Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Адаптогены

BioDrone

Гуминді кешен

BioDrone – ағзаны жасуша деңгейінде қорғап, қалпына келтіретін дәрумендер мен минералдардың көзі, гумин және фульв қышқылдарының бірегей қойылтылған кешені.

BioDrone – ағзаны белсенді өмірге бейімдеу әрі оның теңгерімін қалпына келтіру.

BioDrone – табиғат жаратқан нағыз табиғи өнім. Жер қойнауынан бастау алған күш-қуат.

Нетто массасы: 56 мл = әрқайсысы 2 мл-ден 28 монодоза

Бір рет пайдалану бағасы: 69,6 руб

Келесі өнімдер жинағына кіреді:
1950

BioDrone ағзаның төмендегідей басты процестерін іске қосады:

  • иммунитетті қайта қалпына келтіру;
  • күйзеліске қарсы тұру;
  • шаш пен тырнақтың, терінің күйін жақсарту, әжімдерді азайту;
  • қорғаныш қасиеттерін арттыру; 
  • климаттың күрт өзгеруіне, физикалық және психологиялық жүктемелерге бейімдеу; 
  • ағзадан токсиндер мен аллергендерді шығару; 
  • қышқылды-сілтілі тепе-теңдікті реттеп, тұрақтандыру;
  • асқазан-ішек жолының қызметін қалпына келтіру.

BIODRONE БЕЛСЕНДІ КОМПОНЕНТТЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІ

Гумин қышқылдары:

– иммундық жүйені күшейтеді,

– ағзаның жалпы ахуалының жақсаруына ықпал етеді,

– күйзеліс туғызатын гормондардың өндірілуін азайтады,

– мерзімінен бұрын қартаюды тоқтатады.

Фульв қышқылдары:
– жасуша мембраналарының өткізгіштік қасиетін арттырады,

– жасушаларға энергия жеткізеді,

– ағза жасушаларының арасында зат алмасуға септеседі, 

– жасушалардан шлактарды кетіреді,

– пайдалы микрофлораның дамуына ықпал етеді.

Кімдерге арналған?

  • Көп жұмыс атқаратын және шаршағыштықтан арылғысы келетіндерге.
  • Жиі саяхаттайтын және әртүрлі климат пен сағат белдеулеріне тез бейімделгісі келетіндерге.
  • Жүре тамақтанатын және ағзаға жетіспейтін пайдалы заттарды толықтырғысы келетіндерге.
  • Күйзеліске түскендіктен, азғасын қалпына келтіргісі келетіндерге.
  • Спортпен айналысып, көрсеткіштерін жақсартқысы келетіндерге.
  • Жиі ауыратындықтан, иммунитетін күшейткісі келетіндерге.
  • ББҚ әсерін күшейткісі келетін жандарға.
  • Технологиялар.
    Қатты денелер химиясы және механохимия институтымен (Ресей ғылым академиясының сібірлік бөлімі) тығыз серіктестікте біз гуминдік заттардың механоактивациясының арнайы технологиясын әзірлеп шығардық. Институт халықаралық GMP+ (Good Manufacturing Practice) стандартының талаптарына сәйкес келеді. Осындай активация технологиясының арқасында BioDrone өнімінің құрамындағы өнім қасиеттеріне жауап беретін және сол қасиеттерді күшейтетін функционалды-белсенді топтардың мөлшері он есе көп. Қатты денелер химиясы және механохимия институты желілік компаниялардың ішінде тек NL компаниясымен ғана серіктестік орнатқан!
  • Шикізат.
    Бірнеше шикізат түрінің сапасы мен сипаттамаларын зерттеу барысында Канск-Ачинск кен орнының Переясловск қимасының шикізатына тоқтау шешімі қабылданды. Шикізат пен ақырғы өнімнің әр партиясы зертханаларда сынақтан өткізіліп, сынақ хаттамаларымен расталады әрі белгіленген сапалық және сандық сипаттамаларға сәйкес келеді. 
  • Концентрация.
    BioDrone-ның құрамына бөгде сығындылар қосылмаған. Құрамындағы гумин және фульв қышқылдарының концентрациясы жоғары болғандықтан, бір монодоза бар болғаны 2 мл-ге сыйып кетеді.
  • Үнемділік.
    BioDrone өнімінің барлық артықшылықтарын (қышқылдар концентрациясы, құрамының тазалығы және орамасының ыңғайлылығы) ескермегеннің өзінде, оның 1 дозасы үнемділік тұрғысынан өте тиімді, яғни бір дозаның бағасы арзанырақ шығады немесе соған ұқсас өніммен пара-пар болады.
  • Қолайлы орама.
    Бір стақан суға 1 монодоза. BioDrone орамасын жұмысқа, саяхатқа өзіңмен бірге алып жүрген ыңғайлы.
  • Дәмі мен иісі бейтарап.

Гумин және фульв қышқылдарының кешені, натрий бензоаты (консервант).

BioDrone, гуминді кешен

Қолдану тәсілі: 1 монодозаны бөлме температурасындағы бір стақан суға немесе кез келген қышқыл емес сусынмен араластыру керек. Күніне бір монодозадан таңертең тамақ ішерден 30 минут бұрын немесе тамақ ішіп болған соң 2 сағаттан кейін ішу керек. Тамақ ішіп отырғанда немесе тәуліктің басқа уақытында ішсеңіз де, ешқандай жағымсыз әсері болмайды. 

Жылына қабылданатын курстар мөлшері бойынша еш шектеу жоқ, үздіксіз қабылдауға да болады.

BioDrone ББҚ әсерін күшейтеді, себебі гумин және фульв қышқылдары жасуша жарғақшаларының өткізгіштік қасиетін арттыратындықтан, жасушаларға қоректік заттар жеткізіледі, яғни Greenflash ББҚ-сы аса тиімді әрекет етеді. Бұл ББҚ-ны пайдалану тәсілі әдеттегіден ерекшеленбейді. 

Саңылаусыз қапталған тұтынушы ыдысында, күннің көзінен тасада, жылу көздерінен алшақ жерде 0 °C-тан +25 °C-қа дейінгі температурада сақтаңыз. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз! Ораманы ашқан соң екі ай ішінде қолдану керек. Жарамдылық мерзімі: шығарылған күнінен бастап 2 жыл. 

Жиі қойылатын сұрақтарға жауап

Сұрақ

Жауап

BioDrone деген не?

Бұл - ағзаны жасуша деңгейінде қорғап, қалпына келтіретін гумин және фульв қышқылдарының бірегей қойылтылған кешені, дәрумендер мен минералдардың көзі.

BioDrone-ды қолданғаннан қандай әсер, нәтиже болады?

BioDrone ағзадағы басты процестерді іске қосады:

  • иммунитетті қайта қалпына келтіру;
  • күйзеліске қарсы тұру;
  • шаш пен тырнақтың, терінің күйін жақсарту, әжімдерді азайту;
  • қорғаныш қасиеттерін арттыру; 
  • климаттың күрт өзгеруіне, физикалық және психологиялық жүктемелерге бейімдеу; 
  • ағзадан токсиндер мен аллергендерді шығару; 
  • қышқылды-сілтілі тепе-теңдікті реттеп, тұрақтандыру;
  • асқазан-ішек жолының қызметін қалпына келтіру.

Құрамында гумин қышқылдары бар, ол не және не үшін керек?

Гумин қышқылдары дегеніміз – органикалық қосылыстар, олар табиғи адаптогендер, яғни ағзаға сай бейімделіп, оны әртүрлі стрестерден (физикалық, термиялық, химиялық, эмоциялық және т.б.) қорғайтын заттар болып табылады.

Басты қасиеттері:

–иммундық жүйені күшейтеді,

– ағзаның жалпы ахуалының жақсаруына ықпал етеді,

– күйзеліс туғызатын гормондардың өндірілуін азайтады,

– мерзімінен бұрын қартаюды тоқтатады.

Құрамында фульв қышқылдары бар, ол не және не үшін керек?

Фульв қышқылы  аса күшті органикалық электролит, вирустарға қарсы әрекет ететін қасиеті бар әрі ол жасуша деңгейіндегі өсімдік және жануар текті жүйелердегі минералдардың хелатты қосылыстарын тасымалдаушы болып табылады.

Фульв қышқылы – суда еритін әлсіз майлы және хош иісті қышқылдардың биологиялық белсенді қоспасы. Аса күшті табиғи органикалық электролит болып табылатын фульв қышқылдары барша тірі табиғаттың энергиясы мен биологиялық қасиеттерін теңгерімге келтіре алады. Кез келген тірі жасушаның электрлік потенциалы фульв қышқылының әсерінен қайта құрылымданады, яғни ол сау әрі белсенді кейіпке келеді. 
Фульв қышқылы – ең күшті табиғи антиоксидант. Ол химиялық тұрғыда бос радикалдарды жаңа бейтарап қосылыстарға түрлендіре алады немесе оларды жасушадан сыртқа тасымалдап, қалдық ретінде жойып жібере алады.

Басты қасиеттері:

жасуша мембраналарының өткізгіштік қасиетін арттырады,

– жасушаларға энергия жеткізеді,

– ағза жасушаларының арасында зат алмасуға септеседі, 

– жасушалардан шлактарды кетіреді,

– пайдалы микрофлораның дамуына ықпал етеді.

Құрамында натрий бензоаты консерванты бар, ол қаншалықты қауіпсіз? Ол не үшін керек?

Натрий бензоатының консерванты қауіпсіз, ол ұзақ сақталатын өнімдердің барлық түрінде дерлік қолданылады. Сондай-ақ ол азық-түліктердегі ашытқы мен зең саңырауқұлақтарының белсенділігін басу үшін пайдаланылады.

BioDrone-ды дұрыс пайдалану тәсілі қандай?
Қалай араластыру керек?
Қай уақытта?
Тамаққа дейін бе әлде тамақтан кейін бе?
Курспен ішу керек пе?

Оп-оңай. 1 монодозаны бөлме температурасындағы бір стақан суға немесе кез келген қышқыл емес сусынмен араластыру керек. Күніне бір монодозадан ішу керек.

Бұл өнімді араластыруға бөтелкедегі суды, сүзгіден өткізілген суды немесе қайнаған суды пайдалануды ұсынамыз. Краннан алынған суды пайдаланбаңыз.

Кез келген уақытта пайдалана беруге болады.

Тамақтан бөлек пайдалануға кеңес береміз: тамаққа дейін 30 минут бұрын немесе тамақтан кейін 2 сағаттан соң. Қышқыл өнімдер мен С дәруменімен бірге ішуге болмайды.

Жылына белгілі бір курс мөлшерін сақтау бойынша шектеу жоқ, үздіксіз пайдалана беруге де болады.

Бұл өнімді кімдерге пайдаланған жөн?

  • Көп жұмыс атқаратын және шаршағыштықтан арылғысы келетіндерге.
  • Жиі саяхаттайтын және әртүрлі климат пен сағат белдеулеріне тез бейімделгісі келетіндерге.
  • Жүре тамақтанатын және ағзаға жетіспейтін пайдалы заттарды толықтырғысы келетіндерге.
  • Күйзеліске түскендіктен, азғасын қалпына келтіргісі келетіндерге.
  • Спортпен айналысып, көрсеткіштерін жақсартқысы келетіндерге.
  • Жиі ауыратындықтан, иммунитетін күшейткісі келетіндерге.
  • ББҚ әсерін күшейткісі келетін жандарға.

Қарсы көрсетімдері бар ма?

Құрамындағы жеке компоненттерді көтере алмау.

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз