Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Be Loved

Теріні белсенді түрде ылғалдандыруға арналған гидро-тоник

Барлық тері түрлеріне арналған

Гидро-тоник тазарту процедурасын ұқыпты аяқтайды және теріні сыртына ғана емес, ішіне де нәрлі ылғал толтырады. Теңіз балдырларының қуатты кешені жасушаны көптеген алмастырылмайтын микроэлементтермен қанықтырады, табиғи тіршілік күшін оятады және терінің жаңару белсенділігін арттырады. Нәтижесінде тері балғын, жұмсақ, әлдеқайда тегіс және нәзік күйге енеді. Оған қоса, тоникті тұрақты қолдану барысында басқа күтім құралдарының тиімділігі еселеп артады. 

200 ml 6,7 fl.oz

Ресейде шығарылған

630 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Теріге күтім беретін тоник теріні ылғалдандырып және оған балғындық сезімін сыйлай отырып, бетті тазарту кезеңін толықтыра түседі. Ол айрықша тыныштандырғыш, нығайтқыш және қалпына келтіргіш қасиеттерге ие, май бездерінің жұмысын қалыпқа келтіреді. 

Кімдерге арналған?

  • Жеке күтім бағдарламасын іздеп жүргендерге. 
  • Ораманың стильді болғанын ұнататындарға. 
  • Косметиканың сапасы мен қауіпсіздігіне мән беретіндерге. 
  • Косметиканың әсері болғанын маңызды санайтындарға.
  • Жасуша деңгейінде терінің гидробалансын қалыпқа келтіруге септігін тигізеді.
  • Теңіз балдырлары сығындыларының кешені теріні алмастырылмайтын микроэлементтермен қанықтырады.
  • Раушан гидролаты теріні жұмсартады, оған жұмсақтық пен жібектей нәзік түр сыйлайды. 

Теңіз балдырларының сығындылары (спирулина Spirulina, кодиум Codium, ирланд мүгі Chrondus Chrispus) – протеиндерден, дәрумендер мен минералдардан тұратын табиғи өсімдіктер кешені. Теріні нығайтады, әрлендіреді және тартады. Терінің гидробалансын қалпына келтіреді және ылғал жоғалтуға жол бермейді. 

Белсенді компоненттер: теңіз балдырлары сығындылары (спирулина Spirulina, кодиум Codium, ирланд мүгі Chrondus Chrispus), хитозан, теңіз коллагені, сығындылар: алан, бамбук, қасқыржем; макадамия майы, трегалоза, раушан гидролаты.

Құрамы: WATER, ROSA DAMASCENA FLOWER EXTRACT, SODIUM HYALURONATE, PANTHENOL, GLYCEROL, IMPERATA CYLINDRICA ROOT EXTRACT, BAMBUSA VULGARIS EXTRACT, ASPARAGUS OFFICINALIS EXTRACT, DIPOTASSIUM GLYCYRRHIZINATE, SODIUM PCA, SPIRULINA EXTRACT, CROTON LECHLERI RESIN EXTRACT, CHONDRUS CRISPUS (CARRAGEENAN) EXTRACT, HYDROLYZED COLLAGEN, PEG-40 HYDROGENATED CASTOR OIL, CHITOSAN, TREHALOSE, MACADAMIA TERNIFOLIA SEED OIL, SILVER CITRATE.

  • Мақта дискіне кішкене тоник құйыңыз. 
  • Алдын ала тазартылған бет пен мойын терісін жайлап сүртіп шығыңыз. 

Кей компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн.

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз