Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Be Loved

Беттегі қабыршақтарды тазартатын энзим-пилинг

Барлық тері түрлеріне арналған

Өзіңізге айрықша күтім сыйлаңыз! Энзимді пилинг тереңнен тазартып, жаңарту арқылы, бірінші қолданғаннан кейін-ақ теріні түрлендіріп жібереді. Сандал мен жұпар су иістері аңқитын жемістердің хош иісі сізге ләззат пен керемет көңіл күй сыйлайды. Бұл пилинг ананастан алынатын бромелайн өсімдік ферментіне негізделген, ол жансызданған бөлшектерді қабыршақтардан ұқыпты және нәзік тазартатыны сондай, оны тіпті өте сезімтал тері үшін де қолдануға болады. Оған қоса, ол жасуша деңгейіндегі регенерация процестерін жеделдететіндіктен, тері әлдеқайда тегістеліп, бет терісінің түсі балғын және сауыққан күйге енеді. 

75 ml 2,5 fl.oz

Ресейде шығарылған

530 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Жасуша деңгейіндегі тері регенерациясының табиғи процестерін жеделдетіп, теріні жұмсақ тазартады. Ұсақ әжімдерді жояды, терінің тығыздығы мен серпімділігін арттырады, тері тонын тегістейді. Тері сау, шырайлы және жібектей болады. 

Кімдерге арналған?

  • Жеке күтім бағдарламасын іздеп жүргендерге. 
  • Ораманың стильді болғанын ұнататындарға. 
  • Косметиканың сапасы мен қауіпсіздігіне мән беретіндерге. 
  • Косметиканың әсері болғанын маңызды санайтындарға.
  • Теріні зақымдамай, қабыршақтан жұмсақ тазалайды.
  • Сезімтал тері үшін де қолдануға болады.
  • Терінің сыртқы түрі мен бет түсін едәуір жақсартады. 

Белсенді компоненттер: бромелайн, сапонария сығындысы, тал қабығының сығындысы, шисо сығындысы.

Құрамы: WATER, DECYL GLUCOSIDE, GLYCEROL, SAPONARIA BARK EXTRACT, SALIX ALBA BARK EXTRACT, SHISO EXTRACT, BROMELAIN, HYDROXYETHYL ACRYLATE/METHOXYETHYL ACRYLATE COPOLYMER (AND) SODIUM ACRYLATE/SODIUM ACRYLOYLDIMETHYL TAURATE COPOLYMER, XANTHAN GUM, SILVER CITRATE, FRAGRANCE.

  • Көздің айналасына жақындатпай, алдын ала тазартылған құрғақ бет терісіне біркелкі қабатпен жағыңыз.
  • 10-15 минуттан кейін пилингті косметикалық сорғышпен кетіріңіз немесе сумен мұқият шайыңыз.
  • Аптасына 1-2 рет пайдаланыңыз. 

Кей компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн.

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз