Ел мен тілді таңдаңыз

NL спортты дамытуды қолдайды

Сондықтан біз  NL брендімен ауқымды әрі қызықты спорт жарыстарына қатысып, жеңіске жетуге дайын компания менеджерлері қатарындағы әуесқой спортшыларға арналған  NL Sport бағдарламасын  іске қосамыз! Барынша көп адамды оп-оңай ортаға тарту үшін, массалық жүгіру спорт жарыстарына басымдық беріліп, қолдау көрсетіледі.

Бизнесте ғана емес, спортта да табысты бол! NL сені және сенің командаңды қолдайды!

Кімдерге арналған?

Әуесқой спортпен айналысатын және әртүрлі спорт түрлері бойынша ресми ауқымды жарыстарға қатысатын, компанияның ағымдағы менеджерлері (келісімшарты белсенді менеджерлер) үшін ғана.

Бұл бағдарламаға қалай қатысуға болады?

Қысқаша сауалнаманы толтырып, қатысу жөнінде өтініш жіберіңіз. Егер жарыстың деңгейі бағдарламаға сай келіп, сіздің спортқа деген амбицияңыз ауыз толтырып айтарлықтай жоғары болса, NL компаниясы сізге серіктестік ұсынады. Компания қатысушылардың өтініштерін өзінің жеке критерийлері бойынша таңдап, таңдалмаған өтініштердің себебін түсіндірмеуге құқылы. Назар аударыңыз! Өтінішті қарау мерзімі – 7 күн! Егер осы уақыт аралығында сізге ешкім хабарласпаса, бұл сіздің өтінішіңіз қабылданбады дегенді білдіреді.

Өтініш жіберу

Қатысу пакеттері

NL individual sport
(бірінші маусым қатысушылары үшін)

Сізге көрсетілетін қолдау:

  • спорттық трикотаждан тігілген брендтелген футболка;
  • NL логотипі бар рюкзак;

NL team sport

Сізге және сіздің командаңызға көрсетілетін қолдау:

  • Арнайы командаңыз үшін ( 15 адамға дейін) NL Sport логотипі салынған мақта-маталы футболкалар ;
  • бір командаға NL (1x1,5 м)  жалауы;
  • NL логотипі салынған  рюкзактар;

Қандай спорттық шаралар талаптарға сай келеді?

  • Қатысушылар саны – кем дегенде 500 адам болуы керек.
  • Тұрғылықты халқының саны 500 мың адамнан кем болмайтын қала.
  • Өткізілетін шараның Instagram аккаунтындағы жазылушылар саны  мың адамнан төмен болмауы керек.

Басты шаралар:

Миллион тұрғыны бар қалалардағы жүгіру шаралары, триатлон жарыстары, «Гонка героев».

Жарыстың үлгілері:

  • Мәскеу марафоны;
  • Жүгіру;
  • А. Раевич атындағы Новосібір жартылай марафоны

Жарыстардан кейін не істеу керек?

Фотоесеп және арнайы хештегі бар әлеуметтік желілердегі жарияланымдардың сілтемелерін өткізесіз. NL логотипі анық көрінетін және қызықты сипаттамасы бар сапалы суреттер компанияның ресми аккаунттарында жариялануы мүмкін.

Жүлделі орын расталып, бағдарламаның барлық ережелері сақталған жағдайда, қатысушының жеке өзіне NL фирмалық өнімдерінің жиынтығы немесе оның ақшалай баламасы табыс етіледі. Ол үшін жарыстың ресми хаттамасы мен  өткізілген шараның ресми ресурстарында жарияланған посттардың сілтемесін беру керек.

Өтініш жіберу