Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Be Loved

Демакияж-лосьон

Барлық тері түрлеріне арналған

Бұл лосьон тек макияжды оп-оңай жойып қана қоймай, сонымен бірге терінің қайта қалпына келуі мен қорғалуын қамтамасыз етеді. Лосьон айрықша қасиеттерге ие жабайы апельсин гүлдерінен жасалған нероль майына негізделген. Бұл май теріңізді оның түріне қарай бейімделе отырып, ылғалдандырып, тыныштандырады, сондай-ақ бет түсін жақсартады. Зәйтүн, аргана және жүзім дәндері табиғи майларының кешені тіпті қатты кеуіп, құрғаған және шаршаған терінің өзін құнарландырады және жайлылық сезімін сыйлайды. Ал тропикалық жемістер, жасмин, ваниль, апельсин гүлдері, өткір сандал мен терең бергамот сарындары үйлесім тапқан лосьонның хош иісі керемет ләззат сыйлайды, ол қарапайым жуыну процедурасын шынымен де ерекше және жағымды үрдіске айналдырады. 

200 ml 6,7 fl.oz

Ресейде шығарылған

530 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Бет терісін макияждан ұқыпты тазартады. Артық тері себумын жояды. Кепкен және тітіркенген теріні жеңілдетеді және қалыпқа келтіреді. Көздегі макияжды жоюға болады. 

Кімдерге арналған?

  • Жеке күтім бағдарламасын іздеп жүргендерге. 
  • Ораманың стильді болғанын ұнататындарға. 
  • Косметиканың сапасы мен қауіпсіздігіне мән беретіндерге. 
  • Косметиканың әсері болғанын маңызды санайтындарға.
  • Қосарлы әсер: теріні мұқият тазартып қана қоймай, сонымен бірге теңдессіз күтім береді.
  • Теріңіздің түріне қарай бейімделеді.
  • Кепкен және сезімтал теріге де қолдануға болады. 

Белсенді компоненттер: нероли және жүзім сүйектерінің майлары, арган және зәйтүн майлары, сығындылар: алан, қараот, шайшөп, қаражидек жапырақтары; бисаболол, А, Е дәрумендері.

Құрамы: WATER, ISOPROPYL ISOSTEARATE, OLEA EUROPAEA FRUIT OIL, VITIS VINIFERA (GRAPE) SEED OIL, TRIETHYLHEXANOIN, STEARETH-100 (AND) MANNAN (AND) XANTHAN GUM, GLYCEROL, ARGANIA SPINOSA KERNEL OIL, CITRUS AURANTIUM (NEROLI) OIL, TOCOPHEROL, IMPERATA CYLINDRICA ROOT EXTRACT, PORTULACA PILOSA EXTRACT, CAMELLIA SINENSIS (GREEN TEA) LEAF EXTRACT, VACCINIUM MYRTILLUS LEAF EXTRACT, SILVER CITRATE, BISABOLOL, FRAGRANCE, RETINOL ACETATE.

  • Лосьонның аз ғана мөлшерін мақта дискіне құйыңыз. 
  • Жайлап макияжды кетіріңіз. 
  • Сумен жуып тастаңыз. 

Кей компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн.

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз