындарымен сәйкес келіп, терінің ең аз тартылатын бөліктері бойымен өтеді, сондықтан да кремді жағу кезінде барынша жақсы әсерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Кремді жағу бағыты

  • Маңдай – ортасынан самайға қарай.
  • Мұрын – қапталымен төмен қарай және ұшынан кеңсірікке қарай.
  • Иек – ортасынан төменгі жақтың шығыңқы бөлігі бойымен құлақтың сырғалығына қарай.
  • Жақ – ауыз бұрыштарынан құлақ жарғағының ортасына қарай, мұрын шеттерінен самайға қарай.
  • Мойын – өнімді кезекпен оң және сол жаққа жағыңыз, алақанмен кремді төменнен жоғарыға, иекке қарай, қалқанша безіне тигізбей жағыңыз. Мойынның артқы бөлігіне кремді жоғарыдан төмен, жауырынға қарай жағарады. 

Кей компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн.

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз